Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет49/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік басқару кезінде мәдени-іскерлік қарым-қатынасының мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- ұлттық (бір мемлекет деңгейінде);

- аймақтық (мемлекет немесе әлемдік аймақ деңгейінде);

- халықаралық (халықаралық қатынастарда).

Әр деңгейдегі әлеуметтік топтың өзіндік бағыт, қарым-қатынас құндылықтары жүйесінің және іс-әрекет нормалары қалыптасқан іскерлік мәдениеті бар. Ақпараттың жаһандануы және мемлекетаралық коммуникация кезінде ұлттық және аймақтық іскерлік мәдениет өзіне тән ерекшелігін сақтап, жаһандық іскерлік мәдениет бағытында дамып жатыр.

Мемлекеттік басқаруда мәдениет, негізінен, мемлекеттік істерді шешу бағыты мен олар жайында мінсіз түсініктің жиынтығы ретінде немесе басқару қызметінде жүзеге асқан құндылықтар мен ұстанымдар ретінде сипатталады. Ол қиын, бірнеше деңгейден тұратын, ішкі қарама-қайшы әлеуметтік-рухани құбылыс. Адамның жетекші саяси құндылықтары негізінде түрлі стандарттары мен басқару іскерлігінің дәстүрлерін басшылыққа алу қабілетін көрсетеді. Сондықтан да, мемлекеттік басқару мәдениеті – бұл басқару жүйесінің әлеуметтік бөлшегі ғана емес, әр түрлі жағдайларда кездесетін билік-басқару қарым-қатынасы бойынша адамдардың нақты нысанда араласуын көрсететін бірегей мазмұнының жиынтық түсінігі. Қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер ететін рухани құбылыс ретінде ол биліктің ұйымдасуымен, қоғамдық қарым-қатынастың демократиялық деңгейімен, өркениеттілігімен және адамгершілігімен анықталады. Мемлекеттік билік мәдениетінің толыққанды мазмұны оның әлеуметтік бағытымен анықталады, сонымен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынаста, еңбекті басқару шартында рухани-психологиялық климатқа әсер беретін басшылықтың жеке мәдениеті мен стилі негізінде анықталады.



Мемлекеттік ұйымдардың мәдениеті өзі жүзеге асыру барысында мемлекеттік институттарды пайдаланып, басқарудың жеке субъектілері ретінде алға шығатын және билік өкілеттігін иеленушілердің қызметін сипаттайтын әдеттегі нысандар жиынтығы ретінде қарастырылады. Мемлекеттік ұйымдардың мәдениетін жасау мен көрсетудің басты тетігі мемлекеттік қызметкер лауазымы дәрежесіне ие адамның жеке дербес тұлғасы (мемлекеттік билік сатысында лауазымды орынға ие және қиын әлеуметтендіру жолынан өткен тұлға). Өз кезегінде, билік мәдениеті, әрқашан биліктің құқықтық тепе-теңдігі мен оның мемлекет қызметінде іске асуын, оның құрылымы мен лауазымды тұлғаларын көрсетеді. Сондықтан да, мемлекеттік қызметкердің тұлғалық рухани байлығы дәстүр құндылықтарын игеру арқылы енгізілетін баға жетпес білім ретінде қарастырылады.

Руханилық, мәдениет, зиялылық қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметкердің кәсібилігінің құнды сипаттамасы. Қоғамдық орта алдында лайықты қызметкер бейнесін жасауы керек. Осы немесе басқа да кәсіби қызмет кезінде пайда болатын әр ұйым, мекеме мен мамандық ерекшелігі және дәстүрлі қарым-қатынас кезінде пайда болатын іскерлік осы ортаға сай іс-әрекет нормаларын жасайды. Олар әкімшілік этика талаптарында жазылады – адамдарға сырттай сый-құрмет көрсететін, басқарушылар мен бағынушылар арасында бірін-бірі түсінуге жағдай жасауға көмектесетін, бір-біріне деген құрметті білдіретін адамдармен жұмыс жасау тәртібі мен нысандарының жиынтығы.

Мемлекеттік басқаруда жалпы мәдениеттің сыртқы көрінісінің бір бөлшегін мемлекеттік этикет құрайды: рәсімдерді қатаң түрде бақылаумен сипатталатын және бұл рәсімдерді сақтауда белгілі ресми іс-әрекет нысаны маңызды орынға ие болып, қызметтік қарым-қатынастың маңызды деген жақтарын реттейтін іс-әрекет тәртібінің жиынтығы. Ол мемлекеттік маңызы бар жағдайларда лауазымды тұлғалардың дәрежесіне сай олардың ресми іс-әрекетінің егжей-тегжейлі дайындалуы (делегация қабылдауда, келіссөз жүргізу барысында, хаттамалармен алмасқанда және т.б.).

Әкімшілік этикадағы адамгершілік және өнегелілік, мәдени қарым-қатынас мәселесі тек қана мемлекеттік басқару қызметінде ғана емес, сонымен қатар, өндіріс, әлеуметтік, сауда және өзге де салаларда кәсіби қызметтің оңтайлы шарты болмаса да, қажет болып саналады. Мемлекеттік ұйымдар мәдениеті саяси ойлау мен билік-басқару қызметінде жалпы қолдауға ие болған нормаларды шенеуніктер қаншалықты меңгергенін, тәжірибені қабылдағандығы, осы уақытта билік жүйесінде қалыптасқан дәстүрді, қабылданған нормалар бекіткен басқару жүйесін, азаматтардың мемлекетпен, билік институттары мен басқару құрылымдарымен қарым-қатынас үлгісі мен құндылықтарын қаншалықты игергенін көрсетеді. Мәдениет мемлекеттік басқару жүйесінде қоғам өмірін рухани ұйымдастырады, қоғамдық топтар мен мемлекеттік қызметкерде бірлесу сезімін және сәйкестікті тудырады.

Бүгінгі таңда барлық жерлерде азаматтармен және кәсіпкерлермен жұмыс жасауда «қағаз» технологиясын қолдану, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші нысандар үшін де, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін де кең ауқымды уақыт пен ресурстың ешқандай нәтиже бермейтін шығындары көлемінің өсуіне алып келеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мемлекет пен оның азаматтары арасындағы өзара байланыс желісін едәуір кеңейте түседі, осы өзара байланыстың сапасын арттырады, және де әрбірінің қызығушылығы ескеріліп, өзара түсіністік негізінде қалыптасқан және ортақ жасампаздық мақсаттарға ұмтылған азаматтық қоғамның беріктігін нығайта түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет