Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы



бет152/195
Дата09.05.2020
өлшемі0,74 Mb.
#66741
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195
Байланысты:
b398 (1)

Құқықты қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;

- заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.

Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша – жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар және т.б.;

2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты – мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың (мысалығ муниципалды органдардың) актілері;

3) құқықтың функциялары бойынша–реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);

4) заңды табиғаты бойынша – негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негзгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).

5) құқықтық реттеу пәні бойынша – қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. актілер;

6) сипаты бойынша – материалдық және іс жүргізушілік. 


93 Құқық нормасын талқылаудың түсінігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет