Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет48/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік органдар мен оның құзыреттілігі жүретін сала ерекшелігіне байланысты осындай бөлімдер үш түрге бөлінеді:

Бірінші үлгіге жұртшылықты мемлекеттік органдар қызметі жайлы ақпараттандыру жатады. Бұл міндетті баспасөз қызметі, БАҚ, саяси партиялармен және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату бөлімі атқарады. Осы бөлімдер тарататын ақпарат біржақты мазмұнға ие, себебі үгіт-насихат әдісі арқылы оңтайлы бейнені қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады. Оны «асимметриялық» деп те атайды, себебі, бұл жерде, қоғам тарапынан кері байланыс іс-әрекеті жасалмайды. Ақпараттық ағынның біржақтылығы бұл қызметті толыққанды атқаруға мүмкіндік бермейді және қоғамның демократиялық үмітін ақтамайды.

Екінші үлгі өз қызметі жайында оң көзқарасты тарату мақсатында баршаға танымал үгіт-насихат әдістері мен тәсілдерін пайдаланып қана қоймай, осы сәтте мәселе бойынша қоғамның белгілі бір бөлшегіне бағытталып, оларды көндіре алатын арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Бұл үлгіні «екі жақты асимметриялық» деп атайды, себебі мемлекеттік органдарға қаншалықты тиімді болатынын ескеріп, тараптардың әсер етуі есепке алынады.

Үшінші үлгі мемлекет тарапынан қоғаммен қарым-қатынасты жақсарту мақсатында жүйелі түрде ақпараттандыруды ғана көздемейді, сонымен қатар, дер кезінде дау-дамайдың алдын алуға және өз қызметін қоғам қызығушылығына сай үйлестіруге бағытталады. Оны «екі жақты симметриялық» деп атайды, себебі мұнда демократиялық қоғамның мүддесіне сай келетін әдістер қолданылады. Бұл үлгі этикалық болып саналады, себебі билік қоғам тарапынан тиімді емес және жете білмейді деген айыптауларға ұшырамайды. Мұнда билік тұрақты, қоғамдық диалогқа ашық. Егер де сайлау мақұлдаған халық сенімін ақтамаса, онда толыққанды пайдаланып, осы үлгіге сүйене алады. Сондықтан да осы үлгі жайында орыс дипломаты және ақыны Ф.И.Тютчевтің айтқан сөзі орынды: «Кейде қоғамдық сананы қорытындыға итермелемей, өз алдына дамуына мүмкіндік берген жөн; жұмсақ қысым жасау аз қарсылықты тудырады».

Мемлекеттік органдарда «PR» қызметінің негізгі бағыттары мыналардан қалыптасады:

- жұртшылықты мемлекеттік органдар қызметі жайында, қабылданған шешімдер негізі жайында ақпараттандыру;

- қоғамдық сана мониторингі;

- аумақтық қарым-қатынас;

- қоғамдық-саяси үдерісті сараптау және болжау;

- адамдарда азаматтық ұстаным, азаматтық ағартушылық және қатыстылық сезімін тудыру;

- мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру, басқарушылардың және өзге де лауазымды тұлғалардың кең танымал болуы жайында қамқор болу.

Бұл жерде коммуникацияның әр түрлі құралдары пайдаланылады (48-сурет):

- БАҚ;


- ғаламтор желісі;

- үгіт-насихат акциялары;

- қоғамдық ойдың қалыптасуына ықпал ететін технологиялық құралдар;

- паблисити;

- имидж және т.б.

Паблисити (ағыл. publisity – жарнамалы түрде танымал болу, әйгілі болу) – оңтайлы тұрғыдан танымал болу және ұйымның оның жұмысшылары мен қызметін жұртшылық алдында мойындауы. Сонымен қатар, паблисити – бұл қалыптасқан ой, ол мемлекеттік органдардың негізгі қызметімен, өзі қызметтес болғандардың пікірі, «PR» құралдары негізінде қалыптасады. Өзіне бірнеше құрамдастарды қамтып, мемлекеттік қызметкер имиджіне, мемлекеттік орган, мемлекеттік қызмет түріне бөліне алады.

48-сурет. Коммуникацияның пайдаланылатын әр түрлі құралдары



Имидж (ағыл. image – бейне, кескін) – кез-келгентұлға мінезінің белгілі бір құндылықтарын алға шығарып, жарнама және жұртқа танымал ету мақсатында біреуге эмоционалды-психологиялық ықпал етуге шақыратын мақсатты түрде қалыптасқан бейне. Ол материалды және рухани басымдыққа ие болуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметкер имиджі мамандық имиджі мен нақты шенеунік имиджінен құралады. Оны қалыптастырудың негізі болып мамандықтың іскерлік қасиеті саналады, ал имиджді дербестендіру жеке қасиет негізінде жүзеге асады. Мемлекеттік орган имиджі осыған дейінгі барлық тәжірибе (өз құзыреттілігін жүзеге асыру барысында жеткен нәтиже) негізінде қалыптасады.

Паблисити имиджге қарағанда кең аудиторияға арналып, сыртта жұртқа танымал болып, БАҚ-ты пайдалану арқылы қалыптасады. Имидж шағын ғана аудиторияға танымал болып, аз көлемде БАҚ-қа сүйенеді. Жарнамалық әдістер негізінде паблиситидің қалыптасуы мен «PR» құралдарының имиджді қолдауының басты айырмашылығы – олар арзан, үлкен сенімге ие, себебі объективті жаңалық ретінде қабылданып, нарықта өзіне-өзі жарнама жасамайды (саясаткерлер немесе мемлекеттік сала).

Өз жұмысында «PR» қоғамдағы күштердің конструктивті қарым-қатынасына көмектесетін, оның оңтайлы дамуын көздейтін (бағыттылық, тұрақтылық, қол жетімділік, шынайылық, мерзімділік, жариялылық, этикалық) коммуникация қағидатын ұстану керек.

Мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік басқару кезінде тек қана қоғам іс-әрекетіне және әлеуметтік топтағы адамдар қызметіне әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, мәдени басқару қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет