Мотивациялық қозғаушы
|
Амандасу рәсімі.
Балалар, келіңдер, шаттық шеңберін құрайық.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қане, балалар, шеңберге тұрып, бір-бірімізбен амандасайық.
Қане, балалар, орнымызға отырайық.
|
Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.
Ашық болсын күніміз,
Биік болсын туымыз,
Тату болып бар халық
Аман болсын балалар!,-деп балалар жылулық сезімдерін білдіреді.
|
Іздену -ұйымдастырушылық
|
Ғажайып сәт.
Есік тарсылы естіледі.
Балалар бізге біреу қонаққа келген сияқты.
Топқа қуыршақ Сәуле кіреді.
Қуыршақ Сәуле:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен ойнағым келеді,келіңдер ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Мұнараны жина».
Мақсаты:Түстерін ,көлемін ажырата білу,салыстыруды үйрету,мұнараны дұрыс жинау реттілігін меңгерту.
Мынау не және түсі қандай?
Мынау не,түсі қандай?
Мынау не,түсі қандай?
-Мен сендерге түрлі-түсті пішіндер әкелдім.Жұмбақтың шешуін тапсаңдар көрсетемін.
1.Атына сай балалар,
Үш бұрышы, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?
Үшбұрыштың түсі қандай?
үшбұрыштардың көлемдері қандай?
Дұрыс айтасыңдар, келесі жұмбақты шешейік.
2.Төрт бұрышы,
Төрт қабырғасы бар,
Бұл қай пішін?
Төртбұрыштың түсі қандай?
Төртбұрыш неге ұқсайды?
3.Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар,
Атын оның атаңдар.
Түсі қандай екен?
Дөңгелек неге ұқсайды?
Балалар біз шаршадық жаттығу жасап бір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын: «Осы түсті тап»
Қызыл түсті қандай зат бар?
Сары түсті не бар?
Көк түсті не бар?
- Билингвальды компонент:
Қызыл-красный,көк-синий,сары-желтый.
Сөздік жұмыс:
Төртбұрыш қазақстанның туына ұқсайды.
|
Балалар таңырқай есікке қарайды.
Балалар қуыршақ Сәулемен үш тілде амандасады.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.Мұнараны ретімен, көлемін ажырата жинап шығады.
Қызанақ түсі қызыл.
Бұл банан,лимон түсі сары.
Бұл шырша,қияр түсі жасыл
Біз жұмбақты шешеміз деп жауап береді.
Үшбұрыш деп жауап береді.
Үшбұрыштың түсі жасыл,үш бұрышы бар,көлемі үлкен.
Балалар келесі жұмбақты тыңдайды.
Бұл төртбұрыш түсі көгілдір,Қазақстанның туына ұқсайды.
Бұл дөңгелек.Дөңгелек допқа ұқсайды,түсі сары.
Балалар сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.
Отырайық тұрайық,
Мойнымызды оңға- солға бұрайық.
Қолымызды жаяйық,
Қарлығаш боп ұшайық.
|