Валеология Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Балаларды валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы ғылым - «Валеология» туралы түсінік беру;
2. Өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру;
З.Өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен қарауға тәрбиелеу;
4. Салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
5. Қиын жағдайда көмек көрсету тәсілдерін үйрету;
6. Тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары Мәдени-гигиеналық дағдылар Өзіңді таны. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау. Аурудың алдын алу. Өзіңе және басқаға көмектес. Табиғат. Әлеуметтік өмір. «ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу және жазу негіздері;
- мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді үйрету.
Тіл дамыту Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.
Міндеттері: - мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу);
- дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін дамыту;
- сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сазтауға үйрету;
- әңгімелеу (монологтік ) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру;
- дыбыстың айтылуын дұрыс есту қабілетін дамыту мен дыбысты айту барысында дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау;
- тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын қолдану іскерлігін арттыру;
- көркем әдебиетпен таныстыру;
- балаларды сауат ашуға және жазуға дайындау.
Мазмұны: Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс. Жалпы ұғым. Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру. Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік).
Шығармашылықпен әңгімелеу.