Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет28/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Тоталитарлық саяси режим (тоталитаризм) – қоғам өмірінің барлық саласына толыққанды бақылау орнатуды көздейтін қоғамның мемлекеттік-саяси құралы.

Бұл режим белгілі ерекшеліктер жиынтығымен сипатталады:

саяси салада – бір партиялық жүйенің қалыптасуы, оппозицияны жою, билікті бөлу жүйесі, азаматтық еркіндікті жою, харизматикалық түрдегі көшбасшылық, саяси және мемлекеттік аппараттың толыққанды бірігуі, қысым көрсетуге бой ұру, жаппай репрессия, террор;

экономикалық салада – тек қана мемлекеттік жеке меншік нысанын орнату, жоспарлы экономика немесе мемлекеттің экономиканы, өндіріс үдерісін монопольды бақылауы, нарықтық экономиканы сақтау және бөлу, экономиканы милитарландыру, экономиканы мақсатты түрде басқару;

рухани салада жалғыз ғана ресми идеология, ерекшеленген идеология, болашақ үшін өткенді және қазіргі жағдайды мойындамаушы, режимнің өмір сүруін негіздеуші, басқаша ойлаумен күрес, қоғамдық өмірді идеологияландыру, бұқаралық ақпарат құралдарын толыққанды бақылау, «темір перде» орнату;

қоғамда – азаматтық қоғамды мемлекеттендіру, қоғамдық өмірді милитарландыру, оның дәстүрлі әлеуметтік-топтық құрылымын бұзу, қоғамды шектеу, қоғамның жалпылай ұйымдастырылуы (мемлекеттің барлық халқын қамтып, ресми идеологияны, яғни билік басындағы партия идеяларын тарататын қоғамдық бұқаралық ұйымдарын құру).

Саяси тоталитарлық режимдердің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- оңшыл: фашистік (фашистік идеяға негізделген, қайта құруға үміттенуші, халықтық рухты тазарту, мәдени және этникалық негізде ұжымды сәйкестендіруді қамтамасыз ету, мысалы, Муссолини басқарған кездегі Италия), әскери фашистік (әскерилердің ерекше рөлі, әскерге сүйену, мысалы, генерал Франко кезіндегі Испания);

- ұлттық-социалистік (ерекше ұлттық идеология – нацизм, ұлттық, нәсілдік басымдықты насихаттау, мысалы, фашистік Германия); тирания (негізінде дәстүрлі және диктаторлық режимдердің араласуы жатады, мысалы, Угандадағы Амин режимі, Орталық Африка Республикасындағы Бокассо режимі, Парагвайдағы Стресснер режимі); теократия (режим дінге негізделеді, мысалы, ислам фундаментализмі, Ирандағы Хомейни режимі); ұлтшылдық (режим негізінде ұлтшылдық немесе нәсілшілдік жатыр), Оңтүстік Африка Республикасындағы апартеид режимі; әскери-бюрократтық (екі негізге тірек – әскер және бюрократтық).

- солшыл коммунистік режимдер (негізінде – коммунистік идеология, эгалитаризм идеясы, мысалы, Сталин кезіндегі КСРО, Мао Цзедун кезіндегі ҚХР, Ким Ир Сен кезіндегі Солтүстік Корея, Пол Пот кезіндегі Кампучия).

Авторитарлы саяси режим (авторитаризм) – демократия тән емес саяси режим. Оның негізі демократия рәсімінен тыс және азаматтарға бағынбау негізінде құралған мықты жеке тұлға немесе шағын топ диктатурасы. Авторитарлы демократиялық режимдерге келесі сипат тән: билік көшбасшы қолында шоғырланған (фюрер, дуче, каудильо), билік авторитетке негізделген, толықтыру арқылы саяси элитаны құрау, яғни арнайы тәртіп арқылы жоғарыдан тағайындау. Тоталитаризмге қарағанда саяси емес салада қоғамның және тұлғаның өзін-өзі басқаруы сақталады, жаппай репрессия қолданылмайды, бірақ, таңдамалы саяси террор бар, халыққа күш көрсету қолданылады, мемлекеттік аппаратты тазарту жүреді, партия, кәсіподақ, өзге ұйымдардың шектеулі көлемде өмір сүре алады. Авторитарлы режим кезінде қоғамда идеологияға негізделген түбегейлі қайта құру жұмыстары жүргізілмейді, халыққа жалпылай бақылау орнатылмайды. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және жартылай идеологиялық көпшілікпен бірге өмір сүре алады.

Авторитарлы режимнің бірнеше түрлері бар (29-сурет):

- дәстүрлі-авторитарлық;

- әскери-авторитарлық (әскери хунта, диктатура);

- әскери-бюрократтық;

- авторитарлық-бюрократтық;

- популистік;

- авторитарлық-демократиялық;

- демократиялық-авторитарлық;

- жарысушы олигархия.

29-сурет. Авторитарлы режимнің түрлері

Олардың кейбіреуіне сипаттама берейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет