Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет39/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Тетік мемлекеттік басқарудың үш жақты байланысын көрсетеді:

- құрылымдық-ұйымдық (жүйе);

- атқарымдық (мазмұндық);

- қоғамдық жүйеге басқарушылық ықпал ету.

Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы осы органның іскерлігімен және қызметімен анықталатыны баршаға түсінікті. Жалпы, мемлекеттік аппаратқа да осындай құбылыс тән: мемлекеттің ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметімен анықталады. Басқарудың маңызды белгілерінің бірі оның нысаналық сипаты болып саналады (елдің стратегиялық дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық өмірді жоғары деңгейде ұйымдастыру).

Мемлекеттік билік өзінің әр түрлі нысаны мен қоғамды көріну сипаты бойынша қоғамды басқарудың негізін қалаушылардың бірі болғанын ерекше атап кеткен жөн. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабына сай халық республикалық референдумдар мен еркін сайлау арқылы мемлекеттік билікті жалғыз ғана жүзеге асырушы болып саналады, сонымен қатар өз билігін жүзеге асыруға мемлекеттік органдарға құқық береді. Бұл республикадағы мемлекеттік биліктің демократиялық сипатын көрсетеді, ал басқару белгілі қағидаттарға, басқару ережелеріне негізделеді (мемлекеттік басқаруда азаматтардың тең құқықтарына, қоғамдық ойды ескеру, жариялылық және т.б.). Басқаша айтқанда, мемлекеттік басқару тетігі өзінің сапалы ерекшелігімен сипатталады.

Жоғарыда айтылған ойды ескере отырып, мемлекеттік басқару тетігі негізі басқару үдерісі болып саналатын, қоғамдық жүйеге нысаналық ықпал ететін, мемлекеттік аппарат жүйесінің қызметі деп айтуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару тетігі оның қорытынды нәтижесіне әлеуметтік баға беруді қарастырады, яғни оның қоғамдық тәжірибеге тиімділігін бағалайды.

Қоғамдық жүйеде мемлекеттік ықпал етуді ұйымдастыру сипаты бойынша қиындық туғызады.



Бұл бірнеше бөліктерді қамтиды:

- біріншіден, мемлекеттік қызмет кадрлары, басқару үдерісін қамтамасыз ететін ақпарат және оргтехника;

- екіншіден, мемлекеттік басқарудың мазмұны мен саяси-әлеуметтік негізін білдіретін қағидаттар, қызметтер, әдістер, нысан және басқару стилі;

- үшіншіден, басқару үдерісінің элементтері (басқарудың қайталанбалы кезеңдері, басқару қарым-қатынасы және т.б.).

Мемлекеттік басқарудың арнайы ерекшелігін есепке алсақ, онда тетік өз қорытындысын құқықтық нысанда алады.

Мемлекеттік басқару тетігі төменде көрсетілген (42-сурет)



Мемлекеттік аппарат

(мемлекеттік басқару субъектісі)

Кадрлар


Басқару қағидаттары

Ақпарат


Басқару үдерісі







Басқару атқарымдары



Ұйымдастыру техникасы

Басқарудың тәсі-лі, түрі мен стилі

Тікелей байланыс



Кері байланыс

Қоғамдық жүйе

(мемлекеттік басқарудың объектісі)

42-сурет. Мемлекеттік басқарудың тетіктері

Мемлекеттік органдардың басқару қызметі қоғамдық үдеріске белсенді түрде ықпал ету мазмұнына ие. Осындай ықпал ету нәтижесінде бірнеше басқару қатынасы пайда болады, ал, ең маңыздысы, олар құқықтық нормалармен реттеледі. Бұл жерде басқару қарым-қатынасының құқықтық реттеу тетігі жайында айтылып отыр. Жалпы теория ережесіне сүйенсек, онда мемлекеттік басқару тетігін құқықтық тұрғыда жанамалау – құқықтық-нормативтік негізді, басқарудың құқықтық қарым-қатынасын, субъективті құқықты жүзеге асыру актілерін және қарым-қатынас тараптарының заңды міндеттерін қамтиды. Жеке салаларда мемлекеттік басқару тетігін құқықтық тұрғыда жанамалау нақты мазмұнға ие.

Қорыта келгенде, мемлекеттік басқару тетігі дегеніміз – мемлекеттік аппарат жүйесінің қызметі. Аталған тетіктің негізінде әлеуметтік үдерістерге ықпал етуді реттеу мақсатындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру жатыр.

Құрылымы бойынша мемлекеттік басқару тетігі төменде аталғандарды қамтиды:

- бір жағынан, компоненттерден тұрса, яғни оларсыз басқару үдерісі мүмкін емес (мемлекеттік қызмет кадрлары, ақпарат, ұйымдастыру техникасы);

- екінші жағынан, мемлекеттік басқарудың саяси-әлеуметтік мәні мен мазмұнын білдіретін негізгі элементтерден тұрады;

- үшінші жағынан, қоғамдық жүйеге басқарушылық ықпал етеді.

Мемлекеттік аппарат жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік басқару тетігінде заң күштерінің құқықтық бірлігін болжайды (нормативтік құқықтық негіз, құқықтық басқару қарым-қатынасы, субъективті құқық және заңды міндеттерін жүзеге асыру актілері) және оның тиімділігінің әлеуметтік бағасын анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.

2. Мемлекеттік басқарудың мақсаты

3. Мемлекеттік органдар жүйесіне не жатады?

4. Қысым көрсету аппаратына қандай органдар жатады?

5. Мемлекеттік басқарудың тетіктері қандай?

4.2. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік тетіктері

Мемлекеттік басқару «адам-қоғам-мемлекет-адам» өзара байланыс жүйесінде жүреді. Бұл жүйе қаншалықты қиын болса да, ол адам өзі жасаған үлгі негізінде жүріп, оның қажеттіліктерін, қызығушылықтарын тиімді түрде қанағаттандыру үшін қызмет жасайды. Ең бастысы, бірлескен (ұжымдық) өмір сүру (еңбек, тұрмыс, дем алу) кезінде, ал кең мағынада адамдардың қоғам өміріндегі әр түрлі іс-әрекеттерінде көрініс табады. Осыған орай, мемлекеттің ажырамас қызметі ретінде қалыптасқан мемлекеттік басқару адамзаттың мемлекеттік-ұйымдасу өркениетінің барлық тарихы бойында дамиды. Сондықтан да, мемлекеттік басқаруды тәжірибелі жүйеде іске асыру белгілі қоғамның тарихы кезеңдерімен сипатталады, яғни оның мәдениетімен, саясатымен, экономикалық, құқықтық жетілгендігімен, қоғамдағы басым құндылықтар мен идеалдар негізінде анықталады. Ол өзінің нақты жүзеге асуын адамдар қарым-қатынасының жүйесінде, қоғамда, мемлекетте табады.

Өз кезегінде, мемлекеттік басқарудың мазмұны мен тиімділігі қоғам жағдайына тікелей байланысты болып келеді. Себебі, адамдар қандай болса, қоғам да сондай болады, ал қоғам деңгейі қаншалықты дамыған болса, мемлекет те сондай деңгейде дамыған болады.

Мемлекеттік басқару мен билік тетігін түсіну үшін, ең алдымен, мемлекет пен қоғам қарым-қатынасы мәселесін зерттеу маңызды. Ол мемлекеттік қызметті құрайтын мемлекеттік аппарат құрылымының қызметі мен оның адамдық құрамдас бөліктерін түсіну үшін керек. Мемлекет азаматтық қоғамға қарағанда жеке мүдделерге негізделіп, азаматтардың өмірін ұйымдастырушы әлеуметтік институт ретінде алға шығады. Мемлекетте жалпы мүдде пен басқару басым түседі, оның антиподы – нарықтық жеке мүдде мен өзін-өзі ұйымдастыруға негізделген. Сонымен қатар, мемлекет жалпы қоғамға биліктік әсер етуші ретінде танылады. Сондықтан да, ол барлығының мүддесіне араласады. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігі адамдардың, олардың бірлестіктерінің, әлеуметтік топтардың ұйымдасқан түрде қарым-қатынас орнатуын көздейді және жалпы мақсат пен мүдде ұсақ пайдакүнемдіктен жоғары тұрып, жалпыға ортақ міндет пен жауапкершілікті сақтауды қарастырады.

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігіне қатысты шартты түрде бір-бірімен байланысты және алдын ала келісілген үш аспектіні Г.В. Атаманчук былайша бөліп көрсетеді (43-сурет):

- біріншіден, онтологиялық. Ол мемлекеттік басқарудың түп-тегін, олардың табиғатпен байланысын, негізін, олар көрсететін заңдылықтардың, қарым-қатынас пен өзара байланыстарын ашады; бұл мемлекеттік басқаруды жүйелеуге қажетті негіздің қалыптасуына және объективті алғышарттардың құрылуына көмектеседі;

- екіншіден, гноселогиялық. Бұл мемлекеттік басқарудың мазмұнымен, тілімен, қисынымен және оларды дұрыс ғылыми тұрғыда түсіндіруімен байланысты; бұл қағидат деп аталатын мағынаның ғылыми онтологиясының түсіндірілуі;

- үшіншіден, әдістемелік. Мемлекеттік басқару саласындағы адамдардың теориялық және тәжірибелік қызметіндегі рөлін, олардың мемлекеттік басқару құбылысындағы қайта құрылу мағынасын, олардың басқару тәжірибесіндегі шынайы қолданылу шарттары мен әдістерін көрсетеді.



43-сурет. Мемлекеттік басқару жөніндегі Г.В. Атаманчуктің көзқарасы

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігіне анықтама бермес бұрын «әлеуметтік тетік» түсінігін анықтап алайық. Әлеуметтік құбылыстар мен үдерістер адамдар, әлеуметтік топтар және ұйымдар арасындағы қарым-қатынас негізінде қалыптасып, әлеуметтің дамуын қамтамасыз ететін өзара байланыста және тәуелділікте болады. В.Г. Афанасьев осының бәрі әлеуметтік тетіктегі адамдардың іс-әрекеттері көмегімен жүзеге асатынын жазды. Оны тәсілдер жиынтығы, белгілі нәтижеге жету мақсатының әлеуметтік дамуының технологиясы, қоғамдық және жеке қызығушылықты қанағаттандыру түрінде қарастыруға болады. Қоғамдық өмірдің туындысы ретінде әлеуметтік тетік қоғам дамуының түрімен, деңгейімен, прогресс және регресстің үйлесімдігімен, эволюциялық және революциялық үйлесімдігімен, реформациялық және контрреформациялық үдерістермен, халықтың әлеуметтік субъектілігімен (мысалы, саяси салада – сайлаушылардың таңдауымен) анықталады; елдің геосаяси және өңірлік ерекшелік, ұлттық-тарихи дәстүр, салт және мінезі, діни-мифологиялық сенімі мен рухани мәдениеті, әлеуметтік-экономикалық тәртібі мен жалпы халықтың өмір салты негізінде қалыптасады.

Көптеген әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бір-бірімен бәсеке және бірін-бірі толықтырып отыратын әр түрлі әлеуметтік институттар құрылып жатыр. Әлеуметтік институттар олардың қызметін көрсететін тұрақты адамдар қарым-қатынасының нысанын жасайды. Олар түрлі әлеуметтік қарым-қатынасындағы адамдардың іс-әрекеттерін реттеуші қызметін атқарады. Мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне ықпал ететін және жүзеге асыратын әлеуметтік институттар түрлі қырынан көрініп, қоғамның даму және өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олардың ішіне көпшілік-құқықтық салада биліктің мемлекеттік-саяси институты, басқару,

мүдде өкілеттіктері, мемлекеттік қызмет, ақпарат және коммуникация, қоғаммен байланыс, қоғамдық келісімге келу, шиеленісті болдырмау және т.б. кіреді.

Қисындық басқару тізбегінен ерік деп аталатын бөлшекті алып тастауға болмайды. Саяси ерік – маңызды әлеуметтік-философиялық және саяси-құқықтық мәселе, тек қана теориялық емес, сонымен қатар, мемлекеттік басқару тетігінің тәжірибесіне де зор маңыздылыққа ие.

Жаңа заман тарихынан бірнеше мысалдар келтіруге болады: шенеуніктер шағымданады, ал мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер мемлекеттік аппараттың жағдайға қатысты іс-шараны назарына алуына қажет мемлекет басшыларының бойында тиісті саяси еріктің жоқтығын сынға алады. Саяси еріксіздік мемлекеттік аппарат қызметі жұмысының ұйымдасуына кедергі келтіреді, барлық шенеуніктер корпусы ішінде іріткі салады.

Демек, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігін құрайтын бөлік дәйекті түрде алдын ала анықталған элементтер негізінде қалыптасады. Оларды мынадай тізбекте беруге болады: қажеттіліктер – мүдделер – қарама-қайшылықтар – мақсаттар – ерік – түрткі (нұсқау) – ынта. Бірақ, барлық қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек, түрлі мүдде негізінде туған қарама-қайшылықтарды анықтау, ал ниет пен мақсаттардың қойылуы олардың жүзеге асырылуы кезінде ғана мағынаға ие болады. Мемлекетті басқару тетігінің қалыптасу блогы оның ажырамас бөлігі – жүзеге асыру блогымен толықтырылады. Ол мына элементтерден тұрады: шешім – іс-әрекет – нәтиже. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шешімдер қабылданып жатыр. Олар қызмет үдерісінде жүзеге асып, нақты нәтижеге әкеледі. Мемлекеттік басқару кезінде қоғамдық қажеттіліктер, мүдде мен мақсаттар үшін қажетті іс-шараны жасауды қажет етеді: басқару шешімдерін қабылдау және олардың тәжірибеде қолданылуын қарастырады. Осылай, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігі жүзеге асады, себебі ол қоғам үшін маңызды сұрақтарды шешуге бағытталған.

Сонымен, қоғамның мүддесі мен қажеттілігін жүзеге асыру барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдауда мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігі жанама тұрғыда Г.В. Атаманчук делелдеген мына бір жүйеде көрінеді -қажеттілік – мүдде – қарама-қайшылық – мақсат – ерік – түрткі (нұсқау) – ынта – шешім – іс-әрекет – нәтиже.

Өзара байланыс реттілігі мен қоғамдық элементтердің қисындық бірігуі негізінде мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен жүзеге асыру жүреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігінің қағидаттары.

2. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік институттары.

3. Қисындық басқару деген не?

4. Саяси ерік дегеніміз не?

4.3. Мемлекеттік басқарудың жүйелі сипаттамасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет