Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі



бет3/4
Дата12.10.2020
өлшемі29,26 Kb.
#64776
1   2   3   4
Патриотизм ұғымына енетіндер:

- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтық көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;

- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;

- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;

- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.

Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ:



  • Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтіреді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.

  • Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.

  • Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.

  • Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.

Осы тәрбиелер байланыстылығының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты екенін айта отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбилеуде маңызы өте зор екенін дәлелдеуге болады.Балалардың айнала қоршаған ортаны, әлемді танып, оларды өз ата мекендерінің мүшесі ретінде білу мүмкіндігін бастауыш білім беру мен тәрбие беру үрдісінде іске асырылады. Бастауыш мектепте ұлтжандылық тәрбие беруде ұйымдастырылған жұмыс түрлері балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Оқушылардың танымдық құштарлығын ескере отырып сабақтың мазмұнын халық педагогикасымен байланыстырып, ұлттық мінез-құлықтың нәрін себу арқылы олардың бойында ұлтжандылық сезімін ояту мен дамыту керек.

Өз класымда ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі тәрбие сағаттары жүргізілді. «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш» «Тіл тағдыры ел тағдыры», «Табиғат ана өз анаң», «Менің құқығым», «Халық таңдаған Президент» , «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ»,Отан үшін от кешкендер», «Тәуелсіз елдің ұланымын»т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет