Негізгі қимылдар: Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы 1 м, қатардың арақашықтығы 6 м). Допты еденге соғу және қағып алу. Мақсаты: Заттардың арасынан бағытты өзгерте отырып және заттарға тиіп кетпей еңбектеуге үйрету. Допты секіргеннен кейін екі жағынан бірдей қолдарының қимылдарын еркін және бос ұстап қағып ала білуін бекіту. Ойын: «Біз көңілді балалармыз» Өзінің орнын жылдам тауып, шеңбермен жүре білу.
1
26
Негізгі қимылдар: Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 35 см, көлемі 20 см). Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы1 м, қатардың арақашықтығы 6 м). Мақсаты: Нық тепе-теңдікті сақтап, гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындап жүруге үйрету. Заттардың арасынан алақан және табанмен еңбектеуде заттарға тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту. Ойын:«Балапандар». Өздерінің әрекеттерін басқа балалардың әрекеттерімен үйлестіру.