Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолданылды. Монархияға қарсы күресіп революцияны қорғаушыларды патриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -Отанын сүйіп, оның қуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, Отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген.
Халқымыздың біртуар азаматы, батыры, дара тұлға Б.Момышұлы ұлтжандылық ұғымына «Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды жеке адамың өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасын барлық жағынан біріктіреді» деп, терең әрі жан-жақты анықтама берген.
Достарыңызбен бөлісу: |