Мемлекеттік басқарудың әдістері (37-сурет):
- экономикалық;
- әкімшілік;
- идеологиялық;
- моральді-этикалық;
- әлеуметтік психологиялық;
- ұйымдастырушылық;
- ақпараттық.
37-сурет. Мемлекеттік басқарудың әдістері
Экономикалық әдістерді қолдану басқарылып отырған объектілерге олардың меншік және ұйымдастық, құқықтық түріне басқару нысандарына қарамастан оларға жұмысының тиімділігін арттыру, ресурстарды оңтайлы қолдану, жаңа технологияларды игеру, қызмет ету нысандарын таңдауға мүмкіндік береді.
Идеологиялық әсер ету әдістері тұлғаны қалыптастыру, жаңа заман адамын тәрбиелеумен байланысты. Бұл әсер ету әдістері адамды ар-ұят, абырой, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге бағытталған.
Мемлекеттік басқару мен саяси басқарудың тығыз қарым-қатынасымен қатар өзіндік ерекшеліктері бар. Саяси басқару басқарушы режимнің және оның жеке құрылымдарының биліктік мүмкіншіліктерін сақтауға және күшейтуге бағытталуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, саяси басқару саяси ұстанымдар үшін топаралық күресте негізгі оңтайлы мемлекеттік шешімдерге негізделмейді. Саяси басқаруда мақсаттар нақты болмайды, және олар келісімге келуге негізделіп өзгеріп отыруы мүмкін. Әдістердің арасында келіссөздер, коалициялар құру, келісімге келу, үгіттеулер бар, кей кездері таза емес келісімдер де кездеседі.
Саясат белгілі бір дәрежеде сезімтал. Ол қоғамның пікіріне, қалың бұқараның көңіл күйіне, олардың мезеттегі ұмтылыстарына, болып жатқан құбылыстардың әсеріне оңай ұшырайды, қандайда бір көшбасшылардың таңдауларына, әлеуметтік қызығушылықтарға және т.б. тәуелді. Басқару – атқарымды ұйымдастырылған және белгілі бір міндеттерді шешетін мақсаттандырылған әлдеқайда оңтайлы үдеріс. Мемлекеттік басқаруда мемлекеттік іс-әрекеттің нәтижелерін саралауға бағытталған оң білімдер басты рөл атқарады. Саяси басқаруда мемлекеттік іс-әрекеттің дұрыстығын және оның бағалау сипаттамасын анықтауға бағытталған нормативтік білімдер басты рөл атқарады. Оң білімдер тек мемлекеттің нақты бір
саясатын саралау ғана емес, сонымен қатар, сол бағдарламаларды тәжірибеде іске асырушы мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарының іс-әрекетін сипаттайды. Нормативті білімдер мемлекеттік институттардың басқару және шиеленістерді шешу әдістерін бағалаумен байланысты, яғни олар шартты, адамдар көзқарасына тәуелді.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың саясатпен және саяси басқарумен ортақ белгілері көп. Бұл ортақ белгілер мемлекеттің саяси институттық ерекшеліктерінен ғана емес, сонымен бірге оның ұйымдастырушылық іс-әрекетінің биліктік сипатына байланысты.
Көп ретте мемлекеттік басқарудың ұйымдық бірлігі ішінде үш құрылымдық сатыны көрсетеді:
- институционалды;
- әкімшілік;
- технологиялық.
Институционалды сатының баспалдақтары ұйымның мақсаттарын анықтап қоршаған ортаның өзгермелі талаптарын нақты ұйымдастырушы үдерістерге айналдырады. Бұл саты мемлекеттік басқару мен саяси басқару арасындағы өтпелі саты болып табылады. Саясаттың талаптары мен халыққа қызмет көрсету міндеттерін үйлестіре алу институционалды сатының маңызы болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік ұйымдар жалғыз Президентке, Парламентке және т.б. есепті, облыстық және қалалық деңгейде әкімге (әкімдікке) және т.б. есепті деген қазіргі саяси жүйе мен пікірлердің сипаттамасын білу аздық етеді. Басқарушылар, саяси тағайындалушылар және мансапты шенеуніктер сияқты ұйымның ішіндегі және сыртында өмір сүретін әр түрлі күштердің әсеріне ұшырайды. Кей кездерде олар негізгі мақсаттарға қарсы келеді. Мемлекеттің іс-әрекеті көптеген адамдардың мүдделеріне әсерін тигізеді. Бұл басқа жергілікті биліктен, Үкіметтің басқа сатыларынан немесе мүдделі топтардан болуы мүмкін сайланбалы және әкімшілік қызметкерлер.
Мемлекеттік мекеме белгілі бір адамдардың, топтардың және ұйымдардың қоршаған ортадағы талаптарына жауап бере алғанда тиімді болып саналады. Яғни, әр мемлекеттік мекеме өзінің жеке саяси міндеттер кеңістігіне ие. Сол себепті институционалды саты мемлекеттік ұйымдардың ең жоғары деңгейі. Бұл деңгейде ұйымның міндеттері мен жалпы саясаты анықталып, ол нақты мемлекеттік мекемелерге өмір сүріп жатқан саяси жүйенің ықпал етуінің негізгі каналы.
Достарыңызбен бөлісу: |