Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет85/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту. Бұл орайда орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп мен реттіліктің төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс. Оған жол беруге болмайды».

Осылайша орталықсыздандыру жұмыстары бүгінде де Елбасының ерекше бақылауында тұр. 2013 жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Министрлер Кабинетіне салықтық базаның өсіміне әкімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында жергілікті деңгейде шағын бизнес салықтарының бір бөлігін беру, сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті одан ары шектеу мәселесін қарастыруды тапсырды. «Орталықсыздандыру бойынша жұмыстар болашақта да жалғасатын болады әрі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында қалады»,- деді.

Сонымен, билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі Қазақстан жағдайында, біріншіден, азаматтық қоғам дамуының тірегі болса, екіншіден, ол сол азаматтық қоғамның жетілу дәрежесі. Орталықсыздандыру уақыт талабы. Өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, билікке халықты да қатыстыру қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Орталықсыздандыру үдерісінің мәні

2. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы

3. Қазақстанда орталықсыздандыру жүйесінің енгізілуі

9.2 Жергілікті мемлекеттік басқаруды жетілдіру

Жергілікті басқару туралы ғылымның пайда болуы қоғамдық қажеттіліктерден туындады. Жергілікті басқарудың қалыптасуы, дамуы мен жетілуі, әсіресе әлеуметтану, экономика, құқық түрғысынан ұзақ және күрделі үдеріс екені халықаралық тәжірибеде дәлелденді. Жергілікті қоғамдастық пен өзін-өзі басқару негіздері жөніндегі ілім Еуропаның көптеген елдерінде және АҚШ пен Жапонияда муниципиалдық реформалар нәтижесінде XIX ғасырда басталды. Ал қоғамдасып басқару дәстүрі ғасырлар бойы қалыптасып келді, ол – антикалық демократияда да, ортағасырлық селолық және қалалық қоғамдастықта да көрініс тапқан еді. Жергілікті басқарудың тарихи тамыры «бәріміз жабылып» дейтін ережеге бағынған барлық халықтардың өмір сүру тәртібінде көрініс беріп келді. Жергілікті басқару тұжырымдамасының дүниеге келуіне Ұлы француз төңкерісі үлкен әсер етті. Ол жоғарғы билік жүйесіне ғана өзгерістер әкелген жоқ, орталықтың мықты бюрократтық бақылауынан еркінірек жүйеге көшу ниетінен туған жаңа түрдегі жергілікті басқару саласын да дүниеге әкелді.

Жергілікті басқару дегеніміз өкілетті және атқарушы билік органдарының белгілі бір аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуге арналған, өзінің өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалған басқару кызметі.



Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабына сәйкес халық билікті:

тікелей (яғни республикалық референдум, еркін сайлау);

мемлекеттік басқару органдары;

жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару – халықтық биліктің тағы да бір нысаны ретінде көрінеді.

2001 жылғы 23 қаңтарда №148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған кейіннен бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда мынадай негiзгi ұғымдар көрсетілген:

- жергілікті мемлекеттік басқару;

- жергілікті өзін-өзі басқару

- әкім; 


- жергілікті атқарушы орган (әкімдік); 

- жергілікті қоғамдастық; 

- жергілікті маңызы бар мәселелер;  

- жергілікті өкілді орган (мәслихат);

- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары.

Заңға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл шегiнде жеке жүзеге асырылады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтiң, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың әкiмi мемлекеттiк басқару атқарымдарымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының атқарымдарын да жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет