5.Арқан тарту (4-5 жастан бастап)
Ойынның мақсаты: Бар күш жігерін салып,топпен бірге жеңіске жетуге деген талпынысын ояту.
Ойынның барысы:Бұл ойын денешынықтырубөлмесінде,тәрбиешінің бақылауымен ойналады. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады.
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.
6.Орамал тастамақ (3жастан бастап)
Ойынның мақсаты: балаларды сезе білуге тәрбиелеу және өз өнерін қысылмай көрсетуге үйрету.
Ойынның барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.
7. Әуе таяқ (5-6жастан бастап)
Ойынның мақсаты: балаларға ойын шартын бұзбай, қауіпсіз ойнауға тәрбиелеу.
Ойынның барысы: балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.
Қоршаған ортаға қатысты ойындар:
1. « Бағбандар мен гүлдер» (3жастан бастап)
Ойынның мақсаты: балаларды бір-біріне жылы сөз айта білуге тәрбиелеу.
Ойынның барысы:Топ екі шағын топқа бөлінеді және тәрбиеші ойын ережелерін түсіндіреді: «Егер топта тұрған гүлдер ұзақ уақыт бойы суарылмаса-олар қурап қалады. Бірақ бүгін біз суды қажет етпейтін гүлдер өсетін ерекше баққа барамыз. Егер олар ұзақ уақыт бойы өздері туралы мейірімді және сыпайы сөздерді естімесе, қурап қалады. Бір шағын топ қурап қалған гүлдер, ал екіншісі қурап қалған гүлдерге көмек көрсетуге шақырылған бағбандар болады. Бағбандар бақшаны аралап, әр гүлге сыпайы сөздер айту керек, содан кейін гүлдер біртіндеп гүлдей бастайды. Балалар рөлдермен ауысады, ойын жалғасады.
2. «Ата мен әжеге көмектес» (4жастан бастап)
Мақсаты:балаларды еңбекқорлыққа, қол ұшын беруге, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс. Педагог балаларға отбасында ата-әжелеріне қамқорлық жасау керектігін еске салады.
Ойынның барысы:Үстелде газеттер, кітаптар шашылып жатыр, көзілдірік еденге «құлап түсті». Орындықтың жанында себет тұр. Оның айналасында жіп орамдары шашылып жатыр және жерде әженің орамалы жатыр.
Педагог екі баланы шақырады. Кім тезірек шашылған заттарды жинауға көмектеседі? Бір бала атаның үстелін реттеуге көмектеседі, ол кітаптарды қатарлап жинайды, газетті бөлек қояды, еденнен көзілдірікті алады. Ал екіншісі себетке жіп орамдарын жинайды, әженің орамалын көтеріп, орындыққа іліп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |