Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет44/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

«Производительные силы человека: структура и формы правления» атты кітаптың авторларының айтуы бойынша, қазіргі қоғамда адам рөлі үш деңгейде көрінуі мүмкін (45-сурет):

- атрибутивті;

- тарихи;

- ұдайы өндірістік.



45-сурет. Қоғамда адамдардың рөлі

Жаңа адам санаты бай мағынаға, бай адам қорына ие, олар өзара байланысқан жүйе арқылы көрінуі мүмкін. Мысалы, жұмыс күшінің айналасында және соның негізінде ерекше қарым-қатынас қалыптасады және осы еңбекке қабелеттілік адамнан ажырамас болып келеді. Сондықтан да еңбек күші жеке адамның қабілеттілігі ретінде өмір сүреді. Кей кездері осы қабілеттілікті адам ретінде қарастырады. Бірақ, еңбекке қабілеттілік еңбекті білдірмейді. Мұны А.В. Пикулькин былайша түсіндіреді: «Біз еңбек күшін немесе еңбекке қабілеттілікті ағза, тірі адам ие физикалық және рухани қабілеттіліктердің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Ол оларды кез-келгентұтынушы баға өндіргенде пайдаланады. Өндіріс үдерісінің негізінде жеке адам өзін-өзі жұмыс күшімен, жұмыспен қамтитын actu (іс жүзінде) айналады, ол бұған дейін ол тек қана potentia (әлеуетті) болған».

Ысылмаған адамға еңбек нарығының элементтері саналарын «еңбек» және «жұмыс күші» түсініктерінің ойыны дүниетаным сипаты салдарына ие деген ой келуі мүмкін емес. Сондықтан да, экономикалық теорияның әлеуетті сұрағы болып еңбек нарығында не сатылады деген сауал болады.

Қазіргі экономикалық теорияға сәйкес, еңбек нарығында еңбек сатылады және сатып алынады, ал жалақы – еңбек ақысы.

Маркстік көзқарасты ұстанушылар нарық қарым-қатынасында еңбекті сипаттағанда жоқ нәрсені сатуға болмайды деп тұжырымдайды. Өйткені, Маркс бойынша: «нарықта еңбек сатылмайды, жұмыс беруші пайдаланатын еңбекке қабілеттілік сатылады».

Қазақстандағы еңбек нарығын сипаттауда М.Мелдеханова: «еліміздегі қазіргі

жұмыспен қамтуда еңбек нарығының қазіргі заман парадигмасы қажет» деген қорытындыға келді. Мұнда еңбек нарығының субъектісінің қалыптасуының жаңа тұжырымдамалық әдістері болуы қажет – еңбек әдістерінің иесі мен жұмыс күшінің иесі, нақтылайтын болсақ, экономикалық жүйенің ерекшелігін ескере отырып жұмыспен қамтуды және оның нысандарын реформалау.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістер жаңа еңбек қарым-қатынасының, еңбек әдістері мен ынталандырудың пайда болуына әкелді. Бұл еңбек нарығының жаңаруына, түбегейлі реформалану салдарына әкеп соқты. Қазақстандық ғалым А.Т. Әшімбаева: «Бұл өзгерістерді кейінгіге қалдыру экономика жүйесінің осы саласының артта қалуына әкелуі мүмкін, себебі жүйелеу түбегейлі үдерістерді көрсетеді, қоғам мүмкіндіктерін олардың дамуын реттеуде кеңейтеді» деп көрсетеді.

Еңбек нарығында құрылымдық өзгерістер шарттары:

1. Жекешелендіру және жеке меншік түрлері нәтижесінде жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшының пайда болуы.

2. Экономика саласына байланысты жұмыс күшін пайдаланудың өзгерісі.

3. Жаңа қосымша еңбектердің пайда болуы және кәсіпкерліктің дамуы.

4. Жұмыссыздықтың пайда болуы.

5. Халық саны арасында демографиялық өзгерістер (жас және жыныс жағынан).

6. Экономикалық жүйеде өзін-өзі жұмыспен қамту.

7. Еңбек нарығындағы миграциялық икемділік.

8. Ақпараттық экономиканың қалыптасуына әкелетін технологиялық төңкеріс болып табылады.

Статистика маманы Ю.К. Шокамановтың айтуынша, Қазақстандағы экономикалық жүйедегі құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жаңа экономикалық іс-әрекетке тән адам қалыптасты. Еңбекке жоғары қабілеттілік, өзінің қолданылу саласының кеңеюі оның икемділігімен түсіндіріледі, яғни бір саладан екінші салаға өту. Ол еңбек үдерістерінің мамандандырылуы мен жаңа салаларды құруды ынталандырады. Қажеттілік динамикасы, олардың икемділігі мен өзгеруі еңбекті түбегейлі бөлуге әсер етеді. Жеке меншік саласында болып жатқан өзгерістер де жаңа еңбекті қолдану салаларының пайда болуына, мамандануына және болашақта еңбекті бөлуге ықпалын тигізеді. Еңбектің көптеген салалары, демографиялық өзгерістер, жас және жыныс ерекшеліктері және т.б. еңбек нарығының жалпы ұйымдастырылуына қатысады және оның ажырамас бөлшегіне айналады.

Еңбек нарығында қалыптасқан жаңа экономикалық қарым-қатынас жүйесінде еңбек белсенділігін анықтайтын себептер мен ынталандыру үлкен рөлге ие болды. Олар тек қана еңбек өнімділігін ғана болжамайды, сонымен қатар, атқарылған жұмыстан алған қанағаттанудың жоғарылауын да қарастырады.

Ондаған жылдар бойы экономика тетігінің қызметі адамдарға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік бермеді. Бұл олардың жан-жақты дамуына кедергі келтірді. Қазіргі кезде еңбек нарығында адамдарға өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін жағдай туды. Жеке адамдар өздерінің еңбектерін қанағат тұтуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет