Легальді талқылау – бұл жоғары тұрған органның рұқсаты арқылы төмен тұрған органның немесе лауазымды тұлғаның түсіндіруі. Мысалы, Парламент Үкіметке өзі шығарған заңды түсіндіруді тапсыруы мүмкін. Үкіметтің шығарған қаулыларын түсіндіру үшін министрліктер мен ведомствалар арнайы өкілеттікке ие болады. Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджетті бөлу туралы Үкіметтің шешімін түсіндіру.
Соттық талқылау – бұл жоғары тұрған соттың құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Ол сот қызметінде құқық нормаларын дұрыс түсінуді және бірыңғай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы, ҚР Жоғарғы Соты барлық төмен тұрған соттарға сотта істі қарау барысында азаматтық және қылмыстық заңнаманы қолдану мәселелері туралы ресми түсінік береді және ол барлық төмен тұрған соттарға талқыланған құқықтық норманы қолданатын лауазымды тұлғаларға міндетті болып табылады.