Құқықтық қатынастардың объектілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін санат. Аталған санатты түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:
- олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;
- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:
1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);
3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);
4) құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);
5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |