Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті


тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет41/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

5 тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

5.1. Мемлекеттік органның ұйымдық құрылымы мен сипаты

Мемлекеттік басқаруды кешенді түрде зерттеу – оның мүмкіндіктерін экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және мемлекеттік құрылымның өзге міндеттерін іс жүзінде жан-жақты шешуде теориялық маңызды шарт. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру оның тиімділік мәселесімен байланысты (лат. effectivus – қажетті нәтижеге жетуші, белгілі бір жетістік; іс әрекет шаралары). Мемлекеттік басқару тиімділігі мәселесі өтпелі мазмұн бермейді, себебі ол әрдайым өзекті. Оның тоқтаусыз сипаты қоғамның жеткен жетістігін тұрақты түрде жетілдіру қажеттілігінен туындап отыр.

Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің әлеуметтік ресурстық әлеуеті ұлт және мемлекет ие мүмкіндіктерді жүзеге асыру негізінде айқындалады. Осы сұрақтың маңыздылығы әлсіремейді, керісінше, қоғамдық үдерістердің қиындығы мен интенсивтілігі негізінде, әсіресе, дағдарыс пен реформалар кезінде, мемлекеттік басқарудың күнделікті өмірдегі маңызды рөлін қарастырады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру үдерісінің өзектілігі, сипатты белгілері, мақсаттары мен құрылымы оның қоғам өміріндегі рөлінің жоғарылауымен ғана анықталмайды, сонымен қатар, мұндағы жұмыс жасайтын заң және үдеріс жиынтығы ретінде, ең бірінші кезекте, қоғам жүйесін басқарудың саяси-әлеуметтік рөлі, оны қайта жаңғырту негізінде анықталады. Осыған орай, мемлекеттік басқаруды жетілдірудің үдерісі кешенді болу, оның құрама бөлімдерін, сонымен бірге ұйымдық нысандары мен бағынушы объектілер қызметінің танылуын және қоғамды басқару жүйесін де қамтуы керек.

Басқарудың демократиялық жүйесінде мемлекеттік органдар ресурстарының қатаң шектеулі жағдайында қоғамның және жеке азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету олардың тиімділік белгісі болып саналады. Сондықтан да, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мемлекеттің қоғамға басқару қызметін көрсету тапшылығы мен әлеуметтік жетілдірудің өсіп отыратын қажеттіліктеріне жауап беруі арасындағы қысымда жүреді. Тиімділік материалдық шығынды азайту (қаржы, экономикалық және өзге де шығындар) мен кадр әлеуетін тиімді түрде пайдалануды талап ету тәртібінде жатыр.

Бұдан қоғам қолындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіретін үш маңызды ресурсты атап өткен жөн.

Жаңғырту жолымен басқару:

- біріншіден, оның институционалды-құрылымдық ұйымдастырылуы жетілсе;

- екіншіден, мемлекеттік органдардың кадр құрамының сапасы жақсартылса;

- үшіншіден, тиімді жарасымдағы дамудың объективті қажеттіліктерінің шығыны ең төменгі деңгейде болса сәтті болады.

Анығырақ айтқанда, әлеуметтік ресурстар қатарына қоғам қолындағы – материалды және рухани ресурстар (табиғи және адам қолымен жасалған байлықтар) жатады.

Әлеуметтік ресурстар – бұл қоғам еркіндегі шынайы және әлеуетті мүмкіндіктер, яғни ресурстар мен игіліктер.

Ол оны пайдаланады және қоғам үшін әр түрлі әлеуметтік өмір саласында және қызметте қажет болады. Сонымен бірге, күнделікті адам өміріне қатысты әлеуметтік, материалдық және әл-ауқат құндылықтарын қамтиды.

Әлеуметтік ресурстар ішінде ең маңыздысы – билік және басқару ресурстары. Билік иесі (басқару субъектісі) оларды билік-басқару қарым-қатынасының (билік және басқару объектісі) өзге мүшелерін өзіне бағындыру үшін қолданады. Олардың ішіндегі ең негізгісі мемлекеттік билік және басқарудың кадр ресурстары. Тәртіп бойынша, мемлекеттік қайраткерлер, саясаткерлер мен шенеуніктер мемлекеттік аппаратта өздерінің басқару лауазымдарына сай билік ресурстарына ие болады. Билік ресурстары – басқарудың негізгі көзі. Олардың билік негізі ретіндегі маңыздылығы В.Н. Ивановтың «әлеуметтік айырбас» теориясында көрсетілген. Бұл теория бойынша, билік негізінде, яғни мемлекеттік басқарудың негізінде тапшы ресурстарды тең бөлу жатыр. Қолдарында ресурстары жоқ адамдар ресурс иегерлерінің бұйрықтарын орындау негізінде оларға қол жеткізеді. Демек, олар билік иелеріне тәуелділікке түседі, оларға бағынады. Ал әлеуметтік ресурстарды бөлу және қайта бөлу мемлекеттік басқару үдерісінде жүреді.

Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың өсуі ерекше мағынаға ие.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет