Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет43/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Персоналды басқару – ұйымдық құрылымдарды құрайтын адамдарға нысаналық әсер ету және ол даму мақсатына, стратегиясына, шарттары мен міндеттеріне сай қызметкерлер қарастыру мүмкіндіктері. Ол ұйымдағы «адам өлшемінің» ерекше саласы және сараптау аспектісінің негізгісі ретінде ұйымдық-басқару тұтастығын ұсыну болып саналады.

Мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың әлеуметтік ресурстар әлеуетін ашатын басым бағыттар қатарына мыналар жатады:

1) әлеуметтік күтілімге және үдемелі даму қажеттіліктеріне тиімді жоғары деңгейде жауап беретін мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық-институционалды ұйымдасуының жетілуі;

2) саяси, әкімшіліктік, экономикалық, құқықтық сипаттағы әлеуметтік іс-шараларды өткізумен байланысты менеджменттің, маркетингтің және мониторингтің иілгіш жүйелерін енгізу;

3) мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдармен, партиялармен, БАҚ және өзге институттармен қарым-қатынас тетігін жасау, соның ішінде өзінің құрылымы ішінде қоғаммен байланыс орнату қызметін жасау;

4) басқару қызметінің нақтылығы мен жеделдігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің жетілуі;

5) мемлекеттік аппаратты жетілдіру мен оның орындылығы мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жеделдігі мен құрылымдық-ұйымдастыру тетігін тиімді ету;

6) мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін, біліктілігін және білім-мәдениет деңгейін арттыру;

7) мемлекеттік қызмет жүйесінде кадр саясаты мен қызметкерлерді басқаруды жетілдіру.

Демек, мемлекеттік басқару үдерісінің жетілдірілуі – қоғамдық дамуды қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару ықпалы жайындағы заңнама білімін игерудегі қоғам қызметінің маңыздылығын түсіну болып табылады. Қоғамның серпіні, қиындығы, шешілетін міндеттердің әралуандығы мемлекеттік басқаруға жоғары және ерекше талап қояды. Тек қана оның дәрежесі мен ауқымына сай келумен шектелмеу керек, сонымен қатар, көп жағдайда, оған тиімді ұйымдық, қызметін атқарушылық және іскерлік-праксиологиялық алғышарттар жасау үшін қоғам дамуынан озып отыруы тиіс. Ал, бұл үшін мемлекеттік басқару үдерісінің жетілуі жоспарлы, ажырамас, жүйелі, ғылыми негізделген, тәжірибеде жүзеге асыруға келетін және сапалы нәтиже болуы керек. Осы үдерістің мазмұны мен ұйымдастырылуы мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігін жүзеге асыратын тиімді фактор және шарты бола алады. Сондықтан да, еш асыра сілтеусіз-ақ айтуға болады, мемлекеттік басқарудың деңгейі, сапасы, тиімділігі, яғни оларға «адам факторы» әсер ететін, әлеуметтік жаңғырудың маңызды көзін береді және қоғам (ал, оның ішінде адам мен мемлекет, оның ішінде азамат) мен дамудың қозғаушы күші ретінде алға шығады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқаруды жетілдіретін қандай ресурстар бар?

2. Әлеуметтік ресурстар қалай жіктеледі?

3. Саяси ресурстардың қандай ерекшеліктері бар?

4. Әлеуметтік ресурстар әлеуетін ашатын басым бағыттар.

5. Мемлекеттік басқарудың экономикалық ресурстары.

6. Адам ресурстары тұжырымдамасының негізгі ерекшеліктері.

5.2. Адами ресурстарды басқару

Нарық реформасының бастапқы кезеңдерінде еңбек саласының барлық өзгерістері – мемлекет иелігінен алу және жеке меншіктік үдерістеріне, жеке меншіктің әр түрлерін және бірнеше түрлі қолданбалы экономика жасауға, жаңа шаруашылық субъектілерінің пайда болуына, жеке меншіктің корпоративті, топтық және жеке нысандарының пайда болуына байланысты болды. «Адам дамуының 2006 жылғы есебі» бойынша: «Қоғамдық өндірісте толыққанды және жалпы еңбекпен қамтудан нарықтық шаруашылық белгілеріне сай жүйеге өту жүзеге асқаны баршаға аян. Түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды, яғни: қоғамдық, ұжымдық еңбектің орнына жеке, дербес еңбек келді».

Осы «жаңа» жағдайлар кезінде мемлекеттің адами ресурстарды басқарудағы рөлі таралып кеткен жоқ, керісінше, өзгертіліп, жаңа сапалы қызмет ету деңгейіне өтті. Мемлекет еңбек нарығына тікелей ықпал етпей, еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқарудың осы қызметі дағдарыс кезінде өзектілікке ие. Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс беруші ұйымның меншік нысанына қарамастан жұмысшыларды қайта оқыту үшін қаржы бөлу әдістерін қолдануды талап етуде.

Нарықтық экономиканы еңбек нарығынсыз жасау мүмкін емес. Еңбек нарығы тұтынушы нарық және қаржы қоры нарығымен бірге қазіргі экономиканың негізін құрайтын нарықтың үш түрінің бірі болып саналады. Еңбек нарығындағы өзгерістер осы нарық субъектілері ретіндегі жеке адамдарға да әсер етеді, сондықтан да, экономикалық жүйедегі болып жатқан құрылымдық өзгерістер еңбектің қарым-қатынастары саласындағы өзгерістерге алып келеді.

Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайды бағалау оның құрылымын толыққанды зерттеуді болжайды. Бұл мәселені зерттеу мынаны көрсетті: қазіргі жағдайда құрылым тек қана еңбекті сатып алу-сату үдерістерімен, халықты жұмыспен қамтуды және оның деңгейін қалыптастырумен шектелмей, экономикалық белсенді халықты әлеуметтік қорғау әдістерін де қамтуы керек. Мұның себебі, бірінші кезекте, тұлға мен экономика арасындағы қарама-қайшылықтың бар екенін ұмытпау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет