Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет56/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік басқарудың бірегей тәсілдерін соңғы кезде жалпыға танымал түрде былай бөлінеді (5-сурет):

- әкімшілік (рұқсат етпеу, рұқсат ету, күштеу);

- экономикалық (қаржы-кредиттік, бюджеттік, салық саясаты, экономиканы

мемлекеттің жоспарлауы және болжауы);

- құқықтық (шаруашылықты реттейтін нормативтік актілерді жасау және қабылдау);

- әлеуметтік-психологиялық (өнегелік көзқарас, еркін келісім).



Мемлекеттің экономиканы басқарудағы әкімшілік әдістерінің ерекшеліктері:

- оларды жүзеге асырудың қосымша материалды ынталандыруды қарастырмайды;

- мемлекеттік биліктің беделі мен күшіне негізделеді;

- рұқсат етпеу, рұқсат ету, күштеу әдістерін қамтиды;

- мемлекеттің экономикалық саласының өндірістерін, мемлекеттің жеке меншіктерін басқаруды ұйымдастыруды қарастырады (52-сурет).

52-сурет. Мемлекеттік басқарудың әмбебап құралдары

Қазіргі таңда біздің елде мемлекеттің экономиканы басқару мәселесінің негізі мына дилемманы құрайды: бір жағынан, экономиканы қатаң әкімшіліктік басқару ықпалды тәжірибесінен алшақтау, екінші жағынан, өзін-өзі реттеу тетігі өз рөлін атқарады деп осы қоғамдық қарым-қатынас саласын өз-өзіне қамқорлыққа қалдыруға болмайды.

XIX және XX ғасырлардағы экономиканы тығырыққа тіреген дағдарыстар мынадай қорытындыға әкелді: нарықтың тиімді дамуы мен тұрақтылыққа жетуі мақсатында мемлекеттік басқаруды пайдалану қажет. XX ғ. әлем мемлекеттерінің экономикасында мемлекеттің рөлінің артуымен сипатталды. Бұл үдерістердің және экономикалық жүйе байланыстарының қиындауы мен ауқымының жоғарылауымен байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Басқарудың маңызды белгілері қандай?

2. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік басқарудан өзгешелігі.

3. Мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері.

4. Нарықтық экономикаға мемлекет қалай араласады?

5. Мемлекеттік басқарудың негізгі қызметтері.

6. Мемлекеттік басқару құралдары.

7. Мемлекеттік басқару тәсілдері.

7.2. Экономиканы мемлекеттік басқарудың қалыптасу сатылары

Ғылыми әдебиетте экономиканы мемлекеттік басқарудың негізгі үш түрі ажыратылады:

1. Экономиканы басқарудағы толық мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО мен басқа да социалистік мемлекеттерге тән. Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттерде де сақталған, мысалы Солтүстік Кореяда.

2. Нарықтық және мемлекеттік реттеудің әралуан нұсқалары. Мұндай нұсқалар «швед», «жапон», «қытай» үлгілерінде, сонымен қатар, германдық әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика үлгісінде жүзеге асырылған.

3. Ақырғы либерализм, жеке кәсіпкерліктің ерікті түрде дамуын ғана тиімділік деп санайды. Мемлекеттік басқарудың бұл түрі ең алдымен АҚШ-қа тән.

Экономиканы мемлекеттік басқарудың осы секілді түрлерінің қалыптасуынан бұрын, алдымен әртүрлі экономикалық идеялар мен ғылыми теориялар пайда болады және дамиды. Ұлттық экономиканың дамуындағы мемлекет рөлі туралы түсінік пен көзқарастар жүйесі әрқашанда экономикалық теориядағы негізгі орындардың бел ортасында болды.

Экономика ғылымы пайда болғаннан бастап ғалымдар мемлекеттік басқару қызметтерінің экономикадағы рөліне байланысты түрлі мәселелермен айналысты. Көптеген кезеңдерде экономистердің әр уақытта және әртүрлі елдерде дайындаған теориялары, ұлттық экономикада мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылып отырды.

Экономикалық теорияның негізінде экономиканы мемлекеттік басқаруда көптеген амал-тәсілдер пайда болды. Бұл мәселеде ғалымдардың әр түрлі көзқарасына ауқымды сипаттама бермей-ақ, кеңінен таралған және қызықты кейбір теорияларға жауапты 1-кестеден табуға болады.

Экономиканы мемлекеттік басқару жөнінде жекелеген көзқарастар антикалық кезден ақ айтыла бастаған, дегенмен де олар айтарлықтай біртұтас тұжырымдаманы немесе тұтас жүйені құрған жоқ. Экономикалық теория атауына үміттенген алғашқы доктриналардың бірі меркантилизм болып табылады.

Алғашқы капиталдың жинақталуы кезеңінде пайда болған меркантилизм (XV – XVII ғғ.) экономикаға қатысты мемлекеттік басқарудың қажеттілігін, атап айтқанда сауда мен өндірістің дамуын белсенді түрде дәлелдеді.

Ерте меркантилизм (немесе ақшалы) теориясын ұстанушылар (ағылшын У.Стаффорд, итальяндық Г. Скаруффи) елде ақшаны ұстап қалуға бағытталған мемлекеттік тәсілді қолдады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет