Тақырып
|
Сабақтардың мазмұны
|
апта
|
Әдебиет беттері
|
1.
|
Ауаны санитарлық- гигиеналық зерттеу
|
Атмосфералық қысымды анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
|
|
4-7,12-22 (2)
|
2.
|
Ауаны санитарлық- гигиеналық зерттеу
|
ауа қозғалысын анықтау
ауада көмірқышқылының (көміртегі қостотығы) құрамын анықтау
ауада микробтар санын анықтау
|
|
22-26, 30-33, 33-35 (2)
|
3.
|
Су және топырақ гигиенасы
|
|
|
35-37, 37-41 (2)
|
4.
|
Спорттық ғимараттардың гигиеналық негіздері
|
Жарықты гигиеналық жағынан бағалау
Жылуды гигиеналық жағынан бағалау
Спорт залды санитарлық- гигиеналық жағынан зерттеу
|
|
62-70, 72-74, 74-77
(2)
|
5.
|
: Спортшының жеке бас гигиенасы
|
Спорт ғимараттардағы шудың алдын алу
Жауапты жарыстарға дайындық кезіндегі спортшының тәуліктік кестесі
Тері ауруларының алдын алу
|
|
117-121, 121-128 (1)
|
6.
|
: Спорттық киімдер мен аяқ киімдер гигиенасы
|
Спорттық киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар
Спорттық аяқ киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар
Спорттық киімдер мен аяқ киімдерді күту және пайдалану ережелері
|
|
143-147, 147-150,152-156 (1)
|
7.
|
Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері
|
Ақ уыздар
Майлар
Көмірсулар
Дәрумендер
|
|
86-90, 90-97(2)
|
8.
|
Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері
Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері
|
|
|
97-108,108-113, 113-116 (2)
|
9.
|
: Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері
|
Тамақтану кестесі
Жарыс кезінде және жарыстан соң тамақтану гигиенасы
|
|
120-122, 122-123 (2)
|
10.
|
: Балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері
|
Мектепте дене шынықтыру сабағы өтетін орындарында гигиеналық талаптар
Оқушылардың дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері
Мектеп оқушыларының тамақтану ерекшеліктері
|
|
124-126, 126-128 (2)
|
11.
|
Тұрғын жерлер мен өндіріс орындарында бұқаралық дене шынықтыру және спорттың гигиеналық негіздері
|
Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы
Тұрғын жерлерде дене шынықтыру- сауықтыру сабақтарын өткізу
|
|
132-134 (2)
|
7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
№1. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Атмосфералық қысымды анықтау
Мақсаты: Атмосфералық қысымның гигиеналық маңызын және оны анықтау мен гигиеналық баға беру туралы білімді бекіту
Жұмысқа қажет құралдар: Барометр – анероидтар, барографтар
Жұмыс барысы: Атмосфералық қысымды миллиметр сынап бағанасы (мм с.б.), гектопаскаль (гПа) және миллибармен (мб) өлшенеді.
Теңіз деңгейінде және 450 кеңдікте ауаның температурасы 00C кезінде ауаның қысымы қалыпты деп есептелінеді. Ол 760 мм.с.б. (1 атмосфера) немесе 1013 гПа немесе 1013 мб тең. 1 гектопаскаль 100 000 паскальға (Па) тең. Қысым көрсеткішін мм с. бағанасынан гектопаскальға аударғанда онда оны 4/3 көбейту қажет. Гектопаскальдан миллиметр сынап бағанасына аударғанда оны ¾ көбейту керек.
Атмосфералық қысым сынапты және металл барометрлермен өлшенеді.Ең көп тарағаны металл барометрлері – анероидтар, дәлдігі төмен болғанмен, шағын, тасып жүруге жеңіл.
Атмосфералық қысымды әрдайым тіркеу үшін өздігінен жазатын аспап – барограф қолданылады. Ол келесі негізгі бөліктерден тұрады: 1) қысымды қабылдағыш, анероидты қораб кешені кіреді; 2) жеткізу механизмі; 3) тіркеу бөлігі: ұштық тілімен және сағат механизмі бар барабан; 4) қақпағы шалқаймалы корпусы (тұрқы) болады.
Барабанға диаграммалық қағаз оратылған, қозғалмайтын өске кигізілген және ол сағат механизмінің арқасында айналып тұрады. Ондағы сағат механизмдеріне қарай барографтар тәуліктік (барабанның бір айналуы 26 сағат) немесе апталық (барабанның бір айналуы 176 сағатқа созылады).
Диаграммалық қағаз таспа көлденең параллель сызықпен сызылып, бір бөлшегі 1 мб немесе 1 гПа және тік доға тәрізді сызықпен сызылып, бір бөлшегінің арасы 15 минут барабанның бір айналымы тәуліктік үшін және 2- сағат апталық барографтар үшін. Жазу үзіліссіз жүреді. Атмосфералық қысымның өзгерістеріне байланысты анероидты қорабтың кешені жиынтықты деформацияға ұшырайды да, ұштық тілі сиямен бірге қозғалысқа келеді, ол өз кезегінде диаграммалық қағаз таспаға із түсіреді.
Теңіз деңгейінен жоғары атмаосфералық қысым мен судың қайнау температурасының өзгерістері
Теңіз деңгейінен жоғары биіктігі (м)
|
Атмосфера -
лық қысым (мм с. б.)
|
Судың қайнау температурасы
( 0C)
|
Теңіз деңгейінен жоғары биіктігі (м)
|
Атмосфера -
лық қысым (мм с. б.)
|
Судың қайнау температурасы
( 0C)
|
0
100
200
300
400
500
600
700
800
900
1000
1100
1200
|
760
751
742
733
724
715
706
698
690
682
674
666
658
|
100,0
99,67
99,33
98,99
98,65
98,34
97,99
97,67
97,32
97,00
96,66
96,34
96,02
|
1300
1400
1500
1600
1700
1800
1900
2000
2500
3000
3500
4000
|
650
642
634
626
619
612
609
598
563
530
499
469
|
95,70
95,38
95,05
94,72
94,40
94,08
93,75
93,42
91,82
90,20
88,60
87,04
|
Мысалы. Тау етегінде барометр 751 мм с. б., оның шыңында – 666 мм с.б. көрсетіп тұр. Кесте бойынша 751 мм с.б. 100 м биіктікті, ал қысым 666 мм с.б.- 1100 м биіктікті көрсетіп тұр. Осыдан таудың биіктігі: 1100-100 = 1000 м. Судың қайнау температурасы – 96,66 0C.
Қорытынды: Биіктікті теңіз деңгейін дәл анықтау үшін арнайы аспаптар – альтиметрлер қолданылады.
Тексеру сұрақтары: Атмосфералық қысым ағзаға қалай әсер етеді? Атмосфералық қысым қандай бірліктермен өлшенеді? Барографтың құрылысы қандай және онымен қалай жұмыс істеу керек. Барометрдің көмегімен биіктікті теңіз деңгейінен анықтап, ауа райын болжауға бола ма?
№2. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Ауаны санитарлық- гигиеналық зерттеу
Мақсаты: Ауаның ылғалдылығының гигиеналық туралы алған теориялық білімдерін және оны анықтау дағдыларын меңгерумен гигиеналық бағалауды бекітіп, үйрену.
Жұмысқа қажет құралдар: Психрометрлер (стационарлық және аспирациялық) мен гигрографтар.
Жұмыс барысы: Ауада әрдайым су булары болады, олар әрбір газ сияқты серпімділіктері бар және де сынап бағанасының биіктігі мм өлшенеді.
Су буларының ауада көбеюіне байланысты оның серпімділігі де өседі және белгілі бір шегіне жетеді. Ауаның әрбір температурасына су буымен қанығудың белгілі дәрежесі бар. Неғұрлым ауаның температурасы жоғары болған сайын, су буымен қанығу дәрежесі де көп болатыны орнатылған. Ол шектен шыққанда ылғал бөлу көбейіп шық, тұман, қырау ж.б. түрінде түседі.
Абсалютті ылғалдылық психрометрдің – тұрақты немесе аспирациялық аспаптарымен анықталады. Стационарлық (тұрақты) психрометр екі термометрден тұрады. Абсалютті ылғалдылық келесі формуламен анықталады: А = f – ά ( t – t1) . B, бұндағы А – абсалютті ылғалдылық; f – ылғалды термометрдің температурасы, су буларының максимальді кернеулігі кезіндегі (бұл көрсеткіш кесте арқылы анықталады); ά – психрометриялық коэффициент, ашық атмосферада – 0,00074 тең, ал бөлмелер үшін – 0,0011; t – құрғақ термометрдің температурасы; t1 – ылғалды термометрдің температурасы; В – атмосфералық қысым.
Мысал. Спорт залдағы құрғақ термометрдің температурасы +15,80, ылғалды термометрдің температурасы - + 11,20, атмосфералық қысым 767 мм с.б. Кесте бойынша ылғалды термометрдің температурасы кезіндегі f мәнін табамыз. Ол 9,98 мм с.б. құрайды. Табылған көрсеткіштер мәнін формулаға қоямыз: А = 9,98 – 0,0011 . ( 15,8 – 11,2) . 767 = 6,1 мм с.б.
Абсалютті ылғалдылықты біле тұра, формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты есептеп шығаруға болады: С = A:M . 100, бұндағы С – салыстырмалы ылғалдылық, А – абсалютті ылғалдылық, М – максимальді ылғалдылық (кесте бойынша анықталады).
Келтірілген мысалда М 15,80C құрғақ термометрдің температурасын таблица бойынша анықтаймыз, ол 13,46 мм с.б. құрайды. Осыдан: С = 6,1 : 13,46 . 100 = 45,3 %.
Аспирациялық психрометр арқылы абсалютті ылғалдылықты табу үшін келесі формула бойынша есептеледі: А = f – 0,5( t – t1) . B:755, бұндағы А – абсалютті ылғалдылық, f – ылғалды термометрдің су буларының максимальді кернеуі кезіндегі температурасы, 0,5 – тұрақты психрометриялық коэффициенті, t – құрғақ термометрдің температурасы, t1 – ылғалды термометрдің температурасы, В – атмосфералық қысым, 755 – орташа атмосфералық қысым.
Жабық бассейіндегі құрғақ термометрдің температурасы +26,30, ылғалды термометрдің температурасы +20,8, атмосфералық қысым 758 мм с.б. Кесте бойынша ылғалды термометрдің температурасы кезіндегі t мәнін табамыз. Ол 18,42 мм с.б. құрайды. Формулаға өз мәндерін қоямыз:
Достарыңызбен бөлісу: |