Мемлекеттік емтихан бағдарламасы


Қазақстан - әлем мойындаған ел



бет20/23
Дата08.05.2020
өлшемі74,91 Kb.
#66732
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ПРОГРАММА ГЭК Каз.зам.тар

Қазақстан - әлем мойындаған ел.

Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы. Белсенді, сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыру. Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан Республикасының бағыты - халықаралық қатынастарда қауіп-қатерді азайтуға ұмтылу.

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері (2003 ж.). Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. ЕҚЫҰ позициясының нығаюы, ұлттардың әлемдік қауымдастығы тарапынан осы басты саяси ұйымға сенім мен құрметтің күшеюі. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға. ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған
Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.). СВМДА қатысушы мемлекеттер сыртқы саясат ведомостысы басшыларының түңғыш кездесуі. «СВМДА мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу принциптерінің Декларациясы» (1999 ж.). СВМДА қатысушы елдер басшыларының тұңғыш саммиті, терроризмді аластау және өркениеттер арасындағы диалогке ықпал етудің Алматы актісі мен СМВДА Декларациясы (2002 ж.).

Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИЕСЕФ, ЭКОСОС т.б. халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ МБР, МВФ, (ЕХЫҰ) мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ОЭС, ЦАЭС, ОДКБ, ШОС сияқты ғаламдық және регионалдық масштабтағы интеграциялық процестерге қатысуы. Алматыдағы Бейбітшілік және келісім туралы тұңғыш халықаралық конференция, оған қатысушылар қабылдаған «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа» Декларациясы (2003 ж.). Астанадағы Европа қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының саммиті (ЕХЫҰ) (2010 ж., желтоқсан).



Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жәйі. Ядролық энергетиканы дамытудың келешегі. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.

Еуразия идеясының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың заманауи түсінігінше дамуы, оның Еуразия халықтарының ортақ игілігі үшін өзара тиімді, тығыз өзара қатынастардың қажеттігін негіздеуі. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Еуразиялық экономикалық одақ: теория және шындық. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру. БЭК-тің келешегі. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары. Елбасының ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт жоспары «бес институтциональдық реформа және 100 нақты қадамды» жүзеге асыру жолдары, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, елде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жолдары, индустрияландырудың екінші кезеңін және экономикалық өсімді жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайту және т.б. Қазақстанның қазіргі күрделі кезеңдегі жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауабы сонымен бірге жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет