Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті


тарау. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ



бет54/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

7 тарау. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

7.1. Экономикалық үдерістерді басқарудағы мемлекеттің рөлі мен орны



Мемлекеттің экономиканы басқаруының мынадай тармақтары бар:

1. Нарықтың реттелуі.

2. Макроэкономикалық дамудың басымдықтарын анықтау.

3. Бәсеке тетігін қорғау.

4. Кіріс және әлеуметтік қорғауды қайта бөлу жүйесін қалыптастыру.

5. Экономикалық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.



А.А. Денисов пен Г.Н. Богачева мемлекеттік басқару мақсаттарын мынадай анықтауды ұсынады:

- экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігі;

- экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

- экономикалық және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.

Мақсаттар біртұтастықты құрау керек. Бірақ, осы тұтастықты әдістермен, тәсілдермен, оларды жүзеге асыру нысандарымен байланыстыру қажет, әйтпесе, дұрыс қойылған мақсаттар да оларды жүзеге асыру барысында бұрмалануы мүмкін.

Әр тарихи кезеңде мемлекеттік басқарудың бағытталған мақсаттары мына жағдайларға байланысты:

- жалпы экономиканың даму деңгейіне;

- оның құрылымына;

- халықаралық еңбекті бөлу әдістерінің бірігуіне.



Дамыған елдердің классикалық экономикалық мақсаттары мыналардан тұрады:

- экономикалық өсу;

- толыққанды жұмыспен қамтылу;

- экономикалық тиімділік;

- экономикалық еркіндік;

- кірісті әділ бөлу;

- экономикалық қамтамасыз ету;

- сауда тепе-теңдігі (49-сурет).



49-сурет. Дамыған елдердің классикалық экономикалық мақсаттары

Қазақстан Республикасы экономикалық реформалардың мақсатты жағы толыққанды анық емес. Көп жағдайларда саяси құжаттардың соңғы мақсаты оларға жету әдістерімен алмастырылады. Ел экономикасына қатысты басым экономикалық мақсаттарды айқындайтын технология мен әдістер әр кезеңде де жаңа, нарықтық тетіктермен үйлесіп, ұлттық мүддеге сай келуі тиіс.

Кез-келген басқару үдерісін қарастырғанда негізгі мәселе – басқару ықпалының субъектісі мен объектісі болатын болса, осындай жағдай мемлекеттік басқару үшін де тән.

Экономиканың мемлекеттік басқару субъектілері болып шаруашылық мүддесін иеленетіндер және жүзеге асыратындар саналады.

Шаруашылық мүдделерін иеленетіндер қатарына бір-бірінен мүліктік жағдайымен, кірісімен, қызмет түрімен және т.б. ерекшеленетін әлеуметтік топтар жатады. Бұл – жалданбалы жұмысшылар және қожайындар, фермерлер және жер иеленушілер, кәсіпкерлер, еркін мамандық иелері, мемлекеттік қызметшілер және т.б.

Шаруашылықтың мүддесін иеленетіндер қатарына бірлестіктер мен қауымдастықтар жатады. Солардың ішіндегі ең мықтылары – кәсіподақтардың және кәсіпкерлердің бірлестіктері.

Шаруашылық мүдделерін орындаушыларға заң, атқарушы және сот билігі, сонымен қатар оның қатарына Ұлттық Банк та жатады.

Басқару субъектісін жалпылама әдіс «құрылымдық ұйымдасқан» әлеуметтік жалпылық ретінде түсінуге тура келеді. Ол басқару қызметін атқарып, оны жаңа жағдайға аудару мақсатында объектіге әсер етуші болып саналады.

Мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде тұтас әлеуметтік ағза – қоғамды құрайтын қоғамдық қарым-қатынастардың барлық жүйесі алынады.

Экономиканы мемлекеттік басқару объектісі – бұл орта, сала, аумақтар, сонымен қатар, автоматты шешім нысанын иеленбейтін, қарама-қайшылықтар және әр түрлі мәселелер туындайтын елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

Ю.А.Тихомиров объектіні «субъектінің ықпал етуімен басқару жүйесінің жалпы мақсаттарына жету үшін жұмыс жасайтын құрылымдық әлеуметтік жалпылық» деп сипаттайды.



Экономиканың басқару объектілерінің негізгілеріне жататындар:

- экономикалық жүйе;

- шаруашылықтың түрлі деңгейіндегі құрылымы (сала, аумақ және т.б.);

- қор жинау шарты;

- жұмыспен қамту;

- бағалар;

- ғылыми-техникалық прогресс;

- бәсеке шарты;

- әлеуметтік қарым-қатынас және әлеуметтік қамтамасыз ету;

- кадрларды даярлау және қайта даярлау;

- қоршаған орта;

- сыртқы экономикалық байланыстар.

Мемлекет рөлі тек қана тәртіп белгілеумен шектелмейді, сонымен қатар, субъектілерге дағдарыс кезінде жаңа экономикалық тәртіпке үйренуге, бейтаныс жағдайға бейімделуге, экономикалық іс-әрекетті қалыптастыруға көмектеседі.

Қазіргі индустриалды дамыған мемлекеттер үшін, кем дегенде, азаматтық қоғам, шаруашылық-өндірістік немесе саяси-экономикалық жүйелер арасында жіктеу қажет. Себебі, олардың әрқайсысы тек өзіне ғана тән ерекшелікке ие.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет