Мемлекеттік емтихан бағдарламасы


«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы



бет19/23
Дата08.05.2020
өлшемі74,91 Kb.
#66732
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ПРОГРАММА ГЭК Каз.зам.тар

«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.

Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасының қабылдануы. Қазақстан тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруы. Қазақтардың ұлттық тарихының маңызын айшықтау. Ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи деректерді сараптау. Шет елдердегі зерттеулерді қолдану. Аймақтардағы мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту. Халыққа тарихи патриотизмді сіңіру.
Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы

Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы. Мәселенің деректік негіздері мен тарихнамасына Қазақ хандығының құрылуына жаңаша көзқарастың пайда болуы. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандарының мемлекеттік қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы.

Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы. Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет