Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет45/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Кез-келгенқызмет мына жүйеде жұмыс жасауы керек: жоғары білікті мамандар – еңбекте жоғары деңгейдегі жан-тәнімен берілу – еңбекті жоғары дәрежеде сырттай және іштей бағалау.

Бұл адами ресурстың тұжырымдамасына да сәйкес келеді. Оның негізі білімнің, біліктіліктің және қиын еңбек рөлі мағынасын қайта қарауда жатыр. Адами ресурстың болжауы бойынша, жеке адамның біліктілігі, алғырлық, білімділік еңбек өнімділігін одан әрі ұлғайтады. Жеке адам ағымдағы кіріс негізінде болашақ кірісті жақсарту үшін салым салады.

Өндіру деңгейі, еңбек шарты мен мәдениеті бойынша бәсекеге қабілетті қазіргі таңдағы өндірістерде және жұмыс орындарында еңбекке қабілеттілердің көбін тиімді жұмыспен қамту экономика өсуінің ұзақ уақыттағы басым бағдарламасының мақсаты болуы керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру біліктілікті арттыруды, жұмыс күшінің салалық және аумақтық жұмылдырылуын, еңбек ресурстарының тиімді сипаттамаларына сай жұмыс орыны құрылымы мен көлемінде тепе-теңдік мүмкіндігіне жетуді талап етеді. Өкінішке орай, қазіргі таңдағы экономика жағдайы, инвестицияның төмен деңгейі жұмыс күшінің материалды негізін қайта жандандырудың құрылымы мен көлемі экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Жаңа жұмыс орындарын ашуда жұмыс күшінің сапалық және сандық бағасын сирек ескеретін экономикалық қызығушылықтар мен өндірістік қажеттіліктер басым.

Сонымен қатар, мемлекеттің жаңа жұмыс орындарын ашу үдерісін басқаруы экономика құрылымының қайта құрылуының маңызды құралы болып саналады. Ол жүйе, оның жұмыспен қамтылуы және тиімділігін реформалау негізінде жатыр, ал болашақта – еңбек етуге ниеті барлардың толыққанды және тиімді жұмыспен қамтылуы қажет. Жалпы мемлекеттік және аумақтық деңгейде жұмыс орындарының қозғалысын басқару нарық тетігінің қызметін шарттайтын барлық әлеуметтік-экономикалық сипаттың факторларын ескеруі керек.

Осы факторлардың кешенді есебі реформалау стратегиясының негізгі бөлшегін құраушы ретінде жаңа жұмыс орынын жасайтын мемлекеттік бағдарлама негізіне алынуы қажет. Тек қана негізгі экономиканың макро-және микроэкономикалық даму көрсеткіштеріне жұмыс орындарының қозғалыс көрсеткіштерін қосу үкіметтік органдардың еңбек нарығы жағдайына пассивті қарым-қатынасын жеңуге көмектеседі. Еңбек нарығын қажетті бағытта реттеп, қажетті жұмыспен қамту құрылымының болашағы мен серпінін сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қаржылық көмегінің тиімділігін арттырады, өндірістерде жұмыс орындарының сақталуын немесе артуын қарастырады. Олардың дамуы экономика құрылымын қайта құру басымдықтарымен анықталады.

Жұмыспен қамту әлеуетінің тиімділігі еңбек ақы тетігін жетілдіруде жатыр. Жалақының аздығы еңбекке деген ынтаны, қоғамның жоғары өндірістік, шығармашылық еңбегін төмендетеді. Өкінішке орай, жоспарлы-орталықтандырылған экономика жағдайында еңбекақы рөлін ынталандыру ең төменгі деңгейге жетті және қазіргі нарықтық қарым-қатынас қалыптасу кезінде өзінің негізін көрсетпейді. Көп қызметкерлердің ойы бойынша, жалақының жоғарылауы адам қажеттіліктеріне, тауар және қызмет бағаларына сай болуы керек, яғни тиімді еңбек ынтасы үшін емес, ол жалақының жоғарылауы тұрақты түрде жанданып отыратын уақытша ынталандыру ретінде қарастырылады.

Көпшіліктің өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты аз ғана уақытта кіріс әкелетін, тиісті білім мен кәсіби дайындықты қажет етпейтін қызметтер беделді болады. Жастар білім мен мамандықтың біліктілігін жинауға ниет етпейді, керісінше жалақысы жоғары жұмысқа бағыт ұстайды. Бұл кездейсоқ құбылыс емес: білікті еңбек қызметкерлері жалақы және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша аз қорғалған әлеуметтік топтар ретінде қалып қойды.

Жасы келгеніне байланысты берілетін зейнетақы көлемінің төмендігі зейнет жасындағы адамдардың өздерін жұмыс күші ретінде ұсыну көлемінің артуына әкелді.

Жалақы да, зейнетақы да адамдардың өмірлік қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды, сонымен қатар, жұмыс күшінің сапалы түрде қайта жандануын және өзінің ынталандыру қызметін қамтамасыз ете алмайды.

Жаңа жағдайда еңбекақының жаңа жүйесі қалыптасуы қажет. Ол бойынша жалақы көлемі шаруашылық іскерліктің соңғы нәтижесіне сай болуы тиіс. Қызметкерлердің, ұжымның және қоғамның қызығушылықтарын тиімді түрде үйлестіру керек, шағын ғана қызметкерлер тобы орындайтын жұмысқа қызметкерлердің қызығушылықтарының артуы, ғылыми-техникалық даму қызметкерлері жалақысының жоғары болуы, еңбекақыны беру тетігінің нақтылығы мен қол жетімділігі болғаны жөн. Еңбекақыны төлеу экономиканың интенсивті даму міндеттеріне бағынуы, еңбек өндірісі дамуын ынталандыратын маңызды құралы болуы, өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға ықпал етуі қажет.

Қазақстандағы нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталу жағдайында жұмыспен қамтуды реформалау жұмыссыздық мәселелерін шешумен қиылысуы қажет. Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдай нарықтық экономикасы бар елдерден өзгеше. Сондықтан да нақты шарттарды ескеретін бірегей шешімдер керек. Осыған орай, еңбектің анық және кешенді есебін құру маңызды рөлге ие – еңбек ресурстарын есепке алу, олардың сандық және сапалық бағасы, жұмыс орындарын аттестациялау, жалпы мемлекет және аумақ бойынша еңбек ресурстарының қозғалысы, адам ресурстарын басқару.

Қажетті ақпараттық база қалыптастыру жұмыссыздар тобын жұмыспен қамту шарттары бойынша қосымшаларды анықтауда негіігі анықтаушы болады. Өзін-өзі жұмыспен қамту да жасырын жұмыссыздықтың нысаны болып саналады, әсіресе, ауылдық жерлерде бұл мәселені шешкен жөн. Жұмыссыздар санын мемлекеттің экономика саласынан бөлініп шыққан жұмыс қолын қайта бөлу арқылы шешуге де болады. Бұл жағдайда, басым бағыттар болып көлік, тұрғын үй құрылысы және қызмет көрсету салалары саналады.

Жұмыссыздық мәселесін шешу барысында құрылыс және көлік жолдарын жаңғыртуды пайдаланудың қолданылуы тарихқа аян. Өткен ғасырдың 30-жылдары АҚШ және Германия осындай кең көлемді жобаларды жүзеге асырды. Бұл жоба жұмыс күшін жұмыспен қамту әдісі ретінде және мемлекет өндірісінің экономикалық жаңғыртылуының тірегі ретінде де қарастырылды.

Жұмыссыздықпен күресте оның жетекші құралы ретінде, оның теріс экономикалық және әлеуметтік салдарының алдын алуда басқарудың барлық сатысында, яғни орталық және жергілікті деңгейінде мемлекеттің белсенді саясаты болуы керек.

Бұл саясат жұмыс күшін дайындау мен қайта дайындау бойынша мемлекеттік орталықтардың тиімді қызмет жасауы, оның білім деңгейінің жоғарылауы үшін бірнеше тармақтар құруға көмектеседі, яғни жалпы алғанда, еңбек ресурстарының сапасын арттыру мен жұмыспен қамтуды жергілікті деңгейге ауыстыру.

Сонымен қатар, жергілікті жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті шаруашылық қажеттіліктерін дамыту үшін тиісті кадрлар дайындығына бейімделу керек, жұмыс күші нарығының қажетті инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз ету, әр өңірде жергілікті биліктің, кәсіподақтың, кәсіпкерлердің жұмыссыздық мәселесін шешу үшін бірлесе жұмыс атқаруларын ұйымдастыру. Бірақ, осы орайда, мемлекет еңбек ресурстарының жаңа еңбек жағдайына дайын еместігі байқалды. Талаптардың жоғарылауы, жаңа технологиялар, мамандарды қайта даярлауға қаражаттың жетіспеуі еңбек ресурстары мемлекеттік саланың өзінің ішінде бейімделудің төмендігіне тап болды. Сондықтан да көп салалы экономика жағдайында еңбек нарығының жұмыс орындарының жаңа талаптарына бейімделуінің жеделдетілуі қажет болды.

Мемлекеттің жұмыссыздықпен күрес шаралары жұмыс күшін даярлау мен жалға алу шығынын толыққанды немесе жартылай өтеу арқылы, дамыған елдердегідей жұмыс орындарын жасау үшін жеңілдік несиелерін бөлетін жеке меншіктің түрлі нысандағы кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыру мақсатында тиісті салық саясатымен бекітілуі керек. Мысалы, АҚШ корпорациялары жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша екі жыл бойы әр алған қызметкері үшін 4,5 мың доллар көлемінде салықтан босатылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі еңбек нарығы өз бойында нарық тетігі мен көптеген реттеуші институттар қиылысқан жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер арасындағы қарым-қатынастың қиын жүйесін көрсетеді. Осы салада тепе-теңдікке жету мемлекеттік басқару мен өзін-өзі реттеудің бірігуі негізінде қамтамасыз етіледі.

Еңбек нарығының жасампаз экономикасы мен әлеуметтік әлеуеті оны қалыптастырушы шарттар арқылы толыққанды ашылады: жұмыспен қамту, халық кірісі мен еңбекке ынталандыру саласында сындарлы және салиқалы саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың нағыз қызметі.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек нарығының қандай элементтері бар?

2. Еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістер шарттары.

3. Мемлекеттің еңбек нарығына ықпал ететін экономикалық тетіктері.

4. Біілмнің еңбек нарығындағы рөлі.

5. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталу жағдайында жұмыспен қамту мәселелері.

6. Жұмыс күшін бөлу және қайта бөлу үдерісіне ықпал етудің маңыздылығын құрайтындар.

5.3. Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технологиялар

Мемлекеттік басқару үдерісі қоғам мен мемлекет қарым-қатынасының демократиялануын, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар мүддесін қорғайтын қоғамдық институттар арасындағы жүйелі түрдегі диалог барысында сенім және келісім жағдайларын жасауды көздейді. Мемлекеттік аппарат пен қоғамдық ортадан шығатын ортақ кері байланыс динамиканың өсуімен, мемлекеттік басқару жүйесіне әлеуметтік ортаның көбеюші талаптары мен өзгеруімен сипатталады. Ұйымдастырушылық тұрғыдан алғанда, осындай екіжақты ақпараттық байланыс әлеуметтік болмыс шарты кезіндегі өзгеріп жатқан оқиғаларды болжау және мониторинг жасау, болып жатқан өзгерістерге дер кезінде және сәйкес келетін іс-әрекет ету, тиісті басқарушылық ықпал жасау үшін қажет. Мемлекеттік басқару жүйесінің өзіне тән қауіп жөнінде «алдын ала хабарландыру» тетігі жұмыс жасайды, яғни қажет емес әлеуметтік салдарларды болдырмау үшін қызмет жасайды.

Мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасында қарым-қатынас орнату сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Ол өз кезегінде, мемлекеттік органдар қызметі үшін тиімді жағдай жасап, билік-басқару қарым-қатынасында кері байланыс жасаушы қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет