Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет46/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Әлеуметтік-коммуникативті қарым-қатынас (ағыл. publik relations – көпшілікпен қарым-қатынас, сыртқы байланыс) ұйымдастыру құрылымдарының қоғаммен байланысы үдерісі кезінде қалыптасып, соның ішінде мемлекеттік құрылымдардың қоғаммен байланысы негізінде, ғасырлық тарихқа ие әлеуметтік дамыған мемлекеттер қызметінде маңызды құбылыс болып саналатыны И.А. Алешинаның «Паблик рилейшнз для менеджеров и маркетеров» кітабында айтылған. «PR» аббревиатурасы – өзара түсінікке және өзара қарым-қатынас мақсатында қоғаммен байланысты орнатуға, реттеуге, дамытуға бағытталған мемлекеттік және өзге органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметінің ағылшын-американдық атауы.

«PR» атауында қоғаммен байланыс түсінігі мемлекеттік басқарудың субъектісі мен объектісі түрлі полюсі және бөлінген антогонистік субстанция ретінде өмір сүрмей, керісінше, қоғамдық қарым-қатынас мүшелерінің өзара байланыс негізінде өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін әлеуметтік коммуникацияның әдісін ойлап табу қажеттілігінен туды. «PR» мағынасының жайылуы – әлемдік үрдіс. Сондықтан да, білім саласы мен қызмет іскерлігі ретінде батыс елдерінде тығыз қалыптасқан қоғаммен байланысқа негізделген таралымға ие, сонымен қатар, мемлекеттің өмір сүру кеңістігіне де таралады.

Соңғы кездегі отандық мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі жағдайға сай өзгерту үдерісі шетелдік тәжірибелерді есепке алу негізінде жүріп жатыр. Алғашқы кездері жеке компанияларды басқару үдерісінде пайдаланылған тиімді басқару әдістер мен технологиялар тәжірибелерін қабылдауға мүмкіндік берді. Бір жағынан, соңғы кезде адамдардың әр түрлі саладағы қызметін әлеуметтік-психологиялық басқару әдісінде саяси рөл дәрежесі өсті. Білімпаздық, мамандардың біліктілігі, ұлттардың араласуы мен қоғамдық өмірдің негізгі саласының жаһандануының өсуі, мемлекеттен басқару әдістерінде қиын, әрі шебер әдісті пайдалануды талап етеді. Бүгінгі таңда жағдайды басқару үшін адамдардың іс-әрекетін басқару жеткіліксіз. Қоғамдық сананы және рухты қалыптастырып, олардың танымына, сезіміне ықпал ету керек.

Мемлекеттік органдарға басқару қызметін тиімді атқару үшін мемлекет ісінде азаматтардың қызығушылығын көрсететін, барлық еркіндік пен заңдарды белсенді түрде пайдаланатынын білдіретін қоғамдық қолдау керек. Қоғамның қолдау көрсетуі тұрақты түрдегі мемлекет пен қоғам арасындағы шынайы диалог негізінде ғана жүзеге асады. Қоғамда қызмет етуші, ақпаратты өркениеттің кемелденуі деңгейіне жеткен әлеуметтік-коммуникативті әл-ауқат кеңістігінің қалыптасуы кез-келгенұйымның саналы түрдегі қажеттілігі болып саналады. Мемлекеттік басқаруды осындай тұрғыда қарастыру әр түрлі нысаналық коммуникацияны (сайлаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстармен, діни ағымдармен, кәсіптік одақтармен, кәсіпкерлік құрылымдармен, лоббистермен, салымшылармен, несие берушелермен, халықаралық ұйымдармен және т.б.) орнату мен пайдалануды болжайды.



Жұртшылық – қоғамдық ережемен және белгілі бір қызмет бойынша осы немесе өзге де кеңістікте бірлескен адамдардың тобы немесе ортасы. Қоғам тудыратын және жасайтын қызығушылықтарды, қажеттіліктерді, мұқтаждықтарды, сұраныстарды түсініп және осының негізінде қоғамдық өмірде кез-келген сұрақтарға байланысты қоғамдық сананы білдіреді. Мұғалімдердің жалақысын кідіртуге қарсы шығатындар, өз құқығын қорғайтын кәсіподақ мүшелері, көшелік демонстрациялар, фалеристер клубы немесе ғалымдар кеңесінің мүшелері, қарттар ұйымдарының өкілдері немесе спорт қоғамының фанаттары – осы топтардың бәрі белгілі жағдайда жұртшылықты құрайды.

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жұртшылықпен байланыс – бұл нысаналық бағытталған мемлекеттік аппарат құрылымының (органдар, ұйымдар, мекемелер) азаматтармен және қоғамдық институттармен байланысы. Оны болып жатқан шешімдер мен әр түрлі іс-әрекеттерге қатысты қоғамдық ортаның қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін, шынайы жүргізіліп жатқан және жарияланған саясатпен теңестіретін, жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды қоғам қызығушылығымен сәйкестендіретін, қоғамдық ойды қалыптастыру үшін кез-келгенмәселе бойынша жаппай көпшілік сананы қалыптастыратын, тиісті қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыратын бұқаралық билік пен басқаруды жүзеге асырып жатқан ақпараттық-коммуникативтік қызмет ретінде қарастыруға болады.

Билік құрылымы үшін осы басқару қызмет ерекше өзекті болып саналады, себебі халықты ақпараттандыру қызметінің тиісті дәрежеде болмауы, көп жағдайда, билікке қатысты қарым-қатынасты қалыптастыратын әр түрлі теріс жорамалдардың таралуына әкеледі. Сайлаушылар парламенттің және жергілікті өкілетті билік органдарының қалай жұмыс жасайтынын, олардың мүддесін қалай қорғайтынын білгісі келеді және білуге тиіс. Сайлаушылар олардан сайлау алдында берген уәделері, жарнамалары және алға қойған жоспарларының жүзеге асырылуы жайында есеп талап ете алады. Билік құрылымдары алдында мемлекеттік аппаратты азаматтар мен ұйымдарға жақындату, оның жұмысын ашық қылып және жұртшылықпен қарым-қатынасты нығайту, бірнеше байланыс орнатып, адамдардың билік іс-әрекетін дұрыс түсінуі мақсатында олармен тікелей диалог орнату міндеті тұр.

Мемлекеттік басқаруда жұртшылықпен байланыс жүргізіліп жатқан іс-шараға әлеуметтік ортаның тиімді қарым-қатынасын орнату жалпы заңдылық негізінде құралады. Жұртшылықпен байланысты қолдау үшін қарым-қатынас дауқымының әр түрлі технологиясы бар: шағын ортамен байланыс орнатудан бастап, аудитория саны шектелмеген жалпылама коммуникация әдісіне дейін. Бұл жерде өзге салаларда қолданылған

технологиялар (сауда, туризм, шоу-бизнес және т.б.) пайдаланылады. Бірақ, «PR» кәсіпкерлікті басқарудың тетігін басқа жерге қолдану – көшіру, мысалы, мемлекеттік басқаруда жарнамалық тәсілді қолдану қарапайым техологияландыруға әкеп соғады, жүйенің қызметін бұзады. Кең мағынада қарастырғанда «PR» ортасы болып басқару объектісі – қоршаған орта – өзінің атрибут мазмұнымен сипатталады. Сондықтан да, билік өкілдерінің азды-көпті бағынушылармен қарым-қатынасының дамуын болжайтын, «PR» қоғамдық өмірді басқарудың маңызды бөлшегінің бірі. Бағынушыларға қажетті ақпаратты беру, түсіндіретін материалдарды тарату, қоғамдық ойды зерттеу және т.б. «PR» қолдану – қоғамдық санаға ықпал ете отырып, қоғамдағы мақсатты топтан қажетті іс-әрекетті ала алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет