Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет27/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Тікелей демократия басқарушы мен бағынушының сәйкестігінен шығады және шешім қабылдарда барлық азаматтардың қатысуын қарастыратын өте оңды үлгі.

Мемлекет пен қоғам арасында айырмашылық жоқ. Үстемдікті жою мемлекетті жою дегенді білдіреді. Ұйымдық тікелей демократия басынан аяғына дейін сайлау корпусын, императивті мандатты, алмастыру қағидатын, пікірді, депутаттың тікелей сайлануын таңдауды көздейді. Барлық мемлекеттік лауазымдар сайлау арқылы жүзеге асып, бюрократтық пен биліктің бір жерге шоғырлануына жол бермейді. Билікті бөлу қағидаты қарастырылмайды. Нәтижесінде, сайлаушылардың, өкілдердің, басқарушылардың және олардың әлеуметтік ресурсының сәйкестігі анықталады. Депутаттар, негізінен, қоғамдық негізде қызмет жасайды. Бұл жерде тек қана саяси саладағы өкілетті демократия тұжырымдамасындағыдай демократия қоғамдық қағидат ретінде қабылданады және шектеу қойылмайды.

Өзінің ыңғайлылығына қарамастан кеңестік үлгі тікелей демократияның өзге нысандары ретінде тәжірибеде қолдануға тиімсіз, бірақ тікелей демократияның белгілері қазіргі таңдағы барлық көрнекті демократияларда бар: АҚШ-тағы Президентті және кейбір штаттарының соттарды тікелей сайлау, референдумдар, сауалнамалар, халықтық бастамалар және т.б.

Өкілетті демократия (репрезентативті) абсолютизмнің орнына келген мемлекеттің даму кезеңі ретінде XVII ғасырдың соңынан бастап танымал.

Демократиялық режим өзара байланыстағы бірнеше белгілерден тұрады деп сипатталады. Олардың бірін қоспау немесе бұрмалау жалпы тұрғыда саяси жүйенің қайта жаңғыруына әкеледі.



Өкілетті демократияның негізгі қағидаттары болып мына төмендегілер саналады:

- халық егемендігі, өкілеттік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін мойындау;

- кепілдік беру, биліктің бөлінуі, депутаттың еркін мандаты, жариялылық, көпшілік қағидаты;

- саяси, экономикалық және идеялық плюрализм;

- көппартиялық, оппозицияның болуы;

- саяси жүйеде кері байланыс тетігінің дамуы;

- билік етудің демократиялық әдісі.

Үлкен мемлекеттер үшін өкілеттік қағидаты негізінде демкоратияны ұйымдастыру тиімді болып келеді. Сондықтан да көптеген теоретиктер өкілеттік демократия негізінде қоғамды және билікті демократиялық ұйымдастырудың ең тиімді нысаны деп санайды.



Либералды-демократиялық режим, немесе либералды демократия – нарықтық қатынастың ерте буржуазиялық кезеңінде АҚШ және дамыған Батыс Европа мемлекеттерінде қалыптасқан демократияның кең танымал түрі. Демократияның бұл түрі өкілеттік демократияның негізгі қағидаттарымен сипатталады, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Бұл режимнің негізінде тұлға, оның құқықтары мен еркіндігі, оның дербес еркіндігі жатыр.

Консервативті-демократиялық режим Конституцияға емес, демократиялық режимнің негізі саналатын саяси дәстүрге негізделеді. Бұл режим, мысалы, Ұлыбританияға тән. Тұрақты құқықтық нормаларға негізделмей, үлгі боларлық жағдайға, құқыққа және өзгермес демократиялық дәстүрге сүйенеді.

Консенсусты демократия немесе келісім демократиясы (лат. consensus -келісім) – өкілетті демократияның қазіргі түрі. Либералды демократия қарсыластары тарапынан сынға ұшырайтын қағидаттардың бірі ретінде көпшілік қағидаты саналады. Бұл демократия бойынша, шешім қабылдау тетігінде көпшілік қағидаты негізгі болып саналмайды. Шешім қабылдау үдерісіне барлық топтар қатысады, сонымен қатар, азшылық та қатысады. Шешім келісім негізінде қабылданып, азшылық аздап болса да вето құқығына ие. Мұнда Үкімет және тең құқықтық тәртіпті қалыптастыруға немесе мемлекеттік лауазымды иеленген кездегі үйлесімді өкілеттікке, парламентті ұйымдастыруға, мемлекеттік бюджетті бөлуге және азшылық топқа, әсіресе, федеративті мемлекетті өзін-өзі дербес реттеу құқығын беруге қатысатын барлық маңызды топтар кіреді. Келісім демократиясының элементтері батысевропалық саяси жүйелерде кездеседі, мысалы, Германия Федеративті Республикасы.

Охлократиялық демократия режимін кейде екі арадағы өтпелі кезең режимі ретінде қарастырады. Бұл әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақсыздық, даңғойлық (популистік), саясаттың қатысуы деңгейінің шұғыл түрде өсуі тән тікелей митинг демократиясы. Негізінен, либералды демократия сипатына қарай, авторитарлық немесе тоталитарлық режимдер сипатына қарай дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет