технологиялық картасы
«Шығармашылық» білім беру саласы
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ғажайып себет»
Мақсаты: балаларға заттарды алақандарына салып домалақтап және ұзыншалап илеу дағдыларын үйретуді жалғастыру.
Қостілділік компонент: Көкөністер – овощи
Қызанақ – помидор
Қияр – огурец
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Үлкен және кішкентай қоянның (ойыншық) пайда болуы.
|
Қояндарды көріп, балалар қуанады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Ғажайып сәт: «Қояндардың ғажайып себеттерімен келуі».
Үлкен қоянның себетінде нағыз қияр мен қызанақ бар.
Кішкентай қоянның себеті бос.
Мүсіндеу тәсілдерін көрсету.
|
Балалар қызығушылық танытады.
Себеттің ішіндегісін қарау.
Балалар қоянға көмек беру ниеттерін білдіреді.
Көкөністердің мүсінін жасайды.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Жасалған көкөністерді қоянның ғажайып-себетіне салуды ұсынады.
|
Балалар қоянға көмектескендеріне қуанады. Ойын кейіпкерлерімен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- көкөністерді тану және аттарын атау.
Нені игереді:
- ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын.
Нені біледі:
- таныс заттардың (көкөністер) мүсінін жасау, ермексазды алақанға салып, домалақтап (қызанақ) және сопақшалап (қияр) илеу.
ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Шығармашылық» білім беру саласы
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ жинаймыз»
Мақсаты: балаларға домалақтау және илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету.
Қостілділік компонент: орман - лес
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Саңырауқұлақ туралы жұмбақ.
Көз алдарына елестете отырып, күзгі орманға ойша саяхат жасау.
|
Жұмбақтар шешеді.
Саяхатқа аттанады, ән айтады, орманға бара жатқан жолда көргендері туралы әңгімелейді.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Орман алаңында аялдау. «Орман» суретін қарау.
«Тербеледі ағаштар» ойын-жаттығуы.
Жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар дың суреттері.
Мүсіндеу тәсілін көрсету.
Саңырауқұлақтарды жасау.
|
«Орман» суретін қарайды, сұрақтарға жауап береді.
Ағаштар мен бұтақтардың тербелістерін, қозғалыстарын өз қимылдарымен көрсетеді.
Саңырауқұлақ бейнеленген суреттерді қарайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ауада ермексаздан саңырауқұлақ жасау тәсілдерін көрсетеді.
Саңырауқұлақтар жасайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |