Мектеп: кожббм тақырып: Ғаламшар ғажаптары.(1сағаты) №23сабақ Құндылық



бет6/6
Дата05.02.2022
өлшемі94,27 Kb.
#22290
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Міндеттері:
-оқушылардыәдепті болуға үйрету;
-балаларды өзгелер туралы жаман ойламауға тәрбиелеу;
-өз өздеріне деген сенімділіктерін дамыту.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Тыныс алу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Ертегі мазмұнына сай суреттер салуды аяқтау салған суреттері бойнша өз ойларын айту.

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйек сөз. «Жақсылық істеуден жалықпа, Істеген жақсылығыңа өкінбе!».Қабуснамадан.
1.Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?




4.Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: «Шопанның жақсылығы»
Бұрынғы заманда шопан болыпты. Ол кешке дейін қой бағып, кешкісін ауылға оралып, малдарын иелеріне қайтаратын. Бір күні түс әлетінде шопан дорбадан тамағын алып, тамақтанбақ болады. Ол дастарханын жаймай тұрып, таңқаларлық жағдайды көреді. Жерде үстін тас басып қалған жылан жатыр екен. Жылан шопанды көрісімен: «Әй, жомарт адам. Жақсылық жасап, мына тасты үстімнен алып тасташы», - деп өтінеді. Шопан: «Мында не істеп жатырсың, мына үлкен тас үстіңе қалай құлады?»- деп сұрайды. Жылан: «Менің інім де осы қабырғада. Шаруа жаққан от, лапылдап жанып, менің інімді өртейтін болды. Мен жорғалап шықпақ болғанымда, қабырғаның тасы үстіме құлады. Ендігі жағдай өзің көріп тұрғандай. Жақсылық жасап, мені құтқаруыңды сұраймын», - деп жалынады. Шопан жыланды аяп, жыланды босатады. Бірақ құтқарылған жылан ешқайда кетпейді. Ол шопанның аяғына оратылып: «Рақмет, мені құтқарғаның үшін. Сенің көмегіңмен өлімнен құтқарылдым. Енді аяғыңды шағайын ба, әлде басың ма, мойныңды әлде бетіңді шағайын ба, өзің таңда», - дейді. Мұндайды күтпеген шопан: «Шағамын дейсің бе? Мен саған не істедім?»- деп таңқалады. Жылан: «Сен маған жамандық жасамадың. Бірақ менің білетінім біреуді шағып, уымды жіберу. Сені де шағамын. Қай жеріңді шағайын, өзің айт», - дейді. Шопан жыланға: «Қай жерімді шақсаң да, сол сәтте өлемін. Мен саған жақсылық жасап сені құтқардым. Жылан: «Жақсылықтың жауабы жамандық емес. Жолбарыстың ісі аң аулау болса, менің ісім шағу», - деп жауап береді. Шопан: «Мен сенің сөзіңді қабылдамаймын. Басқа біреуден сұрайық. Жылан келіседі. Олар мән-жайды қой мен ешкіге айтады. Бірақ олар жыланнан қорқып, түсініксіз жауап қайтарады. Сол кезде қастарынан түлкі өтіп бара жатады. Үмітсіздікке салынған шопан түлкіні шақырып, оған болған оқиғаны айтып беріп: «Енді жақсылықтың жауабы жамандық па деген сұрақтың жауабын өзің айт», - деп өтінеді. Түлкі ойланып: «Мен сенбеймін. Сондай үлкен тасты көтеріп, сені босатты дегенге сенбеймін», - дейді. Шопан: «Тасты өзім алып тастадым», - дейді. Түлкі: «Көрмесем, сенбеймін. Бастан кешкен жағдайды қайтадан көрсетіңдер. Егер шопанның шындықты айтқанына көзім жетсе, пікірімді айтамын», - дейді. Жылан мен шопан түлкінің сөзіне келісіп, жылан шопанның аяғын босатып, жерге созылып жақан кезде шопан да тасты алып, жыланның үстіне қояды. Түлкі жыланнан: «Дәл осылай болды ма?»- деп сұрайды. Жылан: «Дәл осылай болды», - дейді. Түлкі: «Осы тастың астында қалып, өлгенің дұрыс болар. Жақсылықтың жауабы жамандық емес. Егер құтқарған адамды шағып өлтіретін болсаң, жақсылық жасаудың дәстүрін бұзасың», - дейді. Түлкінің айласымен шопанның жаны қалады.
Сұрақтар:

  • Шопанның жақсылығы неден көрініс тапты?

  • Қандай іс-әрекеттер қиянат жасамауға негіз болады?

Ешқандай тіршілік иелеріне өз зиянын келтірмеу үшін адам бойында қандай қасиетер басым болады?






5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері. өлеңін оқи отырып адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттері айыру.




6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» әні




7.Үй тапсырмасы.З.Воскресенская. «Ана» әңгімесін оқу.




8.Соңғы тыныштық сәтi. - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет