Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет71/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Прокуратура

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келгенбұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.

Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі бес жыл.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік басқару туралы

2. Президенттің өкілеттігі

3. Парламенттің ұйымдық құрылымы

4. Үкіметтің құрамы мен міндеттері

5. Сот жүйесінің қалыптасуы

8.2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалар

Тәуелсіздік алған сәттен бергі Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуының бірінші кезеңі 1990-1993 жылдарға тұспа-тұс келді, және де бұл Қазақстанның өз бетінше дамуы, елімізде мемлекеттік-әкімшіліктік жүйенің дербес негіздерінің қалыптасуы белгілері бойынша жүзеге асырылды. Осы кезеңнің басты сипаты болып табылатын негізгі өзгерістер жаңа жүйені құруға емес, керісінше қалыптасып қалған ескі жүйені бұзуға бағытталды. Осындай жағдайларға байланысты, сол кездері қалыптасқан маңызды оқиғалардың мәні, сол дәуірде орын алған барлық қоғамдық қатынастар жүйесіндегі тоталитарлық басқару жүйесін өзгерту мен түбегейлі реформа жасауға бағытталды. Нарықтық жолға түсу дегеніміздің өзі мемлекеттің нарыққа араласуын қысқарту дегенді білдірді.

Өзіміздің мемлекеттік құрылысымызды жүзеге асыруға мүмкіндік берген алғашқы тұжырымдамалық құжат 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ Кеңестік Соцалистік Республикасының «Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы» болды. Дәл осы кезеңнен бастап егеменді Қазақстан елінің жаңа мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасуының тарихы басталады.

Осы сәттен бастап Қазақстандағы мемлекеттік билік заң шығарушы, сот ісі және атқарушы билік деген қағидаттар бойынша жүзеге асырыла бастады. Республиканың басшысы жоғары басқарушылық-атқарушылық билікке ие Президент болды. Президент қызметі 1990 жылдың 24 сәуіріндегі «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР  Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ КСР-нің Заңы негізінде бекітілді. Заң шығару билігі Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінде жүзеге асырылды. Сот билігі Жоғарғы соттан төменге дейінгі тік сот жүйесіне тәуелді болды.

1990 жылы 20 қарашада «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік билік құрылымы мен басқаруды жетілдіру және Қазақ КСР-інің Конституциясына (Негізгі Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңға қол қойылды, заңға сәйкес Қазақ КСР-ы Президенті атқарушы және жарлық шығарушы жоғары билік иесі болып табылады, сонымен бірге Президент ұсынысымен Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінде сайланатын Қазақ КСР Вице-Президенті қызметі де белгіленді. Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды.

Сонымен қатар, 1991 жылдың желтоқсанынан 1993 жылдың қазанына дейінгі аралықтағы айтарлықтай уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес заңды түрде биліктің жоғары органы ретінде қызмет атқарып, шын мәнінде заң шығаруға, сыртқы және ішкі саясатқа ықпал ету мен Үкіметті бақылап отыру мүмкіндігіне ие болды. Қалыптасқан мұндай жағдай бірқатар қазақстандық зерттеушілердің аталған кезеңде елімізде парламенттік республика орын алды деген пікірде болуына мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, осы кезеңде Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өте мықты орталықтанған болатын, бұл шартты түрде мемлекет негізінің қалыптасуы және кең ауқымды нарықтық қайта құруларды жүргізу сияқты факторлардан көрінді. Осылайша аталған кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінің негізі қаланды.

Іс жүзінде қайта қалыптасқан мемлекеттік басқару құрылымы барлық деңгейдегі мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыруда жаңа тәсілдемелерді талап етті. Сонымен аталған кезеңде мемлекеттік ұйым қызметінің Қазақстан үшін үйлесімді үлгісін іздеу бастау алды.

1993-1995 жылдарға сәйкес келген мемлекеттік басқару жүйесі дамуының екінші кезеңі 1993 жылы 28-қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясының қабылдануына байланысты саяси және қоғамдық жүйедегі өзгерістермен сипатталады. Осы кезеңде заң жүзінде билікті тармақтарға бөлудің базалық қағидаты бекітілді. Еліміздің негізгі заңына сәйкес өкілетті, атқарушы және сот органдары мемлекеттік биліктің жеке тармақтары ретінде тағайындалды. Бұл Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздіктің құрылуының негізін салып қана қойған жоқ, сонымен қатар, мемлекеттік-басқару жүйесіндегі құрылымдық реформаның бастауының да негізін қалады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесіне бейімдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне қатысты да өзгерістер жасалды. Жоғарғы Кеңес Президиумы тарқатылып, еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы болып құрылды. Сонымен қатар, ол кең өкілеттікке ие болды, нәтижесінде Президент пен атқарушы билік қызметіне араласу құқығын иеленді. Жаңа Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес өкілеттігінің қызметі бұзылды, сонымен қоса бір палаталы Парламент те мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына байланысты заңнамалық ауқымды жұмыс көлемін атқара алмады. Аталғандардың барлығы 1993 жылдың соңында Жоғарғы Кеңестің өздігінен тарауына алып келді.

1994 жылы жаңа Жоғарғы Кеңес құрамына сайлау жүргізілді, дегенмен де бір жыл өткен соң l995 жылы наурызда Жоғарғы Кеңестің жаңа құрамы заңсыз деп танылып қайтадан таратылды. Осындай жағдайлардағы парламенттік дағдарыс сипатына орай 1995 жылы көктемде жаңа Конституция жобасын дайындау қолға алынды.

Жалпы алғанда, М.С. Әшімбаевтың пікірінше, екінші кезең өкілетті органдардың өкілеттіктері шектелген уақытта басқарудың күлкілі нысаны (жартылай президенттік) түріндегі сипатқа ие болды. Дегенмен де Конституцияда басқарудың президенттік нысанының белгіленгендігі айтылмайды, бірақ онда президенттік республиканың маңызды бастаулары мен белгілері көрініс табады.

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың үшінші кезеңі 1995 жыл мен бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтып отыр. Бұл кезең мемлекеттік институттар жүйесіндегі реформаларды жалғастыру мен Қазақстанның мемлекеттік-саяси құрылымындағы бүгінгі желісін құру үдерісінің құрылуымен сипатталады. Сөз болып отырған үшінші кезең өз бауын 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция қолданысқа ену мерзімінен алды. Жаңа Конституцияға сәйкес екі палаталы Парламент (Сенат – жоғары палата, Мәжіліс – төменгі палата) құрылды. Конституция бойынша басқарудың президенттік нысаны енгізілді. Президентке барлық үш билік тармағына байланысты әрекеттерді жүзеге асыруға конституциялық өкілеттік берілді.

Осы жылдары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған дәйекті іс-шаралар мемлекеттік басқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасауға, сонымен бірге үйлесімді қызмет пен барлық билік деңгейінің өзара байланысын орнатуға айтарлықтай мүмкіндік болды.

Еліміздің Конституциясында көрініс тапқан мемлекеттік басқару жүйесінің негізі болған қағидаттар мемлекеттік басқарудың жекелеген жүйесін реттеп отыратын бірнеше конституциялық заңдардың, сонымен қатар бірқатар басқа да нормативтік құқықтық актілердің қабылдануымен нақтылана түсті.



Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының 3 бөлігінің «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» атты 5 тарауында:

«Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол  қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.

2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдау.

Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайту.

Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстыру. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру.

Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасы ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер беріліп, олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейту.

Сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды,  жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту үшін мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу. Осылайша, азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайланбалылықпен қамту. 

Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласуын қамтамасыз ету мәселелері тұр» деп атап көрсетілді.



Сондай-ақ, Президент халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат  қалыптастыру міндеті тұрғанын айта отырып былай деді:

«Мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсарту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет