Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет53/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Үкіметтік дағдарыс. Үкімет қарапайым мағынада, кейде Министрлер Кабинеті деп те аталады, көп жағдайда ол Парламент пен Премьер-Министрдің біріккен жұмысының нәтижесі болады, себебі біріншісі оған ықпал етіп, оның таңдауымен келіседі. Басым партия тарапынан, егер де бұл Үкімет парламенттік көпшіліктен тұрса, онда кабинет оның көшбасшыларының жиналуы, яғни фракциялық құрылымды еске түсіреді.

Көп жағдайда Үкіметтік дағдарыстар көппартия негізінде құрылған Үкіметте пайда болады. Үкіметтегі партиялар арасында жиі-жиі келіспеушіліктердің болуы келісілген шешімдерді бұзып, министрлердің бір бөлігін Үкіметтен шығуға итермелейді. Соңғысын қабілеттілігінен айырады. Парламенттегі партиялармен жүргізілген қиын кеңестер әрдайым туындаған дағдарысты шеше алмайды, себебі кабинетке жаңа министрлерді кіргізу оларды парламенттік көпшілік тарапынан сенім кепілдігін алудан босатпайды. Мұндай үдерістер классикалық «тұрақсыз демократиясы» бар елде – Италияда көрінеді. Көппартиялық жүйе министрлер кабинеті коалициясы құрамын алдын ала анықтайды. Бірақ, бұл елдегі жиі Үкіметтік дағдарыс сайлаушылар мен басқарушы элитаға белгілі келеңсіздіктер тудырып, жалпы алғанда азаматтардың саяси жүйеге қарым-қатынасына әсер етпейді. Осындай демократия Пиза мұнарасына ұқсайды: ол қисаяды, бірақ құламайды.



Парламенттік дағдарыс. Оны драмаландырудың қажеті жоқ, себебі төтенше және күнделікті жағдай да болуы мүмкін. Парламент әр түрлі әлеуметтік топтар мен саяси күштердің өз айыптары мен талаптарын білдіретін мінбер және олар арасындағы саяси күрес жүретін алаң.

Парламентте мынадай шиеленістер болуы мүмкін:

- Парламент пен Президент арасында;

- Парламент пен Үкімет арасында;

- Парламент палаталары арасында;

- партиялық фракциялар арасында;

- Парламент пен қысым көрсету топтары арасында және т.б.

Егер осы шиеленістер көбейіп, бір-біріне араластырылса олардың саяси шешімі мүмкін болмайды. Билік институты ретінде Парламент дағдарысы пайда болады. Ол мынадан көрінеді:

- біріншіден, кез-келген мәселе бойынша шешім қабылдауда ұзақ уақыт көпшіліктің қалыптаспауынан Парламент өзінің заң шығарушылық міндетін орындай алмайды;

- екіншіден, парламенттік фракциялардың қарама-қайшылығының ұзаққа созылуы парламентті дәрменсіз етеді. Депутаттар жалпы тұрақты шешімге келе алмайды, сонымен қатар көпшілік дауыс негізінде де бір шешімге келмейді.

Мемлекеттік-әкімшілік саладағы сыртқы және ішкі қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты шиеленістердің бірнеше түрі және оны шешу нысандары мен әдістері де бар:

1. Саяси және мемлекеттік-әкімшілік құрылымдар, басқару субъектілері (топтық және жеке) арасындағы шиеленістер. Олар, негізінен, өтпелі кезеңде пайда болады, яғни мемлекеттік билік оппозициялық күштер мен жеке мемлекеттік құрылымдар тарапынан қатты қысымға ұшырағанда көрінеді.

2. Мемлекеттік-әкімшілік құрылымдар мен мемлекеттік және жеке сала арасындағы шиеленістер. Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар арасындағы шиеленістердің негізгі көзі болып тараптардың бір-бірінің ұмтылысын жоққа шығару болып табылады.

3. Мемлекеттік органдар мен өзге де басқарудың ұйымдасқан топтары арасындағы шиеленістер. Ол басқару тәжірибесінің «салалану» сипатынан шығады, яғни түрлі ведомствалар өздерінің қызметтерінің автономды бағдарламасын жасай алады, бірақ ол әрдайым мемлекеттік бағдарламалармен сай келмеуі де мүмкін.

4. Мемлекеттік органдардың орталық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі шиеленістері. Құзыреттілік сипаттағы шиеленістердің келесі себебі – органның дәреже шекарасынан «шығу» дәстүрінің тұрақтылығы. Кейде мемлекеттік органдар өзгелердің қызметтік саласына білмегендіктен араласып, оларға нысаналық түрде қызмет жасауға кедергі болады және өздеріне тиісті емес қызметтерді орындауды өз құзіретіне алады. Мемлекеттік органдардың шиеленістері мемлекеттік органдар мен халық арасында, орталық пен жергілікті билік арасындағы шиеленіске әкелуі мүмкін.

5. Мемлекеттік мекемелердегі ішкі ұйымдық шиеленістер. Өз табиғаты бойынша жеке сала ұйымдарындағы шиеленістерден көп айырмашылығы жоқ. Негізгісін анықтайық. Мемлекеттік-әкімшілік ұйымдар үшін белгілі сатылық билікті бекітетін құқықтар мен нормаларға сай міндеттерді қатаң түрде бөлу сипаты тән. Бұның арқасында ұйым қызметі ұйымдасқан және алдын ала болжанған сипатқа ие болды. Құрылымдық нормативтік тәртіп пайда болған қысымды әлсіретіп, өшіреді. Ұйымдардағы әкімшіліктік шиеленістердің көбі ақылға қонымды. Себебі әр құрылым бір мақсат негізінде құрылады. Көп жағдайда құрылым мақсаттары мен міндеттері қарама-қайшы немесе бәсекелес болуы мүмкін, себебі мақсаттардың объективті қарама-қайшылығы тараптық шиеленіске әкелуі мүмкін.

6. Мемлекет пен халық арасындағы шиеленістер (легитимділік мәселесі). Егер мемлекеттік билік халық мүддесіне сай болмаса, басқарудың тиімділігін қамтамасыз етпесе, онда ол халық алдында өз беделінен айырылады. Билік беделінің, оның мәртебесінің түсуі, қоғамдық сенімнен айырылу – бұның бәрі мемлекет пен қоғам арасындағы шиеленістің белгісі. Шиеленістің айырықша сипаты – азаматтық бағынбау: жалпылама келіспеушілік, қарсылық, ереуіл. Ең жаманы билік құрылымына альтернативті құрылым құру, қоғамдық бірлестіктерге, съездерге, ұлттық конгрестерге құқықтар беру, қаруланған әскери жасақтардың құрылуы. Осы іс-әрекеттердің бәрі ресми билікке сенімсіздікті көрсетеді және істі өз мүмкіндігіне қарай шешуге ұмтылдырады. Мұндай жағдайда өзінің теориялық және қолданбалы аспектісінде легитимділік мәселесі (яғни биліктің құзыреттілігі) шиеленіседі.

7. Шенеуніктер мен азаматтар арасындағы шиеленістер. Мемлекет өз іскерлігін мемлекеттік қызмет негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік билік органдарының нәтижелілігін қамтамасыз етіп, заңдардың жүзеге асуына көмектесіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, бұның негізінде мемлекет пен қоғамды байланыстырып, мемлекеттік қызмет мемлекет өмірінің тұрақтылығы мен төзімділігіне жауап береді, сол арқылы қоғамның өміршеңдігі мен бекемдігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік шенеуніктер жалпыұлттық мүддені өздерінің корпоративті мүддесіне ауыстырса, онда біз мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды шиеленіс түрлеріне – азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы шиеленіске тап боламыз, өйткені мемлекет пен қоғам арасындағы кері байланыс бұзылады.

Аталған шиеленістің көзі мемлекеттік билік тұтастығы (бірлігі, тәуелсіздігі) мен қоғамның саяси саласының көпшілігі арасындағы объективті және жиі қайталанатын қарама-қайшылық болып табылады. Егер де оны сауатты түрде бақылап, қарым-қатынастың қатты шиеленіскен бөлімдерін реттеу мүмкін болса, онда билік имиджін жағымды етіп, оны нығайтуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқарудағы шиеленіс себептері.

2. Билік саласындағы шиеленіс.

3. Саяси дағдарыс түрлері.

4. Мемлекеттік-әкімшілік саладағы сыртқы және ішкі қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты шиеленістер.

5. Адамдардың билік органдарына сенімсіздігін тудыратын тікелей себептер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет