Әкімшілік талқылау – бұл мемлекеттік атқарушы органның құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Бұндай талқылау әдетте, басқару, еңбек, әлеуметтік және т.б. мәселелерге байланысты беріледі.
Ресми емес талқылау – бұл жалпыға міндетті болмайтын құқық нормаларын мәнін талқылау. Оны кез-келген азамат, қоғамдық бірлестік береді. Ол ауызша немесе жазбаша болады. Оның ерекшелігі ол билікпен, мәжбірлеумен, жазамен байланысты емес.
Ресми емес талқылау келесідей бөлінеді: доктриналық (ғылыми), кәсіби және қарапайым.
Доктриналық талқылау – бұл ғалымның, ғылым өкілдерінің құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Оның құндылығы – аргументтелген, дәлелденген, негізделген. Оны арнайы ғылыми – зерттеу мекемелері, білікті заңгер – ғалымдар, тәжірибелі заңгер – практиктердің заңға түсініктемелерінде, ғылыми жұмыстарында, мақалаларында береді. Мысалы, қылмыстық, азаматтық кодекске түсініктеме.
Ресми мен ғылым талқылаудың айырмашылығы неде? Ресмиде қорытынды нәтижелер көзделсе, ғылымда дәлелдемелер, талдау, мәнін ашады.
Кәсіби талқылау – бұл заңгер – мамандар, судья, прокурор, тергеуші, адвокаттың және жоғары заңи білімі бар қолданыстағы заңды жақсы білетін мамандардың құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Бұндай талқылау ауызша (кеңес, нақты сұрақ-жауап) және жазбаша (анықтама, қорытынды, баспадағы мақала) болады. Оның құндылығы талқылайтын адамдардың терең білімі мен құзіреттілігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |