Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру
Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы. Қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру. Дербес дамудың дара жолын айқындау. Дамудың қазақстандық үлгісі. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы заң. Елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және оның маңызы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту. Әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және күшейту.
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, орталықсыздандыру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң. Еліміздің саяси жүйесінің жаңа құрылымының қалыптасуы. Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару.
Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым.
Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.
Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы. Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы»: негізгі құндылығы және бірегейлігі.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Елбасы идеялары – ұлттық құндылық. Тәуелсіздіктің тұғыры – «Елбасының Қазақстан жолы», ал түпкілікті мақсат – Мәңгілік ел болу.
Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі және болашаққа ынталандырушы.
Достарыңызбен бөлісу: |