Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет42/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Бірінші кезекте:

- өндірісті басқару үдерісін жаңғырту, жұмысшы күшін пайдалану, жұмысшылардың кәсіби дайындығын жетілдіру;

- халық шаруашылығы мен өнеркәсіптер салалары арасында жұмысшы күшін бөлу және босату;

- сапа, шарттар мен еңбекті қорғау талаптары.

Еңбек ресурстарының дамуын мемлекеттік реттеу мен оларды тиімді пайдалану заң және атқарушы органдар деңгейінде жүргізіледі. Олар мемлекет пен аумақтың еңбек нарығының қалыптасуына, халықты жұмыспен қамту саясаты арқылы көші-қон үдерісіне, жалпы және арнайы білімді ұйымдастыруға, кадрларды кәсіби дайындау мен біліктілігін арттыруға және т.б. әсер етеді. Ұзақ мерзімді жоспарда қоғам өмірінің тұрақты оң өзгерістері шынайы өндіру мен тиімділікпен анықталады, яғни мемлекеттік құрылымдар тиімді жұмыс жасаса, онда өндіріс пайдалы болып саналады. Олардың нәтижесімен айқындалады. Мемлекеттік басқару түйсігі қойылған мақсат бағытында қоғамның даму қарқынын жеделдетеді.

Мемлекеттік басқару тиімділігі ұйымдық жоспарда қызметтік мамандану мен ұтымдылықты, басқару ортасы мен тұрақты кәсібилер аппаратының бөлінуін талап етеді. Олар өз қолдарында атқарушы-өкім етуші өкілдікті шоғырландырып, мемлекеттің басқару үдерісінде саяси шешім қабылдауды бастамауы да мүмкін.



Әкімшілік-саяси элита саяси-басқарудың сапасы мен қызметінің ең жарқын көрінгендерін ұстаушы болып сипатталады. Қоғамды басқару тобының ерекше рөлі элитаризм теориясында зерттелді. Онда қоғамда басқарушылар мен бағынушыларға бөліп, саяси билік әлеуметтік қарым-қатынастың негізгі бөлігі ретінде қарастырылды. Оның ішінде ең маңыздысы үстемдік ету мен бағыну қарым-қатынасы ерекше. Мысалы, қазіргі таңдағы батыстық демократиялардың теориялық негіздеуінде кеңінен қолданылатын көпшілік элита теориясы бойынша, әлеуметтік жүйеде саяси, экономикалық, мәдени және соларға тән элиталар өмір сүреді. Жетекші орынға мемлекеттік саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне тікелей қатысы бар саяси-әкімшілік элита ие. Оған, көп жағдайда атқарушы қызметті орындаушы, бірақ саясатқа тікелей ықпал ете алмайтын әкімшілік элита жатады (мемлекеттік бюрократтықтың ең жоғары тобы).

Мемлекеттік органдар кадрлары – мемлекеттік қызметшілер – біліктіліктері әр түрлі кәсіби дайындалған мамандар корпусы, өздерінің іскерлік қасиеті мен білімі негізінде мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыра алады. Олар көптеген және ықпал етуші әлеуметтік топтарды сипаттайды. Әлеуметтендіру деңгейі жоғары қоғамдарда әр түрлі ыдырату мүмкіндіктеріне қарамай, өзін-өзі басқаруға көшу, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және оны ұстауға шығынды азайту ұрандары негізінде қайта құру және органдарды реформалауға қарамастан, шенеунік сана өседі. Бюрократтықтың өсуі, оның жемқорлығы, міндеттерді атқармауы – бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімсіз жақтарының көрінісі ғана. Оның себептері қоғамдық үйлесімсіздік, басқарушы элита және қоғам немесе элита арасындағы келіспеушілік болуы мүмкін. Басқару элитасының қазіргі зерттеулері көрсеткендей олардың маңызы әсіресе реформалар мен әлеуметтік күйзеліс кезінде, билік өкілдерінің түсінген және нысаналы саясатын реформалау және дағдарыстан шығу жолдары кезінде батыл шешім іс-әрекеті нәтижесінде жоғары болып келеді.

Мемлекеттің кадр саясаты – елдің еңбек әлеуетін жетілдіру мен дамыту мақсатындағы мемлекеттің іс-шараларды үйлестіруіндегі басым бағыттарының бірі болып саналады. Ол барлық қоғамды және қоғамдық қарым-қатынасты қамтитын әлеуметтік реттеуге негізделеді, әлеуметтік құндылықтар басымдықтарын орнатуға және мамандық саласында қоғамның ұмтылысына әсер етеді. Оның мақсаты – еңбек ұжымдарының жұмысқа қабілеттерін қалыптастыру, елдің адам ресурстарын тиімді түрде пайдалану, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Ол әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттер жинағын қамтиды.

Олардың шешімі құқықтық негізде жасалады және үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:

- мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым салаларында;

- мемлекеттік қызмет жүйелерінде (орталық және жергілікті басқару субъектілері деңгейінде) және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде;

- мемлекеттік емес кәсіпорын саласында (акционерлік, жеке, жалға беру компаниялары, фирмалар және т.б.).

Мемлекеттік кадр саясаты негізінде әр мемлекеттік органда, мемлекеттік немесе жеке кәсіпкерліктерде басқару органдарының мақсатын, міндеттерін және қызметтерін ескеріп, өзіндік бір нақты кадр саясаты жасалынады. Мұнда кадр саясаты аппарат (әкімшілік) және оның құрылымы мен мемлекеттік қызметшілері арқылы жүзеге асады. Бірақ, қоғам кадрларының барлық санаттарын қамтып, жеке сала қызметкерлері және мемлекеттік кәсіпкерліктер мен ұйымдарда қызмет жасайтындар үшін мемлекеттік кадр саясаты мемлекеттік қызметшілерге қарағанда өктем болмайды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерді басқаруды тәжірибелік тұрғыдан жасау мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болады. Мұнымен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және басқару үдерісінің тиімділігін арттыру тікелей байланысты.

Кадр жұмысы жұмысқа айрықша қабілетті қызметкерлердің құрамын қалыптастыруға бағытталған. Бұл мақсатқа жету үшін ұйым дамуының әр түрлі кезеңіндегі ерекшеліктері мен персоналды басқарудың нақты міндеттеріне сай көптеген технологиялар мен іс-шаралар қолданылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет