Мекеменің әкімшілік (орта) сатысы – іс-әрекет бағыты талдауға салынады және әр түрлі ұйымдастырушы басқарушы компоненттерден тұратын, атқарымды басқарудың саласы. Жүйелі түрде әкімшілік етудің кейбір компоненттері жайлы менеджмент саласындағы мамандар Гупик пен Урвиктің «Басқару ғылымы туралы жазбалар» (1937) атты еңбегінде айтылады. Олар жасаған жүйе POSDCORB деп аталады.
Бұл атау әкімшілік құрылу барысында қолданылатын басқарушылық іс-әрекеттердің бірінші әріптерінен құрылған (38-сурет):
38-сурет. POSDCORB жүйесі (басқарушылық іс-әрекеттердің бірінші әріптерінен құрылған)
- жоспарлау (planning) – әкімшілік шеңберінде басқарудың ортақ мақсаттары және қысқа мерзімді жоспарлар туралы түсінік;
- ұйымдастыру (organizing) – әкімшілікте төмен сатыларда тұрған бөлімшелерді ұйымдастыру;
- қызметкерлерді басқару (staffing) – мекемеге қызметкерлерді таңдап алу және дайындау, олардың іс-әрекетін нормативті реттеу және мотивациялау;
- басшылық ету (directing) - әкімшіліктің әр түрлі сатыларында келісілген шешімдерді қабылдау рәсімі;
- үйлестіру (координация, coordinating) – әкімшілік бірліктердің ішіндегі және бір деңгейдегі әкімшілік бірліктердің қарым-қатынасын реттеу;
- ақпараттандыру (reporting) – басқару сатысында төменде және жоғарыда тұрған қызметкерлер мен әкімшілік құрылымдарды қажетті ақпаратпен қамту;
- бюджеттеу (budgeting) – қаржыландыру және басқару шешімдерінің құнын анықтау.
Сол себепті осы деңгейде жұмыс істейтін әкімшілік қызметшілер бір жағынан, институционалды сатының талаптарына жауап беріп отыру және керек болған жағдайда өздерінің құзіретін қайта қарау керек, екінші жағынан, олар мемлекеттіқ қызметтің нақты тиімді талаптарын түсінуі керек.
Бұл талаптар тікелей ең төменгі сатыда немесе мемлекеттік мекеменің технологиялық сатысында қалыптасады. Мемлекеттік ұйымның
технологиялық деңгейінде мемлекеттік басқарудың қызметіне деген, әлеуметтік қажеттіліктерге нақты қанағаттану жүреді. Бұл қызметтер нақты өнімдерге (нәтижеге) айналып, бұл қызметтерді жалпы қоғам, жеке адамдар және олардың ұйымдары қолданады. Технологиялық деңгейде істердің көп бөлігі жоспарланған және бюрократтанған болып келеді.
Нәтижесінде, технологиялық сатыда мемлекеттік әкімшілік теориялық жағынан саясат шеңберіне енбейді. Ал институционалды деңгейде мемлекеттік басқару саясаттанған және шиеленіскен ойлар, қызығушылықтар және мақсаттарды ескереді. Мемлекеттік басқарудың мамандандырыла бағытталған саласы әкімшілік деңгейде топтасқан және бұл деңгей өте қатты саясаттандырылған институционалды сатымен, саясаттан бөлек бюрократтанған технологиялық сатының арасында делдал болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың кәсіпкерлік саласындағы менеджменттен, яғни кәсіпкерлік басқарудан ерекшелігінің алты негізін көруге болады, олар (39-сурет):
- қоршаған орта;
- мақсаттар;
- ресурстар;
- ынта;
- жауапкершілік;
- басқарушыны тағайындау рәсімі.
39-сурет. Мемлекеттік басқарудың негіздері
Бақылау сұрақтары:
1. Басқару субъектісі дегеніміз не?
2. Басқару объектісі дегеніміз не?
3. Мемлекеттік басқару қандай нысандары бар?
4. Саясаттың мемлекеттік басқарудағы рөлін бағалауда қандай әдістер бар?
5. Мемлекеттік басқарудың сатылары қандай?
6. Мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлік саласындағы басқарудың қандай
ерекшеліктері бар?
3.3. Мемлекеттік басқарудың қағидаттары
«Қағидат» (лат. Principium – басты, негізі) түсінігі ең алғашқы, басқару идеясы, адамдар іс-әрекетінің негізгі қағидасын білдіреді. В.Н. Уваров бойынша, мемлекеттік басқаруда қағидат ортаңғы түсінік ретінде қарастырылады, себебі ол басқару жүйесінің негізіне салынған. Жалпылай айтқанда, мемлекеттік басқарудан шығарылған негізгі қасиеттерді өз бойына жинайды. Осыған орай, мемлекеттік басқару қағидаты мемлекеттік басқару жүйесі элементтерінің ішкі келісімі мен негізін білдіретін бастама, негіз болып саналады.
Г.В. Атаманчук: «Қағидат – бұл қарым-қатынас, байланыс жайында жинақталған заңдылық қана емес, сонымен қатар, біздің олар жайындағы біліміміз туралы ерекше түсінік. Қағидат ғылыми танымның және одан шығатын салдардың нәтижесін тіркеу».
Мемлекеттік басқару қағидатының негізі мен топтамасы, бір жағынан, Қазақстан Республикасының жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси заңдылықтарының дамуына негізделсе, екінші жағынан, мемлекеттік басқару саласының объективті үдерістеріне бағытталады. Әлеуметтік басқару саласының танымал ғалымы В.Г.Афанасьев былай деп жазады: «Басқару қағидаттары біздің қоғамға сырттан келген жоқ, олар оның негізінен және оған тән табиғи объективтілік заңдылығынан туындайды... оған тән әлеуметтік-саяси құрылым мен рухани даму деңгейінен туындайды».
Достарыңызбен бөлісу: |