Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет7/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
spravputkz

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары кредиттік оқыту технологиясы бойынша жұмыс істеуде. Кредиттік технологиямен оқыту білім беру сапасы мен әлемдік жаһандану жағдайында жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Біздің университетте оқу үдерісі білім беру мазмұнына, студенттердің білім алу бағыттарына, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, студенттердің дайындық деңгейін бағалау мен құрылымына қойылған талаптар негізінде жоғары білім берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына (ГОСО) сәйкес жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық:

1. Университетте білім берудің халықаралық үшсатылы жүйесі қабылданған: бакалавриат – магистратура – РһD докторантура. Бакалавриат таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алуға болатын базалық жоғары білім береді. Мысалы, шетел филологиясы бакалавры, экология бакалавры. Бакалавриатта оқу мерзімі – 4 жыл («Сәулет» және «Дизайн» білім беру бағдарламалары үшін - 5 жыл). Магистратура 1 - 2 жыл бойы арнайы жоғары білім береді, оны бітіргендерге магистр академиялық дәрежесі беріледі. Жоғары саты - РһD докторантура. Докторантурада оқу мерзімі - 3 жыл.

2. Кредиттік технологиямен оқытуда әрбір пәннің көлемі сағатпен емес, 3-тен 6-ға дейін кредитпен анықталады,. Бір кредит студент жұмысының 30 академиялық сағатына тең. Кредит саны көп болған сайын сабақ та көлемді болады. Мысалы, 5 кредитті пән бойынша сабақ аптасына 3 реттен 15 апта бойы жүргізіледі.

Бакалавриатта оқу үдерісінде студенттер қосымша білім беру түрлері және тәжірибенің барлық түрлерін қоса алғанда, теориялық білімнен кем дегенде 240 кредит (300 кредит) жинақтаулары қажет.

3.Бакалаврлық оқыту бағдарламасының мазмұны оқылатын пәндерді анықтайды, олар міндетті, жоғары оқу орны компоненті (әрі қарай ЖК) және элективті (таңдау пәндері) болып бөлінеді. Міндетті пәндер мамандық бойынша типтік оқу жоспарында қарастырылған, таңдау курстары таңдалған білім беру бағдарламасы (мамандық) бойынша толықтырылады. Міндетті, ЖК және элективті пәндер әр мамандық бойынша жұмыстық оқу жоспарының (ЖОЖ) негізін құрайды; сол бойынша Сіздердің білім алуларыңыз жүзеге асырылады.

ЖОЖ-да барлық пәндер модуль бойынша біріктірілген – модульдің мазмұны мен уақыты бойынша аяқталғанын танытатын, өзара байланысқан және бір-бірін толықтыратын пәндер енгізілген автономиялы оқу бірліктері. Оқу жұмыс жоспарын модульдеу академиялық мобильділікті жүзеге асыруда ерекше орын алады.

4.Құрметті білім алушылар, кредиттік технологиямен оқудың сіздерге өзіндік білім беру траекториясын құруға тамаша мүмкіндік береді. Эдвайзер көмегімен әр студент өз бетінше ЖОЖ (жеке оқу жоспары) және элективті пәндер негізінде өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастыра алады. Сонымен ЖОЖ Сіз таңдаған мамандықтың оқу жоспарының барлық міндетті пәндері мен таңдау пәндерінен (элективті пәндер) тұрады. Жеке оқу жоспарын құру мүмкіндігі студенттерге академиялық еркіндік береді, яғни пәнді және оқытушыны таңдау еркіндігі.

5.Кредиттік технологиямен оқытуда әр пәннен балл жинақтауы қажет етіледі, яғни семестр бойы міндетті түрде балл жинақтау керек. Әр пән шартты түрде 100 балға бағаланады, оның ішінде ағымдық үлгерім 60 балды құрайды, ал қорытынды бақылау бағасы (емтихан) 40 балды құрайды. Пəн бойынша қорытынды баға жиналған балл мен емтиханда алған баға негізінде қойылады.

Есте сақта!


  • емтиханға кіру үшін екі аттестация бойынша 30 балдан кем болмауы тиіс;

  • емтиханда оң баға алу үшін сен кем дегенде 20 балл жинақтауың керек, егер емтиханда сен қорытынды бағаның 25-тен 50 пайызына дейін алсаң, яғни 10 мен 20 балл аралығында жинақтасаң саған «FХ» бағасы қойылады, ал егер 25 пайыздан, яғни 10 баллдан кем жинақтасаң сен «F» бағасын («тапсыра алмағаның») аласың;

  • ешбір жағдайда шпор (телефон жəне басқа гаджеттерді) қолданбаңыз, ережені бұзған жағдайда семестр бойынша баға жойылады жəне тəртіптік жаза қолданылады.

6.Кредиттік оқыту технологиясы білімгердің аудиторияда, үйде, кітапханада тұрақты жұмыс істеуін талап етеді, өйткені балды үй тапсырмасын орындау, сабақта жауап беру, лабораториялық жұмыстарды атқару және т.б. арқылы жинақтайды. Кредиттік оқыту технологиясының бір міндеті - студенттің өздігінен ұйымдасу және өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту. Аудиториялық және студенттің өзіндік жұмысының қатынасы 1:2, яғни білімгер аудиториядан тыс өздігінен 2 есе көп жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, университетте білім алушылардың өзіндік жұмыстарының жалпы көлемі 25-50% оқытушының жетекшілігімен жүргізіледі.

7.Семестр бойы білімді бақылаудың 2 түрі жүргізіледі – ағымдық және межелік. Семестр соңында – қорытынды бақылау (аралық аттестация), немесе емтихан сессиясы. Сондай-ақ үшінші курста студенттің оқу жетістіктерін сырттай бағалануы (СОЖСБ) жүргізіледі. 4 курстың соңында мемлекеттік қорытынды аттестация – мемлекеттік емтихан тапсыру немесе диплом жұмысын қорғау арқылы жүргізіледі. Қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижесі бойынша студентке жоғары кәсіби білім туралы құжат (диплом) және бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

8.Студенттің академиялық ұтқырлығы басқа Қазақстандық немесе шет елдік университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1-2 семестр бойы оқуға мүмкіндік алады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы келесі жолмен жүзеге асырылады:

- шетелдік қорлар мен ұйымдардың грантын алу;

- ынтымақтастық келісім шартына сай Қазақстандағы, алыс және шетел университеттер арасында студенттермен алмасу;

-ынтымақтастық келісім шарт бойынша білім алу үшін жеке сапармен бару.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуы басқа университеттердің студенттерімен байланыс орнатуға, басқа елдің тілі мен мәдениетін үйренуге, Қазақстанның салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Алмасу бағдарламасы бойынша университет сайтынан, өз деканатыңыздан және Болон процесі және академиялық ұтқырлық бөлімінен білуге болады.

9. Бакалавриатты сәтті аяқтаған түлектер біліктілік талабына сай жұмыс істеуге құқылы, болмаса магистратурада білімін жалғастыра алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет