Әдістемелік оперативка /тікелей іске асырылатын/
Әдістемелік оперативка – педагогикалық ұжым мүшелерімен тез шешімін талап ететін сұрақ бойынша отырыс.
Әдістемелік оперативканың мақсаты – білім беру үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырудағы өзгеріске байланысты жоғарыдағы инстанциялардың ұсыныстарын мұғалімдерді уақытында хабардар ету, осыған байланысты педагогикалық қызметке ынталандыру өрісін тудыру.
Әдістемелік оперативканың міндеті:
педагогикалық ұжым мүшелерін педагогика, психология, дидактиканың, озық педагогикалық тәжірибенің соңғы жетістіктерімен уақытында хабардар ету;
мұғалімдерді нормативтік және әдістемелік нұсқаулық құжаттарымен, материалдармен таныстыру;
білім беру үрдісінде, әдістемелік–бағдарламалық, ғылыми- әдістемелік, дидактикалық, материалдық-техникалық қосымшаларға түзету жүргізу.
Мазмұны /үлгі ретінде/:
психологиялық –педагогикалық әдебиеттерге рефераттық шолу;
әдістемелік (ғылыми-әдістемелік) әдебиеттерге аннотациялық шолу;
нормативтік, әдістемелік нұсқаулық құжаттар мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің, білім басқармасының, білім бөлімдерінің материалдары туралы ақпарат;
әдістемелік проблеманың ғылыми–теориялық негізін қысқаша баяндау;
бақылау қызметінің нәтижесіне талдау (сонымен қатар оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясы).
Достарыңызбен бөлісу: |