Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет40/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекет пен қоғам қарым-қатынасында олардың ауқымы бойынша келесі әлеуметтік мүдделерді атап кеткен жөн:

- қоғамдық;

- мемлекеттік;

- өңірлік;

- ұлттық;

- кәсіби;

- корпоративті;

- жеке.


Мемлекеттік басқару жүйесінде тікелей және кері байланыс қарым-қатынасы ерекше назарды талап етеді, себебі оны нысаналы түрде өзгерткен. Кейбір зерттеушілер бұл байланыстарды қаталдық, өктемдік деп қарастырады. Олардың айтуы бойынша, осы байланыстарсыз қоғамдық үдерістерді басқару мүмкін емес. Өзге зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл қарым-қатынаста эгоистік «мен қалаймын» деген ұстаным басым. Ол басқару ықпалына немқұрайлы қарап, кері байланысқа шексіз талаптар мен жазғыру түрінде ретсіз сипат береді.

Қалай сипатталғанымен де, мемлекеттік басқаруда міндетті түрде басқару әсері көріну керек, яғни мемлекеттік басқарудың өткір және өзіне бағындыратын, оларды басқару объектісіне апаратын элементтер (бөлшектер) болуы керек. Кез-келген мемлекеттік органда туындаған басқару ықпалы басқару объектісіндегі адамға жетпесе, оның қызметі мен іс-әрекетіне әсер етпесе, мемлекеттік басқару жүзеге аспайды. Басқару ықпалы жүйесі болмаса, онда мемлекет тарапынан басқару бірнеше бөлімдер мен элементтерге бөлініп қалады (бөлшектер мен тізбектер емес). Олар бір-біріне қарама-қайшы және жекелеген түрінде қызмет ете бастайды.

Мемлекет тек қана міндетті түрде (әкімшіліктік) тәртіп пен қызметті орнатып, оларды орындауды талап етіп, орындамаса жаза қолдану қорқынышымен ғана басқармайды, сонымен қатар, әсер ету салық, тариф, баж салығы, үлес, лицензия, тауардың сапасын және бағасын бақылау, инвестиция, артықшылық, бюджет, валюталық реттеу, бәсекені қамтамасыз ету, заң негізінде де өз ықпалын жүргізеді (44-сурет). Бұл тізім шексіз. Басқару шеберлігі түрлі әдістер, нысандар, үдерістер, технологиялар негізінде басқарылатын объектілердің тиімді қызметіне жету болып саналады.

44-сурет. Мемлекеттің экономикаға жанама түрде ықпал ететін факторлары

Мемлекеттік басқарудың жүйелі сипаты оның барлық бөлшектері мен элементтерін объективті түрде белгілі бір өрістік тұтастыққа біріктіреді. Ол мемлекеттік басқаруда белгілі бір жалпылық, таралғандық, белгілі бір деңгейдегі бірегейлік, дербестік, қайталанбастық жайында сұрақ қояды.

Теориялық жорамалдарды және мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибелік іс-шараларды тарихи тұрғыдан сараптау көрсеткендей бізде жиі түрде бірлік, бірегейлендіру (шаблондау) және типтілік деген түсініктер бір-біріне теңестіріліп келеді және теңестіріледі. Бірегей элементтер (бір мағыналы, бірдей) қаншалықты көп болса, барлық жерде бір ғана шаблон көрсетіледі, яғни ол мемлекеттік басқару жүйесінің сенімді бірлігі. Міне, барлық құрылымға, құзыреттілікке, штатқа және т.б. «жоғарыдан» бірдей міндеттіліктер жүктеледі, яғни мемлекеттік органдар бір ғана дәрежеге сәйкестендіріледі, басқару қызметтері мен басқарушылық іскерлікті жүзеге асыру әдістері бір ғана құқықтық регламенттеуге сәйкестендіріледі. Мемлекеттік басқарудағы жалпы көзқарас, бір мағыналы әдіс қоғамдық құбылыстар мен жағдайлардың көптүрлілігі кең таралған, ең бастысы басқару пирамидасының төбесінде көп кездеседі.

Мемлекеттік басқарудағы типтік жалпылықты, анықтаушыны, сипаттаушыны, яғни маңызды құбылысты, үдерісті көрсетеді. Типтік дегеніміз – бұл бірнеше элементтердің жалпы сапасы. Ол олардың әрқайсысында түрлі сандық параметрлерде көрінуі мүмкін.

Кез-келген саналы адам өзіне қойылған міндетті шешіп, мақсатқа жетіп қана қоймай, оны ең жоғары табыспен және ең төменгі шығынмен (ресурс, уақыт, өз күші және т.б.) шешкісі келеді. Осы жағдайда ол еріксіз түрде типтік түрге жүгінеді, яғни бұған дейін шешілген немесе шешіліп жатқан біртекті әдістер мен тәсілдер, нысандар мен ресурстар негізінде шешуге тура келеді. Оны жан-жақты зерттеп, өз жағдайына қолданады. Әрдайым дөңгелек ойлап шығарудың қажеті жоқ, көпшілікке танымал болған бұған дейін қолданылған тәжірибелер мен білімдерді пайдаланған жөн. Әлемде дамушы технологияларға, жетілген тетіктер мен оларды толыққанды қолдануға негізделген ұйымдастыру мен іскерліктің барлық жаңа әдістері мен нысандары зерттеледі. Міне, осы жаңаны, қызықтыны, конструктивтіні, болашағы барды тек қана байқап қана қоймай, оны баршаға жариялап, үлгілеп, яғни бар адамның қолданатын сенімді тәсіліне айналдыру керек.



АҚШ зерттеушілері Т.Питер пен Р.Уотермен еңбектеріндегі типтілікті мысалы ретінде көрсетуге болады. Олар қарқынды жұмыс жасап жатқан бірнеше компаниялардың ұйымдастырылуы мен қызметін сараптап, бірнеше типтік белгілерді байқады, оларды атап өтер болсақ:

1) іс-әрекетке бағдарлау;

2) тұтынушыға тура қарау;

3) дербестік және тапқырлық;

4) өнімділік - адамнан;

5) өмірмен байланыс, құнды басқару;

6) өз ісінің жолын қуу;

7) қарапайым нысан, басқарудың қарапайым штаты;

8) іс-әрекет еркіндігі және бір жолғы қаталдық.

Бұл парадигмалар шартты түрде келеді, көбі менеджмент және мемлекеттік басқару саласында жұмыс жасайтын көптеген құрылымдарға тән.



С. Ковалевски әкімшіліктік басқару мынадай типтік бағытта ашылатынын айтады:

- аппарат құру – қызметкердің жұмыс орны, құрылымдық бөлімдер, басқарудың ауқымы мен саласы, ұйымдастырушы бірліктер арасындағы байланыс, қосымша және штабтық қызмет;

- еңбек үдерісі және қызметтік қарым-қатынас – басшылар қызметі, бағынушылар іс-әрекетін бағалау, тапсырмаларды қалыптастыру тәсілдері, жақсы жұмыс түрткісі;

- қызметтік бақылау, бағалау, көтермелеу және пікір айту, әкімшіліктік бақылау;

- қоғаммен байланыс – келушіге техникалық қызмет көрсету.

Басқару жөніндегі әрбір жұмыста автор басқару мақсатына жетуге ықпал жасайтын және басқару қызметін жүзеге асыратындарды типтік ретінде көрсетуге тырысады.



М.Кастельс капитализмді қайтадан жүйелеу және индустриализмнен ақпараттандыруға өту кезіндегі типтік ұйымдастыру траекториясы жайында былай дейді:

1. Жалпы өндіруден икемді өндіруге көшу (фордизмнен постфордизмге).

2. Инновация агенттері және жаңа жұмыс орындарын жасау көзі ретінде орта және шағын фирмалардың жоғары деңгейдегі өміршеңдігі.

3. Менеджменттің жаңа әдістерін жасау (менеджмент пен қызметкерлер арасындағы байланыс, әмбебап жұмыс күші, сапаны жаппай басқару және белгісіздіктің азаюы).

4. Шағын және орта кәсіпкерлердің өміріне енгізілген мультибағытталған жүйелі үлгі (фирмааралық жүйе).

5. Корпорация «шатырының» астында субмердігерлік-лицензиялық өндіріс.

6. Үлкен корпорациялардың мүдделесуі негізінде стратегиялық альянстарды құру.

7. Тік бюрократтықтан көлденең корпорацияларға қарай жылжу.

8. Іскерлік жүйені іргелі материалға айналдыру: одан жаңа ұйымдар құрылып жатыр және құрылады.

Мемлекеттік басқаруда типтік жүйемен бірге маңызды орынға жалғыз ғана, қайталанбас, өзіндікті айтуға болады. Бұған себеп: көп жағдайда мемлекет «штаттан тыс» жағдайларда жұмыс жасау керек, яғни қолданылатын ұқсас қағидаттар болмаған кезде. Егер де мемлекеттік басқару сатылық жүйесінің төменгі органдары жайлы сөз қозғасақ, онда олар өзіндік табиғи, әлеуметтік, демографиялық жағдайларда өмір сүреді.

Бірегейлік мемлекеттік басқаруда еркіндік пен шығармашылық әдіспен байланысты. Типтіліктің өзін үлгі бойынша немесе ресми түрде ғана қолдана алмаймыз. Әркім өз орнына сай күнделікті өмірде ескі, біркелкі, механикалық іс-шараларды орындайтын басқару конвейерінің технологиясы емес. Типтілік ұластырылу, нығыздалу және оң нәтиже беруге арналған. Бұл жерде нақты жағдай жиынтығы мен итермелеуші күштің ерекшелігі ескерілуі керек. Басқаша сөзбен айтқанда, мұнда бірегейлік бар.

Бірегейліктің мүмкіндігі мен қажеттілігі бізді басқару тәжірибесіне шығарады, сондықтан да, басқарудың жетілуіне апарады. Бірегейліктің жоқтығы мен типтіліктің өмір сүруін мойындасақ, біз керітартпалыққа, тоқырауға, басқарудың сүйектенгендігіне, оның жүйесінде жаман атмосфераға тап боламыз. Типтілікпен салыстырғанда, ең озықпен, тиімдімен, осы себептен ең өзектімен салыстырғанда, бірегей болып саналады. Ол бір ғана нұсқада пайда болып, уақыт өте келе әр қадамы барысында өзінің ұтымдылығын дәлелдеп, өзінің «күн көзі астындағы орнын» қайтарып алады. Даму диалектикасы осындай, яғни қоғамдық құбылыстың бір сападан екіншісіне өтуі.

Өкінішке орай, тарих фактілерінің көлемінен мемлекеттік басқаруда бірегейліктің қиын қабылданғаны жайлы біраз ақпаратты көре аламыз, әсіресе, ол жоғары деңгейлерінде анық көрінеді. Адамдар таланты негізінде туындаған көптеген бастамалар, ұтымдылықтар, мемлекеттік басқару саласындағы ноу-хаулар бір ғана немесе бірнеше нұсқада қалады. Әрі кетсе, олар жайында БАҚ хабарлайды. Типтік еместі жүктеу күнделікті өмірде болды және сақталып келеді, ол кез-келгенбасшыға – үлкенге және кішіге тән.

Басқарушылар мен бағынушылар психологиясындағы және дүниетанымындағы бірегейлікке қатысты қарым-қатынасты түбегейлі өзгерту, басқару шығармашылығына жол ашу, басқару тәжірибесіне құқықты заңды түрде бекіту керек. Егерде жағдай сол күйінде қалып, бірегейлік аяғына тұруға өз бетімен ұмтылса, онда мемлекеттік басқарудың ұтымдылық және тиімділік үдерісінің жоғарылауы тез, әрі сәтті болуы екіталай, себебі, тәжірибелі және ұйымдасқан бюрократтық күші мен жалғыз және жасқаншақ бірегейліктің күштері тең емес. Бірегейліктің өз беделін түсіріп, бұрмаланып және қарама-қайшы нәтижемен қолданылуы мүмкін.

Типтілік пен бірегейлік мемлекеттік басқарудың сапалы жетілдіру негіздеріне жатады. Олардың бірлесуі ішкі дамуды тудырады. Бұны есте сақтап, тәжірибеде қолданған жөн.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет пен қоғам арасындағы әлеуметтік мүдделер.

2. Тікелей және кері байланыс қарым-қатынасы.

3. Мемлекеттік басқарудың әсер ету жолдары.

4. Міндеттерді шешудегі типтік белгілері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет