* * *
Білім беру салалары:«Қатынас»
Бөлімдері:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Көліктердің пайдасы»
Мақсаты:Көліктердің түрлерін ажырата білу;
Білімділік:Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Көліктердің пайдасы мен зиянды жақтарымен таныстыру;
Дамытушылық:Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту,еркін сөйлеуге,әңгімелеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Абайлап жүруге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: көлік , жаяу жүргіншілер.
Көрнекіліктер: Көліктердің, жолда жүру ережелерінің суреттері.
Билингвальды компонент: Көлік – транспорт
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы.
|
Тәрбиеші балаларды киіндіріп балабақшаның ауласында жасалған жолда жүру ережесінің белгілерімен, ауладағы машина, мотоциклдармен жүріп көруге шақырады.
Балалар ҰОІӘ-тің бастамас бұрын қайырлы таң айтайық.
|
Балалар киімдерін киіп аулаға шығып шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайырлы таң айтады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы таң балалар,
Қайрлы таң балалар
|
Іздену-ұйымдастырушы-лық
Рефлексивті қортындылау.
|
Балалар сендер жолдан не көріп тұрсыңдар?
Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Балалар мен сендерге көліктердін пайдасы мен зияны туралы айтып түсіндіремін. Бұрынғы заманда бізде көліктер болған жоқ,олардың орныны адамдар ат,өгіз,түйемен жүрген. Ал қазір көптеген көлік түрлері бар,ауада,суда,жерде жүретін,атқаратын қызметіне қарай жүк машинасы,жеңіл машиналар,жолаушы тасымалдайтын машиналар бар.
-Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
Бұл көліктердің пайдалы жағы көп,ол адамдардың өмірін жеңілдетеді,яғни алысты жақындатады,зиянды жағы одан шығатын газдар ауаны ластайды,адам ағазасына әсерін тигізеді. Ауаны тазарту үшін біз көптеген ағаштар өсімдіктер егуіміз керек. Жолда келе жатқанда көліктерден абай болу керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |