Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет72/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Мемлекет деңгейінде басқарушылық шешімдер төмендегідей  талаптарға сай болуы тиіс:

- тек қысқа мерзімді ғана емес, ұзақ мерзімді нәтижелерді де есепке алу;

- басқарушылық шешімнің мультипликативті әсерін есепке алу;

- адал бәсекелестік және кәсіпкерліктің еркіндігі ережелерін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерінің екі түрлі түсіндірілуін болдырмау, олардың қызметінің заңнамалық тұрғыдан дәл регламенттелуі қажет».

Ең алдымен мемлекеттік аппаратты реформалау көзделуде. Мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз ететіні күтіледі.

Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы  құрылды. «А» корпусына жауапты хатшылар мен облыс әкімдерінің аппарат басшылары, комитет төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдері кірді.

Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік сатысының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілуі белгіленді.

Жүргізілген әкімшілік-бюджеттік реформалардың шеңберінде биліктің республикалық және облыстық деңгейіндегі өкілеттіктерді шектеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік емес қызмет бөліктері жеке салаға өтіп, мемлекеттік мекемелер мен органдардың қызметіне кіретін мемлекеттік қызмет саласы мәселелерінің шеңбері айқындалды, жалпы алғанда мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негізін құру үдерісі аяқталды.

Жүргізілген реформаның нәтижесінде бюджеттік жүйе айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, бюджет жүйесінің шегі нақты түрде белгіленді, бюджеттік бағдарламаларды бөлу заң жүзінде бекітілді, республикалық және жергілікті бюджет арасындағы түсімдер көлемі анықталды. Мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлері орташа мөлшерлі болжамға өткізілді, жергілікті атқарушы органдарға заңнама шеңберінде белгілі бір деңгейде шеттен алып пайдалану құқығы берілді.

Бюджетаралық байланыстар жүйесін жетілдіру орталық пен аймақтар қызығушылығының тепе-теңдігіне қол жеткізуге, аймақтардың экономикалық дамуында мемлекеттік басқарудың төменгі сатысында тұрғандардың қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталды. Бүгінгі таңда әрекет етіп отырған кірістер мен бюджет деңгейлері арасындағы шығындарды бөлу жүйесі бұдан бұрынғы жүйелерге қарағанда бірқатар басымдықтарға ие. Салықтың әрбір түрінің бөлінбеуімен республикалық және жергілікті бюджет аралық кірістердің көзін нақты түрде бөлу қамтамасыз етілді және олардың пайдаланылу бағытына шек қойылды. Жергілікті бюджеттің теңгерімділігіне жоғарыда тұрған бюджет тарапынан жәрдем қаржының бөлінуі және төменде тұрған бюджеттен бюджеттік алымдарды алу арқылы қол жеткізіледі.

Жоғарыда аталған реформа бағыттарын тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет түбегейлі өзгереді және олардың қоғамның заманауи талаптарына сай ең алдымен сапаға мән берілетін, азаматтары қанағаттандырылатын, мемлекет тұрақтылығы қалыптасатындай етіп қайта құрылуына алып келеді.



Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және институционалды салаларын қоса алғанда, жедел жаңғыртылу сатысында тұр:

- әлеуметтік-экономикалық саладағы қайта жасақтау – экономиканы қайта құрылымдау мен әртараптандыру және тұрғындардың әлеуметтік өмір сүру стандартын жақсартуға бағытталды;

- саяси салада сайлау жүйесіне өзгерістер енгізілді;

- институционалды салада Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатындағы жаңа тұрпаттағы әкімшілік реформалар жүзеге асырыла бастады.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы мен әлемдік қауымдастықтың заманауи сатысында егеменді мемлекеттің тұрақты және орнықты экономикалық өсуі үдерісіндегі жүйелі талдау мен әкімшілік реформаның орны мен рөлін негіздеу өзекті саяси мәселеге жатады. Осыған байланысты, зерттеу мемлекеттік басқарудың жүйелі жаңғыртылуы жағдайында әкімшілік реформалауды жүзеге асырудың мақсаттары мен міндеттерін табу мен ашуға бағытталады.

Қазақстанда әкімшілік реформалауды жүзеге асыру мәселесінің кең ауқымды саяси, ғылыми және қоғамдық маңызы бар. Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық саладағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың өзектілігі мен күрделілігі ғылыми талқылаудың түрлі салаларында үлкен қызығушылық тудыруда. Қазіргі кездегі орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін құрылымдық, жүйелі, атқарылымды реформалауды біріктіру мен ғылыми талдауға айтарлықтай үлкен көңіл бөлініп отыр. Оған қазақстандық және шетелдік авторлардың бірқатар ғылыми зерттеулері, жарияланымдары нақты айғақ бола алады.

Әкімшілік реформасының жай-күйі мен бағыты, оны жүзеге асырудың өзектілігі мен тұрғындардың әл-ауқатының өсуі мен экономикалық прогреске ықпалы туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында ұдайы айтылып келеді.

Өзін-өзі басқаруды дамыту, менеджералды басқаруды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің рейтингілік бағалауын қолдану, нәтижеге бағдарланған қазыналық қаржыландыру үдерістеріне байланысты әкімшілік реформасының жекелеген аспектілері мен үлгілеріне нақты көңіл бөлінеді.

Әкімшілік реформалауды жүзеге асырудың қазіргі сатысы республиканың мемлекеттік басқару жүйесінің Еуропа мен Азияның басқарудың менеджералды нысанына шешім қабылдаудың орталықтандырылған әдісін, басқарудың бюрократтығын жою, нәтижеге негізделген қазыналық қаржыландыру, қызметшілер жұмысының рейтингілік бағасы, шешім қабылдаудың корпоративтік тәсілімен анықталатын нарықтық, бәсекеге аса қабілетті елдерінің басқару стандарттары мен тәсілдеріне сай тұжырымдамасына негізделген.

Бұдан бұрын қабылданып, жүзеге асырылған «Қазақстан – 2030» стратегиясы мен «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттік атқарушы билік жүйесін реформалауды жүзеге асыра бастауды қамтамасыз еткен тұңғыш тұжырымдық негіздеме болды.

Экономикалық дамудың мәселелері мен туындаған қиындықтарына сай ішкі мәселелер, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартудағы әлеуметтік саясат, қаражатты қатаң үнемдеу, мемлекеттік қызметтің жұмысын қағидалы қамтамасыз ету, техникалық-экономикалық жағынан жетілдіру Қазақстандағы әкімшілік реформасының алғашқы баспалдақтары болды.

Әкімшілік реформасы қоғам мен мемлекет қызметіндегі әлеуметтік жобалар мен стратегиялық жоспарларға тәуекелді саясат ретінде емес, саяси басшылық пен Үкіметтің дербес мақсаты мен міндеті түрінде қабылдана бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет