Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы



бет155/195
Дата09.05.2020
өлшемі0,74 Mb.
#66741
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   195
Байланысты:
b398 (1)

Нормативтік талқылау – бұл белгілі бір норманы немесе құқық нормасын қолданатын барлық тұлғаларға және органдарға міндетті болып табылатын ресми талқылау. Бұндай талқылау талқыланған нормамен көзделген барлық жағдайларға таралады. Осы арқылы оның талаптарын бірыңғай және дұрыс қолдануды қамтамассыз етеді. Мысалы, Жоғарғы Сот төмен тұрған барлық сотқа қандай да бір істердің санаттарын қарағанда, қандай да бір заңдарды қолданғанда, белгілі бір талаптарды және бағыттарды ұстануға ұсыныс береді.

Казуальді талқылау – бұл нақты заңи істі қарау барысында, құқықтық норманың мазмұнын түсіндіру. Бұндай талқылаудың казуальді деп, аталудың себебі, ол тек нақты жағдайға ғана таралады. Оның жалпыға міндетті сипаты болмайды. Казуальді талқылауға қажеттілік төмен тұрған құқық қолданушы органның нақты заңи іс бойынша шығарған шешімі дұрыс болмай заңға қайшы келген жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, осы құқықтық норманы қолданатын органға үлгі ретінде болады.

Аутентикалық талқылау – бұл талқыланатын нормативтік құқықтың актіні шығарған органның немесе лауазымды тұлғаның түсіндіруі, яғни бұл мемлекеттік органның өзі шығарған актілерді талқылауы. Мысалы, Парламенттің өзі шығарған заңдарды талқылауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет