Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет25/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: коммуникативті-танымдық қызметін дамыту, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
- балалардың қоршаған заттар, олардың сапасы мен қасиеті, қолданылуы туралы түсініктерін жүйелеу және қорытындылау;
- адамдардың қоғамдық өмірі мен қоршаған әлемнің тұтастығы туралы түсінігін, заттардың, оқиғалар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысы туралы тәуелділігін анықтай білу іскерлігін, эксперимент жасау дағдыларын қалыптастыру;
- балалардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлықтарын арттыру;
- өмірдегі қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен таныстыру.
Мазмұны:
Бала, оның отбасы, үйі. Туыстық байланыс туралы түсінігін қалыптастыру, өз жасын, өзінің, ата-анасының толық аты-жөнін білу, басқа отбасы мүшелерін, балабақшасының (нөмірі) және тобының атын, үйден балабақшаға келетін жолды айыру қабілеттерін қалыптастыру.
Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау. Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Көлік, байланыс құралы. Көлік құралдарының көп түрлілігі жайлы түсінік беру (суару көлігі, жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, қар тазалайтын көлік).
Үлкендердің еңбегі. Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Менің Отаным - Қазақстан. Еліміздің рәміздері. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Елбасы мен оның қызметі туралы түсінігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әскері. Ел қорғаудың қиын да, ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы мәлімет беру. Әскер өмірінен, қызметінен түсінік беретін суреттер, альбомдар, басқа да материалдар көрсету.
Жолда жүру ережелері мен өмірлік қауіпсіздік негіздері. Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін бекіту.
Қауіпсіздік ережелердің маңыздылығын түсінуін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет