Мемлекеттік басқару



Дата27.03.2020
өлшемі17,94 Kb.
#60918
Байланысты:
Есжан А.Н. БП 9 семинар

Мемлекеттік басқару

Есжан А.Н.

Коммуникациялық кедергілер және олардың пайда болуының себептері

Коммуникация барысында қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алысу емес, сол ақпаратты қатынас серігінің мүмкіндігінше дұрыс қабыддап түсінгені. Коммуникатордан реципиентке түсетін мәліметтерді талдау тұлғааралық коммуникацияның жеке мәселесі ретінде қарастырылады.

Мәлімдеменің қүрылымы мен мазмұны коммуникатордың жеке түлғалық қасиеттеріне, оның реципиентке қалай қарайтынына, әңгімелесу өтіп жатқан жағдайларға тәуелді болады.

Коммуникатор жіберген мәлімдемелер тұрлаусыз болады: олар реципиенттің жеке психологиялык өзгешеліктеріне, оның сөйлеушіге, сөз мағынасына, ортақтасу жағдайына деген қатынасына орай өзгереді. Мысалы, бастығынан не ұлынан бірдей сөз естіген адам екі түрлі сезімге бөленеді. Бастығының сезін ілтипатпеи тыңдаса, үлының дәл сондай сөзін ашумен қабылдайды. Мұғалімнің сөзін бір шәкірті насихат ретінде қабылдаса, екіншісі құлаққа ілмейді. Бір телебағдарламаны әркім өз саяси көзқарасына, мәдени дәстүрлеріне, рухани құндылықтарына қарай әртүрлі бағалайды.

Ақпаратгы дұрыс қабылдау неге байланысты, тәуелді? Негізгі. себеп –сөйлесу үдерісінде коммуникациялық кедергілердің болуы не болмауы. Коммуникациялық кедергі – қатынас серіктері арасында дүрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады, не мүлдем реципиентке жетпейді.

Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік-мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.



Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық, семантикалық, стильдік, логикалық.

Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектге, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ,тсз, жаңылтпаш, қажетсіз сөздерге толы болған кезде де, тусініспеушілік кедергісі туындайды. /

Мысалы, орыс тілін білмейтін адам Ресейде, бірінің тілін бірі үқпайтын жолаушылар түсініспеушілік кедергісіне тап болады. Мысалы, оңтүстік қазақтары “сым” дегенде шалбарды елестетсе, солтүстік қазақтары электр тогы өткізгішін елестетеді.

Бүндай кедергілерді жою жолы – тілдің сапасын, жылдамдыгын ретке келтіру, шешсндік өнерді игеру.

Семантикалық кедергілер жаргон жоне слэнг моселссімен тығыз байланысты. Ортақтасуга қатысушылардың өзіндік шағын мәдениеттерінде үғымдар мен қүбылыстардың ерскше мән-мағынасы болады. «Сұлулық», «борыш», «тэртіптілік» қүндылықтарын әр микротоп әр түрліше қабылдап түсінеді. Мысалы, оміршіл бастық бағынушылардың үндемей көнгенін қаласа, демократияшыл жетекші қол астындағылардың соз еркіндігін қолдайды. Шашы үзын жігіттер хиппи арасында сүлу болып саналса, қазақ ауылында оларды күлкіге айиалдырады. Ортақтасу барысы нәтижелі болуы үшін өзгелердің семантикалық жүйесін түсінуге тырысу қажет. Әсіресе, бүл педагогтар, дәрігерлер, басқарушылар мен жарнама мамандарына аса керскті қабілет. Олар адамдардың “өз тілінде” сөйлесе, семантикалык тосқауылдарда, бірін бірі түсініспеушілікке жол бермейді.

Түлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз ететін кедергінің келесісі – стильдік кедергі. Стильдік кедергі – коммуникатор мен реципиенттің тілдік стилдері бір-біріне не тілдің стилі ортақтасу жағдаі|ына, реципиенттің көңіл-күйіне сойкес келмеуі. Мысалы, оқушыларға, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болса да, екі түрлі тіл стилі қажет болады. Қайғырып не қуанып түрған адамға бір ақпаратты әр түрлі мәнерде айтуға тура келеді. Коммуникатор неғүрлым сезімтал болса, реципиенттің ахуалын, ортақтасу жағдайын үқынты назарға алса, соғүрлым оныц мәлімдемесі реципиентке дүрыс дәрежеде жетеді. ‘



Логикалық кедергілер – сөйлеуші мен тындаушыиың қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болганда пайда болатын. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар логикасы, әйелдер мен ерлер логикасы, басшы мен бағыныштылар логикасы, т.с.с. Кейде коммуникатордың дәледдері реципиент үшін қиын да күрделі болса, кейде түсініксіз болады. Өз сөзін тындаушыға жеткізу үшін сөйлеуші дөл сол жағдайға сәйкес дәлслдерді пайдаланса, мақсатына жетсді.

Әлеуметтік-мәдени айырмалар кедергілері әлеуметтік, саяси, діни көзқарастарга, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Осындай жайттарға ортактасу барысындағы түсініктер мсн ұғымдарды, сөйлеушінің бейнесін қабылдау тәуелді. Мысалы, тыңдаушы жасы мен әлеуметтік статусы жоғары адамның сөзін ешқандай кедергісіз қабылдаса, беделі төмен кісінің сөзін елемеуі мүмкін.

Қатынас кедергісі – коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемесін де қарсы қабылдау, сенімсіздік сезімін туғызатын коммуникатордын, сөзіне күдікпен қарау.

Кез-келгеи психологиялық кедергі – ақпарат кдбылдау жолында құрылатын реципиенттіц өз-өзін қорғауы. Психологиялық қорганыстың

– 1-жолы – ақпаратты дұрыс қабылдамау не бұрмалау, қарсы пікірлерге көңіл болу;

– 2-жолы – ақпараттың қайнар көзінің құнын төмендету;

– 3-жолы – түсінбеу.

Коммуникациядагы ықпалдау

Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзгенің ақпаратынан алшақтайды? Рсципиентке арналған кез-келген ақпарат мазмүнының астарында оның тәртібіне, ахуалына, сезімдеріне, пікірлеріне, талап-тілектеріне толық не жартылай өзгерту мақсатында ықпал етілсді. Бүл жағынан алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз – ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.

Коммуникациялық ықпалдау шартгары мен түрлеріи талдасақ, оның екі типін анықтаймыз. Коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен қүралдарына орай өміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінсді.

Психологиялык ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді. Әкімшілдік ықпал етуде «жоғарыдан төменге» ұстанымы, диалогта «тепе-тең» ұстанымы жүзеге асады. «Жоғарыдан төменге» ұстанымдағы коммуникатор үшін реципиент бағынышты халде болып, тек еріксіз тыңдап, коммуникатордың сөзін сынсыз қабылдауы керек. Осы бағытгағы коммуникатордың пайымдауынша, реципиенттің өз пікірі жоқ, бар болса да оны коммуникаторға қажетгі бағытта өзгерте салады. «Тепе-тең» ұстанымда тындаушы коммуникатор жағынан ортақгасудың белсенді, өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде қарастырылады.

Коммуникатордың сөздерінің мазмүнына, мәтінінің құрылысына қарай да реципиенттің ахуалы тәуедділікке немесе белсенділікке бағытталады. Әкімшілдік коммуникация кезінде мәтіинің сипаты жалпылама, біржақты болып, мәтін авторының көзқарасы ғана дұрыс деп саиалады. Мәтін тыңдаушыға емес, керісінше, тындаушы мәтінге бағынышты болады. Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтиайды, өзгелердің ойларына сілтеме жасай салады («осындай көзқарас бар», «бұл белгілі жайт», «әдеттегідей»).

Диалог кезінде коммуникатор өзіндік ой-пікірлерді жасырмайды, өз атынан сейлейді, жалпылама сөздерден қашқақтайды. Мәтін қатып қалған аксиома емес, әртүрлі шешімі болатын белгілі бір мәселе ретінде көрсетіледі. Мәтін мазмүны тыидаушыға бейімделіп дискуссиялық сипатта беріледі. Әкімшіл коммуникатор рецидиенттерге дауыс бермейді, олар тек тыңдауы шарт (монофония – бір пікір=бір дауыс). Диалог коммуникациясы о бастан тындаушылардың мәселені талқылауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындайды.

Коммуникациялык кеңістікті үйымдастырғанда әкімшілдік түрінде реципиентер тек лекторды ғана көруге рұқсат, диалог коммуникациясы бойынша олар бірін-бірі және коммуникаторды көре алады.

Коммуникатордьщ қимылдары, ым-ишаралары әкімшілдік жағдайда тыңдаушыларды басуға, бағындыруға арналған: мінберде тұрып сөйлеу, микрофонды, жұдырық пен сұқ саусақты, жабық позаларды пайдалану.



Бүған қарама-қарсы диалог коммуникациясы кезінде ашық қимылдар мен ым-ишаралар, еркін позалар жүзеге асады, коммуникатор реципиентпен бір деңгейде болып тең адамдар әңгімесін жүргізеді.

Бірақ, диалог коммуникациясы ең жақсы, ең заманауи, ең керекті деген жалған түсінік қалыптасуына жол бермеген жөи. Қажетті мезгілде әкімшілдік коммуникациясы да тиімді бола алады. Мысалы, әскери, соғыс, төтенше жағдайларда. Әкімшілдік ықпалы тез арада жеке адамдарды бір міндетті шешуге жұмыддырса да, олардың жеке түлғалық қасиеттеріне, психикалық құрылымына (пікірлеріне, ұстанымдарына) қатты әсер етпейді. Диалог, керісінше, тыңдаушының тұлғалық қүрылымына тікелей әсерін тигізіп, оларды озгерте алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет