Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет70/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Жоғарғы Сот:

- өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;

- сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

- нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;

- жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін жасақтайды.

Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.

Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.

Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.

Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.

Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік  қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

Судьяның тәуелсiздiгi судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен жүзеге асырылады.

Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келісімiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.

Судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет