Негізгі қимылдар: Жіптің астынан жанымен өту (биіктігі 40 см). Допты жоғары қарай лақтыру және оны қос қолымен қағып алу.
Мақсаты: Жіптің астынан оң және сол жақ жанымен өтуде дұрыс топталуды және жазылуды үйрету. Допты бастан асыра лақтырмай, алдыға-жоғарыға лақтыру және оны қос қолымен қағып ала білуді бекіту. Ойын: «Құстар мен мысықтар»
Координациялық қабілеттілігін және жылдамдығын дамыту.
1
22
Негізгі қимылдар: Еденге салынған тақтай бойымен қолдары белдерінде, аяқтың ұшымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 метр). Жіптің астынан жанымен өту (биіктігі 40 см).
Мақсаты: Шектелген алаңда аяқтың ұшымен денесін дұрыс қалыпта ұстап (майтабаннан алдын ала емдеу) жүруге үйрету. Қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, дәйекті түрде қырындап адымдауды орындай білуді бекіту. Ойын: «Поезд». Саптізбекте үйлестірілген қимылдарды орындай білу.