Тәрбие сағаты: «Бастауышым-бал бұлағым!»



Дата28.01.2018
өлшемі440,49 Kb.
#34518
Тәрбие сағаты: «Бастауышым-бал бұлағым!»
Мақсаты:
Білімділік: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта
алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан
алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін
ұстаздармен таныстыру,
әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
Тәрбиелік: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге
деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар. Қанатты сөздер.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
«Бастауышым-балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. «Бастауышым-балбұлағым!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Сұлтан
1 - жүргізуші: Мына жердің сондай құлпырғанына жол болсын. Аружан мұнан сенің қандай хабарың бар?
Аружан
2 - жүргізуші: Сұлтан -ау, қандай хабарың бары не?! Бұл жерде үлкен мереке. Ой, сенің осы әдетің - ай, үнемі жаңалықтан құр қалып, кеш естисің де жүресің.
1 - жүргізуші: Олай болса мен естімеген қандай жаңалық? – Ойхой, мына
қонақтарды , қыздарды қара, көңіл - күйін қара?
2 - жүргізуші: Бұлар бастауышпен қоштасып жатқан 4 - сынып оқушылары. Біле білсең Сұлтан , бұлар біздің сыныптас достарымыз. –Сұлтан ,сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой?
1 - жүргізуші :
Дұрыс айтасың Аружан , қуанышпен қатар көңіліме кірбің ұялап тұрғанын да жасыра алмаймын. Өйткені біз бүгін білімнің бастауы болған бастауышпен, ең қиыны ең алғаш қолымызға қалам алдырып, әріптерді жаттатқызып, әліппені үйреткен алғашқы ұстазымызбен де қоштасамыз.

2 - жүргізуші:
Ияяя,Сұлтан мұңайма. Бұл біздің кішкене болса да есейгеніміздің белгісі. Одан да өткен 4 жылға шегініс жасап, алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттерімізді еске түсірейік. Слайд
1 – жүргізуші
Жарайды айтқаның болсын.
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мұң.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
2-бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар. Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ . Кеше сәби, бүгін жас ұлан. Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
Хор: 2- бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
1 - жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күн болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметпен шақыралық,
4 -ә сынып оқушыларын ортамызға.
Шәкірттерді қошеметпен ортаға шақырайық!

  • Еліктің лағындай елгезек Мерей
    Майысып ,жымиып тұр бөлек,
    Инабат, сыр-сымбат кербездік,
    Бойына жарасып тұр бүгін,
    Ата-ана ,сіз жайдары үнемі
    Бересіз үлгі өнеге!

Білім көзі қайнар Диана
Сенім артар үнемі
Ол -сыныптың жүрегі
Анасының сенімі,
Үміті мен тірегі.
Алғыс айтып Анаға.
Тек қуаныш тілейді


  • Ерасыл десек,Ерасыл !
    Уәдеге берік ол!
    Айтқан сөзде тұрады
    Тапсырманы тез ұғады.


Дилназ-біздің ақылды,
Мінезі ашық салмақты.
Талпынып алға қарай қадам басса,
Елінің үміт артар “Азаматы”!


Әдепті ғой, тәрбиелі үлгілі
Біздің елдің болашығы ертеңі.
Болашақта ұстаз болар қараңыз
Ернар –үміт артар баламыз
Шаймерден Аружан –аяулы қыз,
Келбетті , әдепті байыпты.
Ізгілік, ұяңдық бәрі де
Бойына өзінің дарыпты.


Әдепті ғой, тәрбиелі үлгілі
Біздің елдің болашағы ертеңі
Болашақта ғалым болар қараңыз,
Арнұр біздің үміт артар баламыз,
Ата-анаға шексіз алғыс айтамыз!
Аңғал ғой, балаңыз ақ жарқын,
Күлімдеп үнемі жүреді.
Ата-ана ақылын ақтайтын,
Камилла ақылды.

  • Қарапайым баланы мен білем,
    Өзгеше мінезі біздерден.
    Ата-анасын көрсетер биіктен,
    Дәурен-әдепті бала екен!

Ата-ананың үміті болашақта
Біздің
Назира салмақты әр уақытта,
Үнсіз қарап көзбенен тіл қатады,
Тазалықты сақтауды ұнатады.
Талпынып өз алдына мақсат қойып,
Ата-анасын қуантады.


  • Ғани-байсалды,байыпты
    Сабаққа ден қойыпты.
    Ұстаздың айтқан сөздерін
    Зердесіне құйыпты!


Ажар-биязы салмақты
Ұялшақ ,ұстамды,жан-жақты!
Сусындап білімнің нәрімен,
Парасат,ақылын танытты


Спортпен айналыс
Сұлулық силаған
Сол саған пайдалы іс
Сержан бұл саған

Дина сөзге шеберсің,
Ұғымтал ,әрі алғырсың
Білімнің сусап бұлағын
Ұстазға көмек боларсың!


  • Сегіз қырлы,бір сырлы Нұрдәулет
    Өнерлісің,білімді.
    Қанатың да талмасын
    Сен суретші боларсың!
    Сері ғой,өжет мінез қызыңыз,
    Інжу
    Сыныптағы нағыз қыз қараңыз
    Талпынып қуантады біліммен,
    Ата-Ана сізге мың алғыс!


Диас-сынып еркесі,
Арманшыл әрі сезімтал.
Сабақты оқып,үлгеріп,
Біздерді бүгін қуантты!


Қарақат десек, Қарақатсың!
Мың бұралып билейсің,
Тал шыбықтай иіліп,
Мінезің бар салмақты,
Сен биші бол “Атақты”!


Бекжан біздің Бекжан...
Серілік дарыған ерекше жан
Спортта алда болатын
Арманы оның чемпион
Әке ақылы –өсиет, Ана сүті-қасиет,
Ана үмітін ақтайтын
Ұлыңыз үшін, рахмет


  • Майысып,жымиып отырған
    Алина біздің жұмбақ жан,
    Достық деген сезімді
    Қастерлеген асыл жан.
    Достық жолы - дара жол,
    Достық жолы-адал жол
    Адалдықты достықты
    Ата-ана сізден алған ол!


Оқуға жүйрік, ол дара,
Қатарыңның алды бол,
Ылғи озып шығады.
Білімділік-мақсаты.
Сұлтан-білім бұлағы

  • Біздің қыз Аружан
    Көркіне ақылы сай ,дара.
    Байыптылық,ізгілік
    Бір өзінде қаншама!
    Ата-ана,сізге көп рахмет,
    Аружандай қызға

Дилназ:
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейірім мен сезінген.
Сипадың да басымнан
«Әліппені»ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
Оқушы: Аружан Шаймерден
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Оқушы:Інжу
Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып
Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,
Бар шуылын балалардың тындырып.
1 - жүргізуші: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.
2 - жүргізуші:
Біз бәріміз артқа тастап 4жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.
Оқушы:
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Хормен: Мектеп – кеме, Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
1-бастаушы: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
(шашу шашылады)
Оқушы:Дина
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Тойға шашу шашайық
Шырқап әнге салайық.
Хор «Ұстазым » Әні Тұлғамды

Ұстазым

Әні Әбілахат Еспаевтікі

Сөзі Аманжол Шамкеновтікі

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

 Қайырмасы:

 Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

 Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

 Қайырмасы:

 Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

 Қайырмасы:

1-оқушы: Диана
Балаларға болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 оқушы:Арнұр
Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.


1-жүргізуші:Ажар
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Дамира Қалиқызының бейнесін көреміз.
2-жүргізуші:
Дамира Қалиқызы – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді бөлек
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.
1-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!-, дей келе сөзді мектебіміздің басшысы Үсембаева Дамира Қалиқызына беріледі.
2-оқушы: Мерей
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3-оқушы:Сержан
Мектеп,мектеп бақытқа толы үйің,
Ұша білсек болмас-ау қону қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Би «Бәйшешек» қыздардың орындауында№6
4-оқушы:Қарақат
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5-оқушы:Ернар
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
1-жүргізуші:
Қыран бүркіт көтерер ердің нарқын
Қыран жігіт асырар елдің даңқын-дегендей
Жігіттердің орындауында « Жігіттер »биін қабыл алыңыздар
2-бастаушы:
«Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
1-жүргізуші:

Біз бүгін сауатымызды ашып,


Білім негізін қалаған бастауыш мектеппен,
Алғаш қолымызға қалам ұстатып,Оңымыз бен солымызды танытқан Алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымыз Нысанова Ләззат Аманқызын ортаға шақырамыз

«Ұстазым менің ұстазым» қыздар
2-бастаушы:
Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген.Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!
Оқушы: Арнұр
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Оқушы:Аружан
Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен жақсы күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй.-деп
Абай атамыз айтқандай,
Әсем ән аяулы аналарға арналады.
3) Сұлтанның орындауында ... «Ақ әжем» әні
«Домбыра»биі қыздардың орындауында


6- оқушы: Камилла
Оқындар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген, ұстаздар.
Ән арнадық, арнайы,
Тағзым ете, ұстазға!
Ән (хормен) «Мейірбан ұстаздар».
« Танго»биі

7-оқушы: Алина
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті .
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің,-біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
8- оқушы: Ажар
Дайындық топта оқытқан
Есімі бізге қымбатты
Ұмытпаймыз Гаухар , Дурзия тәтейді
Үйреткен бізге әріпті.

Мерей: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқимын
Ерекше зор құрметпен
Дина: Раушан тәтейге: Отан сүйген баламын
отанымның –анамның
Орыс тілі- ортақ тіл
Оқып біліп аламын

Ғани:Майя тәтей, Нұржан ағайға:
Ағылшынша оқыдық тілін білдік,
Дыбыстарды талдадық, сырын білдік.
Соның бәрін жалықпай, түсіндірдің
Соның бәрін біздерге ұғындырдың
Абзал ағайға:Диас

Бұлбұл үнін қаншалық,
Тыңдап жүрдік тамсанып.
Ақырында үйреттің
Тамылжыта ән салып.

Диана: Ажар апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз

Сержан: шыңдап күнде мен енді
Шынықтырам денемді,
Сүйемін ән-күй сабағын
Суретті сәндеп саламын:
Оқушы: Інжу:
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?
Ұстаз - ана жасады мына бізден
Ел танитын, азамат, бір - бір мықты.
Оқушы:Ерасыл:
Бар білім бастауыштан басталады.
Шығармыз шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Ұстаздар әлі - ақ ақталады.

Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»

9- оқушы: Нұрдәулет:
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
10- оқушы: Шаймерден:
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.

Хор:
Келесі кезекті әнге береміз «Мектебім» Мектебім,аяулы мектебім


11- оқушы: Ерасыл

Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Шәкірттің асыл қырағы.
12- оқушы: Камилла
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
13- оқушы: Назира
Мектебім,алтын ұям ,нұрың жарық.
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағыма сыңғыр қағып
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
оқушы:Бекжан:
Бастаушым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән: «Алтын ұям -мектебім»
1-бастаушы:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
2-бастаушы:
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.
Ән: «Мұғалім ол біздің»
Шетел биін қабыл алыңыздар
1-бастаушы:
Оқушы:
Көрмеген артық күліп,артық жүріп.
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін бастауышпен.
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып,
Хор:Ұстазым : Ғалым да шах.
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.
Бабалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Сөз кезегі оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Етекбаева Арай тәтейге беріледі.
Ақ тілік қонақтардан


Хор:

Хор : жүр: Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңдар!

Қағылды міне әуенге бөлеп,


Қағылды соңғы қоңырау
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр-ау!
Соңғы қоңырау соғылады.

Сенен алған білімге де рахмет!


Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым, қоштасарда тағы да
Жүз қайтара айтарымыз рахмет

Бастауышым – бақытты шағым!

Жарияланды 5-04-2013, 21:01 Категориясы: Бастауыш сынып

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныту, сәт – сапар тілеп табыстау.

Түрі: ертеңгілік

Көрнекілігі: Слайд презентациясы: «Менің сыныбым», шарлар мен гүлдер т. б

Аудивизуалды құралдар: мультимедиялық проектр, музыка орталығы, синтезатор.

Барысы:


Залда А. Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.

- Сынып жетекшісі келген қонақтарды отырғызып, кіріспе сөз сөйлейді:

- Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ – балалық шақ. Ендеше, сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естеріңде қалсын, балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен, бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз.

- Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!

- Олай болса, құрметті шәкірттерім сөз кезегі өздеріңде!

Вальс әуенімен сынып оқушылары ортаға келіп, билейді.

Әуеннің соңында сахнаға шығып, төрден орын алады.

Аймағанбет:

- Ассалаумағалейкум, ағайын!

Зәйраш:


Армысыздар, мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билейік, ән де бүгін шырқалар!

- «Сәлем – сөздің анасы» - демекші, армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Ақылтай:


Армысыздар!

Жарық сәуле көбейсін!

Армысыздар! Армысыздар!

Әсем әуен төгілсін! Орта толсын, жол ашайық!

Арайлым:

- қадірменді қонақтар, біз бүгін ең алғаш қалам ұстап, әліппемізді ұсынған ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз!

Жаннұр:

- Сонымен, « Бастауышым - бақытты шағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!



Ғазиз: Бүгін бізде үлкен қуаныш, үлкен той!

Алмас: Бүгін қызық, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Тойға шашу шашайық

Шырқап әнге салайық.

(шашу шашылады)

Аймағанбет:

- «Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем» демекші, біз осы қай мектепте оқимыз?

Зәйраш:

- «Мектеп – ғылым патшасы» емес пе? Біз Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров атындағы № 10 орта мектептің 4 «ә» сыныбында оқимыз.



Аймағанбет:

- «Жас келсе – іске» демекші, бұл мектеп ұстаздарының дені жастар. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы»- деген ғой.

Жаннұр

- «Оқу білім – бұлағы, білім - өмір шырағы» - деген, бұл мектеп талай жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, азамат қатарына қосып келеді.



Ақылбек:

- Міне, біздің де осы киелі шаңырақтың табалдырығын аттағанымызға да 4 жыл болыпты.

Ән: «Мектебіміз – кемеміз»

Зәйраш:


Көтеріп жүктің салмағын

Жолында өмір талмадың.

Мейірімің қандай шуақты

Ұстазым, асыл ардағым!

Әсем:

Есіңде ме ұстаздың алғаш қарсы алғаны,



Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Ән: «Бастауыш сынып вальсі»

Алмас:

Иә, ғұлама білгіш, ғалымнан,


Оқушы жас жалыннан
Аса ірі ойшылдан,
Президент, ақыннан,
Ғарышкер ұлы батырдан,
Өнері тасқан актерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас - кәріден,
Оқушының бәрінен
Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»

Арайлым:


Жылдар, жылдар өтсе де көп,

Ұмытпаймыз мәңгілік.

Қанша өмірде етсең еңбек,

Ұстаз сенің үлесің мол.

Аяулым:

Бар білім бастауыштан басталады.


Шығармыз шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Ләззат тәтей, әлі - ақ ақталады.

Ұмытпас түлектерің, сізді Ләззат тәтей,

Қолына алғаш қалам ұстатқанды.

Алдыңызда әрқашан тағзым етіп,

Тұрады «Ұстазым» деп басын иіп.

Ғазиз:


Ердің құты сәні де
Елдің күй мен әні де,
Кезек берем ән – күйге
Музыканың пәніне
Есіңде ме, ән сабағы

Абзал ағай одан дәріс бергені


Басыңды иіп алғысыңды айтарсың
Еңбегін де ұстаздың сен ақтарсың!

«Грузин» биі

Қол соғып ортаға шақырайық.

Ғазиз:


Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым данасы.

әліппені құрметтеп,

жоғары орынға қоямыз!

Аяулым:

- Сонымен 4 жыл бойы біз: ана тілі, қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану, музыка, технология, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінен білім нәрімен сусындап келдік.



Жаннұр:

Әйгерім мұғалімге:

Ағылшынша оқыдық тілін білдік,
Дыбыстарды талдадық, сырын білдік.

Соның бәрін жалықпай, түсіндірдің


Соның бәрін біздерге ұғындырдың.

Әсем:


Абзал ағайға:
Бұлбұл үнін қаншалық,
Тыңдап жүрдік тамсанып.
Ақырында үйреттің
Тамылжыта ән салып.

Зәйраш:


Сайлаугүл мұғалімге:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,


Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз
Қолы шебер, күміс көмей, сөзі алтын.

Ақылбек:


Айнагүл мұғалімге:

Енді міне, сағымдай өте шықты,


4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?
Ұстаз - ана жасады мына бізден
Ел танитын, азамат, бір - бір мықты.

Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»

Халық әні «Қара жорға»

Ән: «Алтын ұя мектебім»

Орындайтын: хор

Ақылбек:


Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешеңді сыйлаудан басталады.

Әсем:


Бала ата - ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай,

Олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата - ананың да еңбегі мол.



Хормен: «Ата – ана, сізге мың алғыс!»

Келесі ән ата - аналардың құрметіне арналады.

Ән: «Әкешім - анашым»

Орындайтын: Аймағанбет пен Ақылбек

Ән: «Әже»

Орындайтын: Арайлым Ағыбайқызы

«Өзбек» биі Бишілер тобы

Ортаға мектеп табалдырығын аттағалы отырған мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін шақырамыз. Өлең жолдарын оқиды. Бастауыш сынып түлектері естеліктер тапсырып, ән жолдайды.

Ән: « Тұсау кесер»

Ән: «Бала тілегі»

Аймағанбет:

Есіңде болар, мектепке алғаш келгенің,

Үрке қарап, есігін білім ашқаның.

Сол білімнің бұлағына шомылтқан

Ұстаздарды ұмытпағын, достарым!

Ақылбек:


Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім,

Бойым өсіп, ойым толып, түледім.

Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін

Боламыз енді жоғары сынып түлегі.

Арайлым:

Алғашқы ұстазымыздың


Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап сүйікті тәтейге


Өсіп келе жатырмыз.

Аймағанбет:

Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз
Жақсылықпен адалдыққа құштармыз.
Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,
Достық туын әр кез биік ұстармыз.

Ән: «Батыр Бауыржан»

Орындайтын: хор

Оқушылар ағылшын тілінде ән салып, өлең шумақтарын айтып, шағын көрініс қояды.

Аймағанбет:

Қоштасу кеші қобалжытады,

Көп күткен едік емес пе?

Көзінде балалардың жас мөлдірейді

Ұмытылмайды бұл есте.

Әсем:


Ұстаз!

Бізге еткен еңбегіңді жеткізер,

Аузымызға сөз түспейді, ұстазым!

Сөз де тіпті, қажет емес атыңды

Шығарамыз мына біздер

Еңбегіңнің жемісін.

Зәйраш:

Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,



Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.

Қош айтысып соңғы рет осы жерде

«Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз

Сенен алған білімге де рахмет!


Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым, қоштасарда тағы да
Жүз қайтара айтарымыз рахмет!

Қош бол, бастауыш!
1 - жүргізуші: Мына жердің сондай құлпырғанына жол болсын. Ұлпа, мұнан сенің қандай хабарың бар?
2 - жүргізуші: Әлімжан - ау, қандай хабарың бары не?! Бұл жерде үлкен мереке. Ой, сенің осы әдетің - ай, үнемі жаңалықтан құр қалып, кеш естисің де жүресің.

1 - жүргізуші: Олай болса мен естімеген қандай жаңалық? – Ойхой, мына қыздардың биін қара, көңіл - күйін қара? бұл керемет билеп жатқан кімдер?
2 - жүргізуші: Бұлар бастауышпен қоштасып жатқан 4 - сынып оқушылары. Біле білсең Әлімжан, бұлар біздің сыныптас достарымыз. – Әлімжан, сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой?

1 - жүргізуші Дұрыс айтасың Ұлпа, қуанышпен қатар көңіліме кірбің ұялап тұрғанын да жасыра алмаймын. Өйткені біз бүгін білімнің бастауы болған бастауышпен, ең қиыны ең алғаш қолымызға қалам алдырып, әріптерді жаттатқызып, әліппені үйреткен алғашқы ұстазымызбен де қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Ияяя, Әлімжан... мұңайма. Бұл біздің кішкене болса да есейгеніміздің белгісі. Одан да өткен 4 жылға шегініс жасап, алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттерімізді еске түсірейік.

1 - жүргізуші: Жарайды айтқаның болсын.
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
2 - жүргізуші: Әсем бөлме, терезелер жап - жарық
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып
Қара тақта, аппақ парта қаз қатар
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

1 - жүргізуші: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
2 - жүргізуші: Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып
Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,
Бар шуылын балалардың тындырып.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
2 - жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күн болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметпен шақыралық,
4 - сынып оқушыларын ортамызға.

1 - жүргізуші: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.
2 - жүргізуші: Біз бәріміз артқа тастап 4жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.

Хор: Ардақты ұстазым
Н. Гүлдана: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Қош бол, бастауыш мектебім
Кештің мақсаты:
Білім негізі, іргетасы – бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру. Бастауыш сыныптарда алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу. Отансүйгіштікке баулу, жағымды мінез-құлық мәдениетіне, білімді, саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп, бағыт-бағдар беру.


Көрнекіліктер: ұлағатты сөздер, аудио. Видео техника, слайдшоу.

Алғы сөз.

Сынып жетекшісі:
Бұл оқу – тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал азбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған « Қош бол, бастауыш мектебім» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.


Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың ,
Жүрегін көрген бір мұрат – дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, оң мен солын айырған шәкірт. Бұл күнге жайдан-жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттерімізде аз болмаған шығар. Бір сәт елестетер болсақ, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Бірігіп кітап оқу, пікірталас ұйымдастыру, мерекелік ән шашуларға қатысып, өз өнерлерін шыңдау жақсы жолға қойылған. Әрине, осындай іс-шаралар бала жанына игі әсерін тигізбей қоймасы анық. Осы жолдағы менің ұстаған бағытым - тек кітаби білім беріп қана қоймай, еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақтарды тәрбиелеу болды. Ол жағдайға бүгін толық жетпесе де, ертең жететініне сенемін. Сондықтан, алдымнан ұшқалы отырған шәкірттеріме: «Бірінші байлық - денсаулық»- демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл, қыз болыңдар дегім келеді.


- Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан ортаңғы буынға өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!

- (Музыка әуеніне ілесіп, ұл-қыздар ортаға шығады)

1-жүргізуші: Нұрлыбек
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.


Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

1-оқушы: Диана

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!


2 оқушы:

Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.


1-жүргізуші:
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Дамира Қалиқызының бейнесін көреміз.

2-жүргізуші:

Дамира тәтей– мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

1-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектебіміздің басшысы Үсембаева Дамира Қалиқызына беріледі

3-оқушы: Алина

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын.
Мектебіме арналады бұл әнім.


2-жүргізуші: Анар

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім алған.
Келесі кезекте шырқалар «Анадай асыл мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.


Хор. «Анадай асыл мектебім»

4-оқушы: Гүлзия

Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне, сағымдай өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таныма азамат бір-бір мықты.

5-оқушы:Арай

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып, өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді.

1-жүргізуші: Нұрлыбек. Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым»әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.

2 –жүргізуші: Анар

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

1- жүргізуші Нұрлыбек:

Сондай-ақ, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулығын алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

6-оқушы: Әлібей

Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам,

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырлап сан тарапқа тараған.

7-оқушы: Бахтияр

Мектебім-алтын ұям өрісім,

Мұғалім-білім көлісің.

Өзіңнен талмай үйреніп,

Келеміз өсіп ел үшін

1-жүргізуші: Нұрлыбек

Ер балалардың орындауында келесі би сыныптағы әдемі қыздарға арналады.

« Қыздар-ай »әніне ер балалардың орындауында би.

8-оқушы: Гүлсезім

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүрекпен тең көрді.

Өмірге жол бір өзіңнен басталады,

«А»әрпін алғаш сенен жаттадым.

Ұстаздары естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жылы шуақ шашқаның

9-оқушы:Диана

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға –деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, әдемілікке, әдептілікке, адалдыққа, әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да ұстазымызға Барлығы:Мың алғыс!

Хор «Ұстазым менің»әні.

2-жүргізуші: Анар. Тай құлындай ойнақтап бірге өскен, балалық шақтың қызықты күндерін бірге өткізген сыныптас достар – мәңгі есте қалары сөзсіз.

10-оқушы: Нұрлыбек

Әжетайым тірегім,

Кеудемде соққан жүрегім.

Шаттансам шығып қияға,

Қиналсам, сен де жүдедің.

Өзің деп білем күн көктем,

Қызметін де көрсеткен.

Бар жылылық бойыңда,

Ұлы едің сен неткен - дей келе, «Асыл әже»әнін көңілі көлдей, ниеті теңіздей әжелерімізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.

Хор. Асыл әжем әні.

Шағын күлдіргі көріністер: 45 минут қызықтары.

11-оқушы: Гүлзия

Аман болшы қашанда анажаным,

Анашым ыстық маған алақаның.

Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,

Қызым деп еркелете қарағаның.

12 оқушы: Родина

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

2-жүргізуші:Анар.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз, ешбір жанға теңдесі жоқ аналарымызбен әкелерімізге арналады.

Хор. «Анашым-әкешім»

1- жүргізуші:Нұрлыбек

Сыныптағы қыздардың орындауында «Заманауи биі»

II-бөлім. Осы оқу жылындағы оқушы жетістіктеріне тоқталу.

1. Байменова Д «Жеті санының қасиеті»тақырыбындағы қорғаған ғылыми жобадан көрініс

2. Бухаева Г. «Спорт жұлдыздары:Сиднейден мектепке дейін. »

«Ең үздік зерттеуші» номинациясын иеленген ғылыми жобадан көрініс.

3. Аудандық олимпиадада орыс тілі пәнінен I-жүлделі орын жеңіп алған Маханалина А

орыс тілінде өлеңдер жатқа айтады.

4. III аудандық «Бастау»математикалық олимпиадасына қатысқан Бухаева Г

Осы байқауда Сарысай орта мектебі «Ең тапқыр команда»номинациясына ие болды.

5. Қызықты математикаға саяхат. (логикалық есептер шешу)

2 жүргізуші: Анар

Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттадық. Бастауыш сыныппен қоштасу кешімізді өткізіп, толқу, қимастық сезімімізді білдіреміз. Бүгін міне,

оңымыз бен солымызды таныған, саналы азамат болып шығуға уәде етеміз.

1-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
- деп кешімізді қорытындылау мақсатында сөз кезегін мектебіміздің басшысы Дәулетова Қалия апайға беріледі.

1-жүргізуші: Нұрлыбек.

Дегенмен, әлі де болса балалық күндерімізді қимаймыз.

Қорытындылау. /Ата-аналардың құттықтау сәті/

Тақырыбы: Бастауышпен қоштасу

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен


Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» класының «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,


Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Қабылдап алғанымда 9 едің,
9-ыңды жекелеп парақтадым.

Білім деген қауыздан гүл ашылған


Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,


4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Білім бар білім десең баста піскен


Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Бастауыш бұнда өткен бала шағың,


Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.

Қағылды міне, әуенге бөлеп,


Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !
Расында да, 4 жыл 4 күндей өте шықты ғой. Олай болса шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар.

Рабиға Мұхитқызы анашымдай аялаған,


Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін


Жанат Утепбергенқызы есіміңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

Жүрегі нұр Динара Уразбайқызының


Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейміз біз сізді әрдайым.

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,


Менің де көкейімде із қалыпты.
Ақөрік Сағырбайқызы неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.

Ұстаздардың арқасында шаттандық,


Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.
Мектебімде ұстазым бар логопед Сәуле Хамитқызы
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

Музыка атты пәніміз,


Айтылар онда әніміз.
Жолашар ағай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Айнагүл апайды шебер домбырашы дер едім,


Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде бізге істеген еңбегі,
Айтамыз алғыс шәкірттері сізге мың.

Орыс тілі әр кезде керек ертең


Мәриям апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.

Бота апай нағыз биші ұстазсыз,


Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз.

Жүрегімді Гүлжайнар апай берген сабағы,


Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.

Райса Санжовна жан ұстазым,


Сізден үйрендік әртістік қыр-сырларын.
Саяң ыстық, сіз мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Мектебімде Бекболат ағай мен Руслан ағайлар бар


Бізді олар секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.

Жанат апай
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,


Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамын білімнің мен кілтін.

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,


Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!

Кері қайту

Ұстаз-әр балаға білім,тәрбие беретін асыл адам.Ол шәкірттеріне екінші анасы болып табылады.Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап жылы жүзбен қарсы алатын әрине,ұстаз.Менің алғашқы ұстазым- Дюсенғалиева Әлия Тарғынқызы.Мен осы өлең жолдарын Әлия апайыма арнағым келеді.


Ұстаз ғой тәлім-ғылым үйреткен,
Жамандықтан араздықтан жиреткен.
Ұстаз ғой сан жазғызып,әріптерді
Әріптерден ажыратып үйреткен.
Білім нәрін сусындатып баршаға
Көрсеткен әлемді де шарлаған
Бар білімді бізге беріп сыйлаған,
Ұстазды біз құрметтейік барша адам

Сыңғырла, соңғы қоңырау

 Дүйсенғали Қалдыбайтегі

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

 Қайырмасы:

Сыңғырла соңғы қоңырау,

Тілегің болсын түлекке.

Киелі үнің күш берсін,

Үлпілдеп тұрған жүрекке!

 
Орындалсын аңсап жүрген арманың,

Арайланып атсын нұрлы таңдарың.

Туған елдің көк байрағын көтеріп,

Биіктерден көріне бер, саңлағым!

 

Қайырмасы:



 Ардағым деп қуанады ел саған,

Тарланым деп табынады жер саған.

Болашақтың бар тізгіні сендерде,

Сенім артар азаматым, болшы аман!

********

Ұстазым


Әні Әбілахат Еспаевтікі

Сөзі Аманжол Шамкеновтікі


Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

 Қайырмасы:

 Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

 Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

 Қайырмасы:

 Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

 Қайырмасы:

*******

Ұстазым


әні Темір Тайбековтікі

сөзі Сейфолла Оспановтікі

Нұр құйған бөбектердің зердесіне,

Білімнің сусындадым теңізінен.

Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,

Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.

 

Жасарып жайсаң жаны жадырайды,



Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.

Жанының толқығанын жасырмайды,

Отырар сырттарынан жебеп-жебеп.

 

Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,



Жандарың жадырасын, жасымасын.

Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,

Қиындық басқа түссе қасымдасың.

*********

Мейірбан ұстаздар

әні Ж. Еспаевтікі

сөзі Қ. Жұмағалиевтікі

Жайраңдап көктемім,

Күледі көкте күн.

Құшағын тұр жайып,

Аяулы мектебім.

Санама нұр құйған,

Ұстазым көп менің.

 Қайырмасы:

 Мейірбан ұстаздар

Санама нұр құйған

Ұстазым көп менің.

 Биікке өрлеген,

Тайсалып көрмеген

Ұрпақтың кеудесін

Қуаныш кернеген.

Ұстаз деп ән шырқап,

Күй төккен пернеден.

 Қайырмасы:

 Елімнің баласы,

Ауылы, қаласы,

Кәрісі, жасы да,

Кемеңгер данасы

Қарыздар ұстазға

Адамзат баласы.

 Қайырмасы:

**********



Ұстазыма

әні Ә.Телғозиевтікі

сөзі Н.Әлімқұловтікі

Мұғалім ардақты ұмытылмас,

Өзіме бала күннен үні сырлас.

Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,

Арманның асқарына ұмтылған жас.

 Қайырмасы:

 Мұғалім берген білім, ой

Бойымдағы күш жалын.

Көңілімнің нұры ғой

Сүйікті менің ұстазым!

 Ол бейне өзім үшін алып адам,

Бойына жаман қасиет дарымаған.

Есейіп еңбекке еніп кетсем-дағы

Үйретіп, жол сілтеп жүр әлі маған.

 Қайырмасы:

 Бойыма алаулатып күш-жалынды,

Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

Кеудеме білім сырын құйып берген

Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды.

 Қайырмасы:

********

Аяулы мекенім

әні К.Күмісбеков

сөзі Т.Молдағалиев
Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,
Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,

Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,

Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем.

 Қайырмасы:

 Сағыныш құсы

Өзіңе қанат қағады,

Күтпейді мені, күтпейді мені,

Күндерім зулап барады.

Күтпейді мені, күтпейді мені,

Күндерім зулап барады.

 Сағынам сені, мекенім, туған гүл бағым,

Өзіңде алғаш бұлбұлдың әнін тыңдадым.

Өзіңде алғаш анамның естіп әлдиін,
Өзіңде алғаш жастықтың жырын жырладым.

**********



Ұстазға мың алғыс

әні Б.Бейсенованікі


Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Толқыныңда біз жүземіз.

Желбіреген ақ желкені

Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.

 Қайырмасы:
Ұстазым,

Жыр сазым.

Бір өзіңе,

Мың тағзым,

Ұстазым.

 Ұстаз ана, ұстаз дана,

Нұрлы жүзің жанға пана.

Менің маржан асыл сөзің

Әнұранымдай жаңғырады санамда.

 Қайырмасы:
















Ұстазым.


Қазақша әндердің сөздері

1. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,


Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. 
Қайырмасы:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Ұстазым менің, ұстазым…
2.Көзімді сен ашпасаң, не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің…

Ұстазым. (Сөзі)
1)Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.

Талпынған балапан ем ұядағы


Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.
Қ-сы
Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
2)Өмірдің мен білмейтін қатпарларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.
Қ-сы

Ұстазым.


Қазақша әндердің сөздері
1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең. 
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.
2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.

Мұғалім ол біздің
2) М.Әлімбаев
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет