Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті


тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ



бет31/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

3 тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

3.1. Мемлекеттік басқарудың түрлері



Мемлекеттік басқару түрлерінің әр түрлі белгілері бойынша (деңгейі, саласы, сипаты мен басқарудың көлемі) мемлекет қолданатын әр алуан тәсілдер жиынтығы мен басқару әдістерін көруге болады.

Мемлекеттік басқаруда негізге алынатын мәселелердің бірі – адам мен қоғамның объект және субъект ретіндегі басқаруда алатын рөлі мен орнына байланысты туындайды. Басқарудың барлық түрі басқарудағы объект пен субъекттің өзара қарым-қатынасы нәтижесінде көрініс табады. Тікелей және кері байланыстардың қарқыны басқарудағы субъект пен объекттің сипатына тәуелді. Сондықтан мемлекеттік басқаруды белгілеріне қарай демократиялық және авторитарлық сипатқа бөлуге болады. Егер басқарудың тікелей байланысы (командалық ақпарат) басымырақ болып, ал кері байланыс тетігі әлсіз дамыса немесе іс жүзінде жарамай қалған жағдайда мұндай сипатты авторитарлық басқару деуге болады. Егер де кері байланыс тетігі тікелей байланыспен қатар дамыған болса, онда демократиялық басқару сипаты көрініс табады.

Орталық (биліктің орталық органдары) мен жергілікті билік органдарының бір-бірімен қарым-қатынасы сипатының негізінде субординациялық және координациялық басқару ажыратылады.

Координациялық басқару бірыңғай орталық билік органдарымен қатар толық немесе жарым-жартылай дербестікке қабілетті шеттегі билік орган дары қалыптасқанда федерация немесе конфедерация нысанында жүзеге асырылады.

Субординациялық басқару унитарлық мемлекетке тән шеттегі билік органдарының әкімшілік орталыққа тәуелділігі, басқарудың кіші органдарға ықпал етуі, яғни жоғарыда тұрған басқару органдарынан келіп түскен бұйрықты орындауға мәжбүрлеуі негізінде қалыптасады.

Белгілері бойынша жеке меншік нысандарын пайдалануда басқару үшке бөлінеді (32-сурет):

- республикалық;

- жергілікті;

- жеке меншік (бірлескен).



32-сурет. Меншік нысандарын пайдаланудың түрлері

Басқарылатын нысанға әсер етуде басқару салалық (қызметтік) және аумақтық болып екіге ажыратылады (33-сурет) .

Салалық (қызметтік) басқару – тікелей орталықтан кәсіпорынға дейінгі тең байланыстың болуын қалайды. Бұл салалық министрліктер тарапынан орындалады, салалық министрліктер әр алуан салада жалпыға ортақ техникалық саясатты жүзеге асырады, қажетті ішкі салалық және салааралық сәйкестікті қамтамасыз етеді. Постиндустриялық дамуға өткенде салалық басқару рөлінің төмендегені байқалды, себебі жоғары технологиялардың дамуы салааралық басқаруды қажет етеді. Мұнда алдыңғы қатарға акционерлік негізде қызмет ететін мемлекеттік холдингтер шығады («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі, және т.с.с.).

Аумақтық басқару өндірісті тиімді орналастыруға және мамандандырылуын тереңдетуге, олардың экономикалық және әлеуметтік дамуының деңгейін теңестіруге, сонымен қатар кешенді дамытуға бағытталған. Аумақтық басқару биліктің орталық және жергілікті өкілеттіктері арасындағы көлемді шектеуімен қамтамасыз етіледі.

Басқару уақыт шеңберінің ауқымына байланысты: стратегиялық, тактикалық және жедел болып бөлінеді.



Стратегиялық басқару қоғам дамуы мәселелеріне байланысты жекелеген немесе жалпы бағыттар, салалар, нысандар, аумақтар бойынша ұзақ мерзімге арналған бағдарды анықтайды, мақсаттарды, міндеттерді, қоғамның даму стратегиясын белгілейді және басқарудағы әрбір бөлім қызметіне бағыт-бағдар береді.

Стратегиялық басқарудың негізі стратегиялық жоспарлар, даму тұжырымдамасы және ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге арналған әдістер мен тәсілдер сияқты басқа да құжаттар танылады.



Салалық стратегия: ғылыми сыйымды салалардың дамуы мен ресурс жинақтаушы технологияны пайдалануға бөлінсе; қызметтік стратегия: құнсыздануды жою, инвестициялар тартуға; жалпы саяси стратегия: тұрақтандыру, қайта құру, әлеуметтік- бағдарлы саясат және т.б. қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет