Мектептің білім беру үдерісінде SWOT- талдауды тиімді қолдану
Измагамбетова Айгуль Амантаевна
Атырау облысы Атырау қаласы, Жамбыл атындағы орта мектеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
«Білімді болуға – оқу керек» Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі білім берудің мақсаты – халықтық тәрбие тағылымын игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойланатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Білім мекемесін басқару – жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизмі болып табылады. Бұл механизмнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады. Оқу жылының қорытындысында педагогикалық талдау жасау ісі - кеткен кемшіліктердің себебін анықтау, алдағы оқу жылына міндеттер белгілеу болып табылады. Талдау – басқару әрекетінің құрамдас бір бөлімі. Жан-жақты терең талдау мектептің дамуын жүзеге асырады, ұжымның іс-әрекетінің тиімділігін көтереді. Стратегиялық жоспарлау аясындағы ішкі ортаны талдаудың белгілі әдістерінің бірі болып SWOT –талдау саналады.
SWOT деген не? SWOT – тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделген сараптамалық әдіс. Бұл сөздің мағынасы жоқ, дегенмен құрамындағы әр әріптің өзіне тән түсінігі бар. Бұндағы :
S - Strengths – Күшті жағы,
W - Weaknesses – Әлсіз жағы,
O - Opportunities – Мүмкіндіктер,
T - Threats – Қатерлер.
Алғаш рет SWOT туралы 1963 жылы Гарвард Университетінде өткен бизнес – саясат мәселелерінің проблемалары жөніндегі конференцияда профессор Кеннет Эндрюс айтып өткен. 1960-жылдардан бастап күні бүгінге дейін SWOT талдауы стратегиялық жоспарлау үрдісінде кеңінен қолданылуда. Жалпы, SWOT- талдау, сараптама дегеніміз, бұл негізінен қоршаған ортаның тарапынан туындайтын жағдайлардың күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіптерге жасалатын сараптаулар, олар көмекші кестелерді пайдалану арқылы жүргізіледі.
SWOT әдісінің жақсы жақтары қандай ?
SWOT әдісінің кемшілігі бар ма?
SWOT- талдау үш кезеңде өткізіледі.
1-ші кезең: ақпарат жинау мен даму мүмкіндіктерін ашатын факторларды белгілеу.
2-ші кезең: күшті, әлсіз жақтарын анықтауға беретін ішкі ортаны талдау. Талдау нәтижесінде құралатын кез келген тұжырымды нақты фактілермен: статистикалық мәліметтермен, есептермен, зерттеулермен бекіту қажет.
3-ші кезең: алынған мәліметтер салыстырылады, бұл нысанның бар мүмкіндіктерін пайдаланып сыртқы қауіптің теріс ықпалын төмендету қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
SWOT талдау– негізінде мектеп қызметінің немесе мәселенің күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндігі және қатерлері қаралады. Бұл проблемаға бағытталған талдау, проблемалар жиынтығын құруға, стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттарды жинау, талдау және жинақтау жүргізуге негіз болады. Көтеріп отырған мәселенің күшті және әлсіз жақтары ішкі ортаны қамтиды. Яғни, нысанның өзі сыртқы ортаға қалай әсер ететіндігі сөз болады. Ал мүмкіндіктер мен қатерлер сыртқы ортаға қалай әсер ететіні талқыланады. Демек, мектептің ішкі ортасына SWOT- талдау жасау үшін ең алдымен, ақпарат жинау керек. Содан соң, күшті, әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ішкі ортаны талдау үшін статистикалық мәліметтер, есептерді жинақтау қажет. Үшіншіден, мәліметтер салыстырылып, мүмкіндіктер мен қауіпті жақтарын төмендету үшін ұсыныстар беріледі.
Мектептің қызметіне SWOT- талдау жасаудағы мақсат:
Жоғарыдағы мақсатқа сай мектептің қызметін SWOT-талдау төмендегідей төрт бағытта жүреді (1-кесте)
1-кесте. SWOT талдау жүргізудің төрт бағыты.
2019-2020 оқу жылында елімізде орын алған төтенше жағдайлардың бірі – COVID-19 короновирустық инфекцияның пайда болуы – білім беру жүйесіне жаңа өзгерісті, қашықтан оқыту үдерісін енгізді. Елімізде, тіпті әлемде алғаш рет білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен кемшіліктер орын алды. Кездескен қиыншылықтарды мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар түсініп, өзгерісті оң қабылдады. Бұл жаңаша үдеріс ұстаздардың басқа бір жаңа қырынан танылуына, кәсіби деңгейлерінің артуына әсер етті. Әкімшілік, білім бөлімі тараптарынан біршама әлеуметтік көмек беру шаралары ұйымдастырылды. 144 оқушыға: соның ішінде 1 смартфон, 43 модем-роутер, 97 ноутбук, 3 планшет, 39 компьютерлер беріліп, аса көмек қажет етіп отырған 144 оқушының 130-на, яғни 90%-на көмек көрсетілді.
Мектебімізде қашықтан оқытуды жүйелі жүзеге асыру бойынша оқу процесіне қатысушылардың функционалдық міндеттері қарастырылып, жұмыстар жүктелді.
Соның арқасында мынадай күтілетін нәтижелерді айтуға болады:
Қашықтан оқу арқылы – ақпаратты өңдеп, ойлана алатын, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, жан-жақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отансүйгіш азамат тәрбиеленеді.
Қашықтан оқыту технологияларын жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты мұғалімдер саны арта түседі.
Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады.
Қашықтан оқытудағы мұғалім, оқушы, ата-аналар арасындағы кедергілерді анықтай отырып өткен оқу жылындағы мектебіміздегі қашықтан оқыту процесіне төмендегідей SWOT- талдау (2-кесте) жасалынды.
2-кесте. 2019-2020 оқу жылында мектебімізде қашықтан оқыту процесінің
жүргізілуіне SWOT- талдау.
Күшті жақтары
Ақпараттық мәдениетінің дамуы,
Жаңа мәлімет, қызығушылық,
Логикалық ойлауды дамыту
Барлық дереккөздердің сақта-луы,
уақытты ұтымды пайдалану,
білім порталдарынан түрлі қызықты ақпараттар алу,
мұғалімнің де, білім алушының да уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі,
мұғалім мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше қолжетімді болуы,
ата-ана бақылауы (ата-ананың білім беру үрдісін және мұғаліммен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі).
|
Әлсіз жақтары
интернет желісінің төмендегі, қолжетімсіздігі,
оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және бағдарламалық құралдар болуы тиіс,
халықтың әлеуметтік жағдайы-ның төмендігі,
ата-аналардың балаларына оқуға қол жетімді құралдармен қамта-масыз ете алмауы.
|
Мүмкіндіктері
ақпараттық құрылғыларын меңгеруге,
іс-тәжірибені таратуға, шығар-
машылығын шыңдауға,
ата-ананың баласының білімін бақылап отыруға,
ауыл мен қала баласының тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бар,
қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың оқу бағдар-ламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу,
компьютерлік техниканы ұтым-ды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асырылуы.
|
Қауіп - қатерлері
оқушы мен мұғалімнің денсау-лығына кері әсері,
көптеген қауіпті сайттардың қолжетімділігі,
оқушылардың компьютерге, планшетке тәуелділігі,
теориялық білімді жеткілікті түрде ала алмағандықтан прак-тикада дұрыс қолдана алмауы,
пән мұғалімдерінің оқушылары-ның білімін жеткілікті түрде сабаққа қатысуын басқару құзіреттілігінің төмендеу қаупі.
|
2019-2020 оқу жылындағы қашықтан оқыту жағдайындағы іс-шараларды қорытындылап, талдай келе:
Мұғалім компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет екендігі
Қашықтан оқытудағы мақсаттар мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі
Мұғалімнің ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы
Оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлану, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет екендігі анықталды.
Мектепті басқарудың теориясы мен тәжірибесінде совет ғалымы, педагогика ғылымының докторы, профессор Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова педагогикалық талдаудың үш түрін: көрсеткіштік, тақырыптық, қорытынды талдауларды ұсынған [С.Ж.Тәуірбекова. «Қазіргі мектепті басқару»]. Осы талдаулардың ішінде Қорытынды талдау – мектептің оқу тоқсанын, жарты жылдық, жылдық жұмысының қорытындысын шығаруда қолданылады. Қорытынды талдау басқарудың барлық функцияларын қамтиды. Сондықтан бұл талдау уақыт, кеңістік және мазмұны жағынан барынша кең көлемде жүзеге асады. Қорытынды талдаудың бір түрі ретінде мектептің бір жылдық жұмыс жоспары бойынша өткен оқу жылының жұмысын SWOT-талдау тәсілімен талдау өте тиімді деп есептеймін.
2019-2020 оқу жылының жалпы талдауы өте ауқымды. Сондықтан, барлық мәліметті жинақтап, мектеп қызметінің өткен оқу жылындағы нәтижелеріне SWOT- талдау жасалып, күшті және әлсіз жақтары анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |