Мемлекеттік режим – мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылатын мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Ең бастысы, егер де «басқару нысаны» санатында мемлекеттік ұйымдастыру белгілері Конституцияда, заңнамада көрсетілгендей сипатталып, саяси өмірдің ресми заңнамалық жағын көрсетсе, онда «саяси режим» санаты билік қарым-қатынасының шынайы жағдайын сипаттайды. Ол серпінді түрде дамып, билік жүйесінің ресми белгілері бойынша өзгермейтіндердің ішінде болып жатқан өзгерістерді көрсетеді.
Саяси режимдерді топтаудың негізіне түрлі белгілер кіреді:
- көпшілік мүддесінің шынайы көрінуі;
- көппартиялылық;
- оппозицияның болуы;
- билікті бөлу қағидаттары;
- мемлекет пен азаматтық қоғам қарым-қатынасы;
- билеу әдісі;
- саяси еркіндік деңгейі;
- таңдау мазмұны;
- саяси мәдениет типі.
Осы белгілер негізінде саяси режимді үшке бөліп сипаттайды (26-сурет):
- демократиялық – мемлекетте саяси таңдау жасаудың толыққанды мүмкіндігі;
- авторитарлық – шектелген саяси таңдау;
- тоталитарлық – таңдаудың жоқтығы, мемлекет қоғам өмірінің бар саласына бақылау орнатуы.
26-сурет. Саяси режимнің үлгілері
Мемлекеттегі саяси режимді толыққанды топтау белгісін барлық қоғам өміріндегі плюрализм деңгейі ашып көрсетеді. Бұл 27-суретте көрсетілген.
Тәжірибеде қолданылатын саяси режимдердің бірі де осы режимдерге таза түрінде сай келе бермейді. Сондықтан да негізгі типтер ішінде осы режимдер нақты түрлерге бөлінеді, сонымен қатар, аралас және өтпелі типтер кездеседі. Мысалы, мынадай нұсқа да бар:
1) тоталитарлық;
2) қатаң авторитарлық, авторитарлық-демократиялық, демократиялық-авторитарлық;
3) толыққанды демократиялық, анархиялық-демократиялық (охлократия).
Батыс мамандары режимдерді былай бөледі:
1) либералдық және авторитарлық;
2) демократиялық, автократиялық, аралас;
3) монократиялық (диктаторлық), директориялар (коллективті басқару), біріктірілген.
27-сурет. Саяси режимдерді жіктеу сипаттамасы
Демократиялық саяси режим өзінің тарихи өміршеңдігін дәлелдеді. Бірақ, демократияны ұйымдастыру мен жүзеге асыру нысаны түрлі болуы мүмкін.
Демократиялық саяси режимдердің ішінен мына түрлерін атауға болады (28-сурет):
- тікелей және сайланбалы демократия;
- либералды-демократиялық;
- консервативті-демократиялық;
- консенсусты демократия;
- охлократия.
28-сурет. Демократиялық саяси режимнің түрлері
Демократия (лат. demos – халық, cratos – билік, халық билігі) – бірнеше сипатқа ие болатын түсінік:
- негізгі саяси режимдердің бірі;
- тарихта дамушы қоғамның саяси және әлеуметтік ұйымдастырылу типі;
- бір адам ғана емес, мемлекеттік басқаруға бірнеше адамдардың мемлекетті, саяси жүйе мен билікті ұйымдастыру нысаны;
- кез-келгенұйым нысаны, олардың мүшелері тең құқыққа ие, басқару органдарының жүйелі түрде таңдалуы мен есеп беруі, көпшілік қағидаты бойынша шешім қабылдау (партиялық, кәсіподақтық, өндірістік демократия);
- қоғамдық құрылыс идеалы, белгілі өмірлік ұстаным;
- демократиялық идеалға бағытталған әлеуметтік жұмыс.
Өзгелеріне қарағанда қоғамды ұйымдастыру нысандарының ішінде (монархиялық) бірінші кезекте демократиялық режим былай пайда болды:
- алғашқы қауымдық демократия;
- қауымдық демократия;
- әскери демократия.
Демократияның мемлекеттік нысандарымен антикалық өмір таныс болған. Олар ежелгі Грекияда монократия (тирания, деспотия) нысанымен алмасып отырды. Орта ғасырларда да демократиялық қала мемлекеттер болған
(Венеция, Женева, Генуя, Новгород).
Қазіргі саяси ғылымда демократиялық тұжырымдаманы және демократияны екі негізгі нысанға бөледі:
- тікелей;
- өкілетті (репрезентативті).
Достарыңызбен бөлісу: |