Демонстрациялық қондырғыны сабақта қай кезде, қалай жинайды. Көрсетілетін тәжірибелер тиянақты түрде дайындалып, бірнеше рет құрастырылған соң, аспаптардың демонстрациялық столдағы орындарын белгілеп, содан соң қондырғының бөліктерін бір-бірінен ажыратып қояды. Қондырғыдағы аспаптар мен жабдықтарды демонстрациялық столдың тартпаларына, ал өлшемдері үлкендерін стол жанына орналастырады. Олай жасаудың қажеттілігі мынаған байланысты: а) алдын-ала жинап, құрастырылып қойылған қондырғыны (әсіресе, ол күрделі болса), оқушылар дұрыс қабылдамайды, керісінше, оның жинау, қосу процесін бақылап отырса жақсы қабылданады; б) екінші жағынан, алдын-ала, сабақтың басынан дайын тұрған қондырғы, оқушылардың назарын аударып, мұғалімнің түсіндірмесіне көңіл қойдырмайды.
Жалпы тәжірибелердің қай кезде көрсетілуі, өткізілетін сабақтың типіне, мақсатына және тақырыбына байланысты сабақ жоспарында дайындық кезінде белгіленеді. Өткізілген сабақтың нәтижелеріне байланысты, мұғалім тәжірибелердің көрсетілу реттілігін өзгертуіне болады.