Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:
- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;
- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті іс-әрекет шамасы болып табылады.
89 Заңды фактілер
Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік мән-жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |